30Мамыр2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Елбасы Н.Ә.Назарбаев республиканы əлемдегі бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойғаны баршамызға белгілі. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім. 
Бүгін 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойларына орай, жаңадан салынған Монтайтас ауылдық округі Қабылсай елді мекеніндегі 150 орындық Қабылсай атындағы жалпы орта мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Білім ошағының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі М.Қадырбек, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Қ.Әбдіхалық, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанев, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. 
Аталған мектептер заманауи құрал-жабдықтармен, компьютер кабинеті, физика-химия кабинеттері мен интерактивті тақта және оқушыларды еңбекке баулитын арнайы кабинеттер талапқа сай жабдықталған.
Ашылу рәсімінде қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар ,бүгін Арыс қаласының білім беру ошақтарында «Елін сүйген, Елі сүйген–Елбасы» тақырыбында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар өтті.
Іс-шараның мақсаты жас ұрпаққа Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру, елін, отанын сүюге тәрбиелеу болып табылады.
Аталған тәрбие сағаттарда оқушыларға Елбасының өмір жолына арналған көрмелер ұсынылып, бейнероликтер көрсетіліп, жас өнерпаздардың концерттік бағдарламалары ұйымдастырды.

Толығырақ ...

«25 жұлдызды күн». Акция аясында кентаулықтар да ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойын есте қаларлықтай етіп, тойлауда. Тоқырау жылдары тұрмысы шатқаяқтаған қаланың қазір еңсесі тік, перзенттерінің қадамы нық. Толқынды толқын қуып, өсіп келеді.
Мерейлі той қарсаңында шағын қалада көрме ұйымдастырылды.  Бірнеше жас қолына Қазақстан азаматы екенін айғақтайтын құжатын алды.
Оң-солын танып, он алтыға толғандарға құрмет қаладағы Шәмші Қалдаяков атындағы мәдениет сарайында көрсетілді. Еліміздің жас тұрғындары алғашқы құжаттарын салтанатты шарада алғандарына мәз-мейрам. «Бұл егемендікке бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырдық, - деді қала басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев.
Әбдібақыт Мақұлбаев – Кентау қаласының әкімі
- Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз. Бүкілхалықтық мерекеге орай өткен шараның жастардың бойында отансүйгіштік сезімін нығайтуға сеп боладыАз уақыттың ішінде біздің еліміз үлкен жетістікке қол жеткізіп отыр.
Азамат атану – үлкен жауапкершілік. Кешегі тұлымшағы желбіреген ойын баласы бүгінде өздерінің ес жиып, еңсе тіктегендерін сезініп тұр. Төлқұжат тапсыру салтанаты кенді мекенде айтулы мерейтой қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Елім деп ерлеген батырларымыздың арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130-дан астам түрлі ұлт өкілдерінің ауызбіршілігі асқақтаған өлкеде, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүру - әрбір перзент үшін бақыт әрі мақтаныш.
 

 

Толығырақ ...

Жаңа ғасырға аяқ басқан Жаңа Қазақстан. Отандық кәсіп - мақта шаруашылығы арқасында жаһанға танылған Мақтарал ауданының халқы да мерейлі той шаттығын еселеуде. «Ұлы дала елі-тәуелсіздіктің 25 негізі» атты «25 жұлдызды күн» акциясы аясында мұнда да ауқымды көрме ұйымдастырылып, көпшілік ширек ғасырдың жетістігіне куә болды.
Сурет көрмесі сан таланттың шығармашылығын паш етті. Жетісайдағы  Құрманбек Жандарбеков атындағы драма театрының  фоэсі – еліміз өткен бел-белестерден хабардар етті. 500-ге жуық туынды - азаттық алған  жылдардағы   халықтың әл-ауқаты мен  әлеуметтік экономикалық дамуына таразы іспеттес.
Шараны аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімдері  ұйымдастырды. Еселі еңбектің ең ауқымдысы шығармашылық иелеріне түсті.
Ғалымжан Исмаилов – Мақтарал ауданының әкімі
-Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары аудан бюджеті 60-70 мың болған екен. Қазіо 125-130 есе өсті. Өазір 32 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл да үлкен өзгерістер.
Жылнамалық, шежірелік һәм шығармашылық көрмені ауданға  келген  қонақтар мен  қала  тұрғындар  да тамашалай алады.  Туындылар желтоқсан айының 17-не дейін көпшіліктің көз жауын алмақ.
Қарашаның 21-і  мен желтоқсанның 15-і  аралығында өтетін «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн акциясы «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Мемлекеттік рәміздер», «Мемлекеттік шекара», «Мемлекеттік тіл», «Жаһандық бастамалар», «Азаматтық қоғам», «Бірегейлік және бірлік», «Ұлттық валюта», «Ядролық қарусыз әлем», «Ұлы дала елі» ұлттық тарих күні», «Қазақстан Республикасының Президенті институты», «Отбасылық құндылықтар», «Ұлт саулығы», «Спорт жетістіктері», «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «Индустрияландыру», «Нұрлы жол», «Нұрлы Болашақ», «Білім», «Әлеуметтік жаңғырту», «ЭКСПО «жасыл» технологиялары», «Мәдениет және руханият», «Қуатты Қазақстан - қуатты өңірлер», «Астана», «Мәңгілік Елдің» мәңгілік құндылықтары»  сынды түрлі атаулармен Тәуелсіздік  жетістіктерін баяндайтын 80-ге жуық тағылымы мол жиын, мерекелерімен жалғасын табатын болады.
 

