26Қыркүйек2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

2020 жаңа индустрияландыру

   ҚазАқпарат - Шымкенттегі «КазМедПрибор» компаниясының медициналық жиһаздар мен жоғары технологиялық электронды жабдықтар шығаратын өндірісінің салтанатты ашылуы болды. Аталмыш нысан еліміз бойынша тұңғыш рет қолға алынып отырған сала болып табылады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды. 2012-2013 жылдар аралығында «КазМедПрибор» компаниясы қолданыстағы өндірісті жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде жаңа өндірістік кешен құрылды. Жоба үдемелі индустриялық-инновациялық даму, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары мен өңірдің Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асты. Құны 350 млн. теңгені құрайтын өндірістік кешенде 240 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік тумақ. Жобаның маңыздылығы ескеріліп, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 1-ші бағыты «банктердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау» бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілді. Аталған жоба медициналық мекемелерде тозығы жеткен және сапалық ескірген аппаратураларды ауыстыруға септігін тигізіп, жоғары технологиялық бағыттағы әлемдік деңгейдегі медициналық техникалар шығаратын отандық өнеркәсіптің дамуына ықпал етеді. Медициналық бұйымдардың ішкі нарықтағы көлемі өткен жылы 6 млрд. теңгеге жуық болса, ондағы отандық өнімдердің ақшалай үлесі 10% ғана құрады. Ұсынылатын өнімдер бойынша республикада жүргізілген маркетингтік зерттеулер шығарылатын медициналық техникалардың түрлеріне сұраныстың үлкен екенін көрсетті. «Кәсіпорында елімізде теңдесі жоқ және халықаралық стандарттарға сай бірегей медициналық жабдықтар шығарылады. Олардың қатарында рентген-аппараттары, УЗИ-аппараттары, эндоскопиялық хирургияға арналған бейнекешен, ота жасауға арналған столдар мен шырақтар, медициналық консолдар, электркардиографтар, пульсоксиметрлер, пациент мониторы, фетальды мониторлар мен доплерлер, ауа…

Толығырақ ...

  АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Соңғы үш жылда инноваторлардың 396 идеялары мен жобаларын жүзеге асыруға Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік желісі бойынша мемлекеттен іс жүзінде көмек берілді. Осының барлығы да президенттік елді индустриалды даму бағдарламасында қарастырылған. Инновациялық даму үрдісінің үйлестірілуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу және мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру мақсатымен құрылған Агенттік коммерциялау жүйесін, инновациялық инфрақұрылымның тиімділігін дамыту, инновациялық жобаларға инвестициялық қолдау көрсету және инновациялық қызметті көпшілікке таратуда ел дамуына елеулі үлес қосып келеді. 2010-2013 жылдар аралығында инновациялық гранттар бойынша 1097 жоба қарастырылды. Жалпы құны 9 млрд. теңгені құрайтын 173 жоба қаржыландыруға сай деп танылды. Сонымен қатар, 7 қазақстандық венчурлық қор құрылып, 18 инновациялық жобаны қаржыландырды. Айта кету керек, 2010-2013 жылдар аралығында тиімді инновациялық инфрақұрылым жасақталды. Оның құрамына 8 технопарк, 4 конструкторлық бюро, 21 коммерцияландыру кеңселері, 5 аймақтық коммерцияландыру кеңселері мен халықаралық деңгейдегі 2 технологиялардың трансферті орталықтары кіред

Толығырақ ...

  АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанда ішкі жалпы өнімдегі энергия сыйымдылығын 2015 жылға қарай кемінде 10 және 2020 жылға қарай 25 пайызға төмендету болжануда. Бұл «Энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру туралы» Заңды және 2011-2015 жылдарға арналған энергия тиімділігі бойынша кешенді жоспарды қабылдауға байланысты орын алатын болады. Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыра отырып, қазіргі күні, 2,8 млрд. теңгені үнемдей алдық. Мемлекеттік энергетикалық тізілім қалыптастырылған, оған 2000-нан астам өнеркәсіптік кәсіпорын мен 28000 мемлекеттік мекеме кірді. Негізгі 30 ірі кәсіпорынға энергия аудитін жүргізу жоспарлауда, 50 кәсіпорында энергия менеджменті жүйесі енгізілуде. Елдің 200-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорындарында жаңғырту жүруде және 300 млрд. теңгеден астам инвестиция салу жоспарлануда. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы осы іс-шаралардан шамамен 3 млн. м.э.н. (мұнай эквивалентідегі тонна) мөлшеріндегі энергия ресурстарды үнемдеуден тиімділік алу жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР ИЖТМ энергия үнемдеу саласында «Энергия тиімділігі - 2020» бағдарламасын әзірлеуде. Сондай-ақ, «Энергобаланс - 2020» бағдарламасы да дайындалуда. 2012-2015 жылдарға арналған энергия тиімділігі бойынша кешенді жоспар аясында 100-ден астам отандық энергия аудиторлары мен энергия менеджменттері дайындалды. 2012 жылы Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Энергетикалық менеджмент» атты жаңа мамандық ашылды. Осы мамандық бойынша аталмыш университетте 27 адам оқытылуда.

Толығырақ ...

5 шілде. Санайғақ. Қазақстандық қамтуды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысында жергілікті контент өсімі 1 трлн. 700 млрд. теңгені құрап отыр.

Толығырақ ...

    АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық үлесті дамыту бағдарламасы жаңа өндірістердің өсімін ынталандыруға, білім мен технология трансферін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.  Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде инфрақұрылымдық өзгерістер орын алады, жұмыспен қамтудың деңгейі мен қазақстандық мамандардың құзырлық деңгейі арта түседі. Қазақстандық үлес дегеніміз - еліміздің аумағындағы кәсіпорындар пайдаланатын қазақстандық тауарлардың, қызметтер мен еңбек ресурстарының құндық мазмұндағы үлесі. Яғни, бұның өзі - Қазақстанның технологиялық және индустриялық-инновациялық даму деңгейінің индикаторы.  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қазақстандық үлесті арттыру саясатын іске асыратын жұмыс органы «Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі NADLoC ұлттық агенттігі» болып табылады. Агенттіктің басты міндеті - отандық өндірушілерді ішкі нарықта ілгерілетуге жағдай жасау. Агенттіктің басқарма төрағасы Қайрат Бектүргенов былай дейді: «Кеден одағы жағдайында және Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылудың қарсаңында қазақстандық үлесті дамыту мәселесінің өзектілігі арта түсуде. Біз, мысалы, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау, Индустрияландыру картасы аясындағы жобаларға жергілікті мазмұн бойынша сараптама жасау кезіндегі шығыстарды өтеуге негізделген мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктерін ұсынып отырмыз. Біз отандық өндірушілерді бастамашы болуға, алға қарай дамуға үндейміз».

Толығырақ ...