24Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Тұңғыш Президент күні мерекесін түркістандықтар ерекше әсермен атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік шара Түркістан қаласындағы сазды драма теарында ұйымдастырылған. Осы театр әртістері шара басталған соң шағын қойылым ұсынып, Елбасының ел билігіне кіріскенде жүрегіндегі аласапыран күйімен арпалысатын сәтін сахналады. Көрермендердің қызу қолдауына ие болған шағын көрініс көпшілікке ерекше әсер қалдырды.Осылайша бастау алған мерекелік жиында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков пен қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, жұртшылыққа ыстық лебіздерін жеткізді. Салтанатты жиында Елбасы жайында арнайы әзірленген фильм көрсетіліп, ұлт көшбасшысының әндері шырқалды. Айта кетейік, түркістандықтар мұның алдында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай «Түркістан және Елбасы» көрмесінің ашылу салтанатын өткізген болатын. Көрме экспозициясында қорық-мұражай қорынан мерекелі күннің маңызын аша түсетін 50-ден астам жәдігерлер қойылған. Айта кетейік, Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев барша жұртты ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. «Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалатын ғаламат жобалар 25 жылда жүзеге асты. Халық пен мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту сіздер мен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе деп есептеймін. Елбасымыз ата-бабаларымыздың Тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, мемлекет басшысың тарих үшін қысқа мерзімде Қазақстанның жаңа астанасын салып, шығыс пен батыстың мәдениетін үйлестірген бірегей орталыққа айналдырды. Орайы келгенде айта кетерлігі, Елбасы мен Түркістанды егіз ұғым дер едік. Өйткені «Қазақстанның рухани орталығы» деп, мемлекет басшысының өзі атап өткендей Түркістан қаласы Президентіміздің назарынан бір сәтке де тыс қалған емес. Осы Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Түркістанға 13 рет келіп, 6 мемлекеттің Президенттерін Түркістанда қабылдады. Әрдайым өңіріміздің қасиетін тілге тиек етіп, Түркістанды түлетуге деген ықыласы ерекше. Соның нәтижесінде Тәуелсіздігімізбен қатар бой көтерген Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті бүгінде Түркістанды түркі әлемінің білім орталықтарының біріне айналдырды»,-деп атап өтті қала әкімі өз құттықтауында.

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Мәдениет сарайында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және 1 желтоқсан - ҚР тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекенің мәні мен маңызын ашу, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын насихаттау мақсатында қойылған көрмеге тұлғаның кітаптары, Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметіне арналған жаңа жинақтар да қойылған. Ұйымдастырушылар оқырмандарға егемендігіміздің ширек ғасыры ішіндегі жетістіктермен қатар Елбасының әлем елдеріне жасаған жұмыс сапарлары кезінде сөйлеген сөздерімен де танысуға мүмкіндік беріп отыр. Мереке күні оқырмандарға ұсынылған көрменің ашылуына аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, көпшілікті ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында атап өтіп отырған 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Құттықтау сөзінде аудан әкімі «Елбасының дана саясатының арқасында Астананың арқа төсіне қоныс аударуы мемлекетіміздің тұтастығын нығайтты. Осының арқасында миллиондаған отандасымыз болашақтың қандай болатынын көз алдарына әкеліп, сол жарқын болашақ үшін тынбай еңбек ету қажеттігін түсініп, ортақ іске құлшынды» деп атап өтіп, ҚР тұңғыш Президенті өзінің жас та тәуелсіз елін әлем алдында зор абырой мен беделге ие, жүзі жарқын, еңсесі тік мемлекетке айналдырғандығын жеткізді.

Толығырақ ...

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлты қазақ азаматтардың аты-жөнін ресімдеуді реттеу мәселелері» тақырыбында кеңейтілген семинар-кеңес өтті.
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған шараның түпкі мақсаты – тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау арқылы мемлекеттік тілге деген құрметті қалыптастыру, төлқұжаттағы тегіміздің дұрыс жазылуын насихаттау және халықты құжаттандыруға жауапты мекемелердің қызметімен етене танысып, кеңес дәуірінен қалған аффикстерден арылу бағытындағы кедергілерді талқылауды көздеді.
Жиынға облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, өңірдегі тіл жанашырлары, облыстық әділет департаменті мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен  белсенді жастар, жас ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық басқарма жүйелі түрде аймақтағы ұлты қазақ азаматтардың аты-жөніне байланысты мектеп оқушыларымен, жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлармен жалпы қалың жұртшылықпен тығыз байланыс жасап, үгіт-насихат шараларына ұйытқы болып келеді. Осындай игі істердің нәтижесінде соңғы үш жылда дүние есігін ашқан сәбилердің басым бөлігінің аты-жөні қазақша «-ұлы», «-қызы»  жалғауларымен жазылған.  Бұл көрсеткіштер 2013 жылы – 52, 2014 жылы – 73,  ал 2015 жылы – 78 пайызды көрсетіп, «-ов», «-ова», «-ович», «-овна» сынды аффикстерсіз тегін қазақы дәстүрге сай ресімдегендер саны артып келеді. Бұл – Тәуелсіздік жемісі.
– Тегімізді түзеу – тектілік. Өмір табалдырығынан енді аттаған  нәрестенің аты-жөнін кеңес дәуірінен қалған жалғаусыз рәсімдеу бүгінге буынға жүктеліп отырған міндет. Бұл адамдардың жеке басына ғана қатысты емес, бұл мемлекеттік мәні зор мәселе. Аты-жөніміз бен тегіміздің орынды қолданылып, олардың ана тілімізде және орыс, ағылшын тілдерінде орфографиялық ереже мен әдеби нормаға сай жазылуын дұрыс жолға қоятын кез жетті.  Тегіміздегі түрлі жалғаудан арылуды – құлдық психологиядан елдік мүддеге сай өзгеру деп қабыл алғанымыз жөн. Ұлы дала елінің ұрпағы «Мәңгілік Елдің» мызғымас құндылықтары бүгіннен бастап қалыптасатынын ескерсе дейміз, – деді.
  