 

Толығырақ ...

Созақтық жас өрендер киелі орындарға саяхат жасап, елжандылық сезімін нығайтты. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық білім бөлімі мектеп оқушыларына арнайы тарихи-танымдық бір күндік саяхат ұйымдастырды.
Мақсаты – қазақ елінің ежелгі астанасымен, өркениет мәдениетімен, ертеден қазақ халқы тәу етіп, зиярат еткен құтты мекен – Түркістан тарихымен таныстыру болды.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектеп оқушылары тарихы тұнып тұрған рухани өлкеге саяхат жасады. Тарихи орындарды аралап көру мүмкіндігіне 162 оқушы ие болды.
Нұрәділ Айдаров – Созақ аудандық білім бөлімінің басшысы
- Бүгінгі жастар - ертеңгі болашағымыз. Қазір барлығы осы жастар үшін жасалынып жатыр. Міне, тарихи маңызды сәтте киелі мекенге іс-сапарға шыққалы жатырсыздар.
Танымдық іс-шара барысында оқушылар ер түріктің бесігі атанған қаланың қасиетті орындарында болып, тарихи жәдігерлермен танысты. Туған өлкесін тануға келген оқушылар ұйымдастырушылар алқасына дән риза. Саяхат барысында Арыстан баб кешеніне, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне, Ұлы қорған мен тарихи археологиялық ескерткіштерде болған олар үлкен әсер алғандарын жеткізді.
Әлина Мырзағали – Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы
- Тарихи жерлерді таныстыру және насихаттау мақсатында Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне келіп отырмыз. Осындай саяхатты ұйымдастырған Созақ әкімдігіне алғысымды білдіремін.
Нұржан Алмаш – Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі
- Біз осы жастарды осындай тарихи орындарды аралатуға әкеліп, олардың бойында патриоттық тәрбиені нығайтып отырмыз деп айта аламын. Біздің оқушыларымыз аудан көлемінде осы тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында жоспарланған барлық іс-шараларға белсенді түрде атсалысып жатыр.
 «Ізденімпаз ұстаз, білімді оқушы – мектептің жүрегі». Осылай деген мұғалімдер қашанда білімді жастарды қолдауға дайын. Сондықтан да бүгінгідей шараны дәстүрге айналдырмақ ниетте.
 

 

Толығырақ ...

Келер жылдан бастап, мектеп бітіруші түлектер жоғары оқу орнына түсу үшін сынақ тапсырғанда эссе жазуы тиіс. Осыған оқушыларды дайындау мақсатында облыстық білім басқармасы оқушылар арасында «Мен Қазақстандықпын» шығарма байқауын ұйымдастырды.
Менің  Отаным - Қазақстан. Мен - қазақпын. Қазақ болып туылдым.
Мен - Қазақстан деген байтақ елдің ұланымын. Қазақстанды гүлдендіруге, өркендетуге  келешекте еңбек етемін – дейді мектеп оқушылары.  Әрине әрбір Қазақстандық осылай армандауы қажет.
Бүгінгі өткен  «Мен Қазақстандықпын» шығарма байқауы жастардың бойында осы қасиетті қалыптастыру арқылы, мектеп оқушылары арасында шығармашылық қабілеті бар жастардың мүмкіндігін шыңдау болып табылды. Білімді, қабілетті жастардың кітап оқуға деген ынтасын да арттыруға мұндай шаралар өз септігін тигізері анық.
Оған аудан, қалалардағы білім бөлімдері ұйымдастырған сайыста озық көрсеткішке ие болған оқушылар мен «Дарын» мектептерінен 48 оқушы қатысты. Қатысушыларға қойылған басты талап – еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін насихаттау. Ал, жеңімпаздарды анықтау үшін олардың шығарма жазу кезіндегі логикалық ойлау шеберліктері мен сөз саптаулары назарға алынды. Сонымен қатар, оқушылардың жазу машықтарына да мән берілді. Осындай сындардан сүрінбей өткен қатысушылар үздік деп танылып, арнайы алғыс хаттар мен марапатталды.

Толығырақ ...