Толығырақ ...

«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекелік шарасын оңтүстікқазақстандықтар салтанатты түрде атап өтті.
«Түркістан» сарайындағы «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекелік жиынына қатысып, сөз бастаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша облыс тұрғындарын атаулы күнмен құттықтап, мемлекеттік мерекенің еліміз үшін маңызы тереңдігіне тоқталды.
 «Қазақстанның әлемде өзіндік орны бар ел болып орнығуына, қарқынды дамуына еліміздің сыртқы және ішкі саясатындағы жетістіктеріне Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі зор. Мемлекеттің сыртқы саяси бағытын дәл айқындап, шетелдермен достық қарым-қатынас орната білді. Елбасының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз ешбір саяси және әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға ұшыраған жоқ. Дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі сынақтарды сәтті еңсерді. Дағдарыстар кезінде де тоқтап қалмады. Алға қарай ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты», - деді Ж.Түймебаев.
Мұнан соң, аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 15 сала үздігін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Іс-шарада опера және балет театрының әншілері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған «Елбасы» туралы әнді орындады.
Сонымен қатар, мерекелік думан Қазақстан Республикасы Президентінің өмірі мен қызметіне арналған «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасы болып табылатын «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмімен жалғасын тапты.
Жаңа фильм Н.Назарбаевтың өміріндегі аса қызықты кезеңді - Елбасының 1984 жылғы Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалып, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланғанға дейінгі уақытты және одан кейінгі алғашқы кезеңді қамтиды.

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысында өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған шара өтті.
Шымкенттегі Көрме орталығында ұйымдастырылған «Елі сүйген, Елін сүйген – Елбасы» тақырыбындағы фотокөрмеге 70-ке жуық фотосурет қойылған. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен нығаюындағы Тұңғыш Президент – Елбасының рөлі, сондай-ақ, тәуелсіздіктің қалыптасуының негізгі кезеңдері мен Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері және дамуы көрсетілген фотошежіре Елбасының Егемендік жылдарындағы тарихи сәттері мен Тәуелсіздік шежіресі атты топтық жинақталған суреттерден басталады.
1991-2000 ж.ж. ақ-қара суреттер Оңтүстікте Елбасының халықпен жүздесуі, Ордабасыдағы жиын, Тұрғыт Озал, Ислам Каримов, Асқар Ақаевтардың тарихи фотолары, Түркістанның 1500 жылдығы, Оңтүстік өндірісі, ауыл шаруашылығы, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша қас-қағым сәттерді бейнелейді.
Сонымен бірге, мұнда «Мәңгілік ел», «ЕXPO – Халықаралық көрмесі», ел таңдауы - Н.Назарбаевтың соңғы сайлаудағы ұлықталуы және 2015-2016 жылдардағы халықаралық кездесулердің фотолары қойылған. Көрмеде хронологиялық жылдар тізбесі бойынша экспозиция мәтіні сақталған. Еліміздің 25 жылдық тарихы мен Оңтүстік өңірінің дамуын көрсете білген барлық фото жаңадан жинақталып басылған.  
Облыс әкіміне осынау тақырыптық фотошежіре туралы баяндаған облыстық бейнелеу өнері музейінің директоры, ҚР Көркем сурет академиясының академигі Айнабек Оспанов мұнда Елбасының Тәуелсіздік алған жылдардан бері Оңтүстікке жасаған 50 шақты сапарының бірегейлері, тіпті, кейбірінің еш жерде жарияланбаған эксклюзив даналары орын алғанын жеткізді.
Айта кету керек, «Елі сүйген, Елін сүйген – Елбасы» тақырыбындағы
фотокөрмесіне кіру тегін. Келушілер үшін көрме 1 желтоқсан күні кешке дейін дейін жұмыс істейді.

Толығырақ ...