24Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында 6 желтоқсан - Қазақстан Республикасының прокуратурасы күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Мерейлі отырысқа облыс əкімі Ж.Түймебаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев, облыс прокуроры И.Иманов пен осы салада еңбек еткен ардагерлер қатысты.

Ел Егемендігінің 25 жылдық мерейтойымен қоса, биыл ҚР Прокуратурасына да ширек ғасыр толып отыр. Бүгін осы жылдар ішінде міндеттерін адал атқарып, қызметінде жоғары нəтижелерге жеткен 100-ден астам сала қызметкерлері алғысқа бөленіп, "ҚР прокуратурасына 25 жыл" мерекелік медалімен наградталды. Сонымен қатар, бірқатар сала қызметкерлеріне арнайы сыныптық шендер берілді.  

Жиында сөз алған өңір басшысы барша құқық қорғау органдарын қос мерейлі мерекемен құттықтап, облыстық прокуратура қызметкерлерінің өңіріміздегі құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттерін ойдағыдай атқарып келе жатқанын жеткізді.

«Ибраһим Әлжанұлы, Сіздің бастамаңызбен бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Олардың бірі - халыққа қолжетімді «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» әзірленіп, интернет желісінде Шымкент қаласының картасы орналастырылды. Сондай-ақ, «Жерлерді өз бетінше иелік етуді жою», «Қауіпсіз қала –Шымкент», «Мал ұрлығына тосқауыл» жобалары бойынша да жергілікті әкімдер мен тиісті басқарма басшылары бірлесе жұмыс жүргізуде. Аталған реформалардың сәтті жүзеге асуы - еліміздің жемісті дамуына оң ықпалы болары сөзсіз», - деді Ж.Түймебаев.

Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысындағы аталған салада 300-ден прокурор қызмет етеді. Ширек ғасырлық тарихы бар аталған құқық қорғау саласының ұйытқы болуымен түрлі қылмыстар ашылып, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өтуде. Мәселен, бүгінгі таңда облыстық прокуратурада 12 жоба аясында нақты іс шаралар жоспарлары жасалып, атқарылуда. Олардың қатарында «Алаяқсыз қоғам», «Қауіпсіз қала», «Жерлерді өз бетінше иелік етуді жою мен шешу жолдары» және тағы басқа мәселелер қамтылған.

Мұнан бөлек, Тәуелсіздік жылдары прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелері заманауи техникалармен, қызметтік ғимараттармен толықтай қамтамасыз етілді. Солардың қатарында оңтүстік өңірінде Арыс, Созақ аудандары мен Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық прокуратураларының ғимараттары салынды. Облыстық прокуратура мен бірқатар аудандық прокуратуралардың ғимараттары күрделі жөндеуден өтті.

Толығырақ ...

«Әже әлдиі». Облыстық ардагерлер кеңесі мен «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумы ұйымдастырған шара осы тақырыпта өрбіді. Форумның басты мақсаты - қазақ әжелерінің рөлін арттырып, өнегесін насихаттау арқылы ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын көтеру. Бабаларымыздың жақсы қасиеттерін келер ұрпақтың бойына сіңіріп, инабаттылық пен имандылыққа дәріптеуді көздегендер ауқымды шара аясында салиқалы ой саптады.
Алқалы мәжілісте алдымен, сөз алған әжелер алқасының төрайымы Үрзада Айтөреева  ұрпақ тәбиесінің өзекті мәселелеріне тоқталды. Облыстық әжелер алқасының атқарып отырған жұмысына есеп берді.
Қазақы ұрпақ тәрбиесінде қашан да әженің орны бөлек. Атқаратын рөлі айрықша. Жаңа түскен келінге де, ұрпақ жалғайтын ұлға да, қылықты қыздарына да қоғамның осы тобы ақылын аямаған. Өмірлік мәні бар жол сілтеп отырған. «Қазіргі буын да сондай асыл әжелеріміздің мейіріміне, айтар ақыл-кеңесіне зәру. Бірақ, Қазақтың өзіндік «жазылмаған дала заңдары» жайына қалып, ұлт ұлттық тәрбиеден алшақтай түсуде. Басқаша айтсақ, әркім өз білгенімен жүруде»-, дейді  форумға қатысушылар.
Бүгінде түстік өңірде 19 аудан-қалалық әжелер алқасы жұмыс істейді. Оларда 620 бастауыш ұйым белсенді еңбек етуде. Алға қойған мақсат-міндеттің үдесінен шығу үшін бекітілген жоспарлары да бар. Әжелер алқасы ұлттық салт-дәстүр, әдет ғұрпымыздың қайта жандануына үлес қосып жүр. «Әже –ұлттың ұйытқысы» атты байқау осыған дәлел. Бұл сыннан іріктелген ақжаулықтылар бүгінгі ақтық додада бақ сынады. Үмітін үкілеген «Достық» әжелер тобы - таңдаулы үміткерлердің сапында.
Өзіндік ұстанымы, ұлттық келбеті бар халық қана болашағына сенімді! Отансүйгіштік қайрат пен жігер жас ұрпақтың Мәңгілік ел болып қалыптасуына ықпал етпек.
 

 

Толығырақ ...

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев мәлім етті.
Оның айтуынша, 2017 жылдың ақпан айында күнгейде «Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасының ашылу салтанаты басталып, жыл соңына дейін түрлі айдарлармен түркі әлеміне қатысты іс-шаралар өтеді. Солардың бірі наурыз айында барша түркі жұртшылығымен бірлескен Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін атауға болады.
Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында түркі тілдес театрлар фестивалі, ТҮРКСОЙ-дың ХХ опералық фестивалі, түркі әлемінің кітап көрмесі мен мәдениет пен өнер универсиадасы және  Орта Азия  халықтарының қолонер фестивалі сынды көптеген халықаралық дәрежедегі  іс-шаралар да бар.
 Өздеріңізге мәлім, 2016 жылы желтоқсан айының 1-2 күндері Әзербайжанның Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешімі қабылданған болатын. Баспасөз мәслихатында Түркістан қаласының әкімі Түркі әлемінің мәдени астанасының белгісін облыс әкіміне арнайы келіп табыстағанын жеткізді.
Жалпы ТҮРКСОЙ кеңесі өнер  мен  мәдениет саласындағы  тұлғаларды  дәріптеу  мақсатында  әр жылдарды  олардың  атымен  жариялай  отырып,  түрлі  мәдени  шараларды  тұрақты  өткізіп  отыруды  дәстүрге  айналдырған. 2012 жылдан  бастап  ТҮРКСОЙ түркі  әлемі  қалаларының  бірін  түркі  әлемінің  астанасы  деп  жариялап  келуде.  Кеңес ең  алғашқы мәдени 2012 жылды елордасы -  Астана  қаласына берсе,  2013  жылы  -  Эскишехир, 2014 жылы  - Қазан, 2015 жылы  - Мары,  2016 жылы  - Шеки  қалалары Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Ал 2017 жылы  - түркі  әлемінің  мәдени  астанасы – Түркістан  қаласына берілуін қоса есептегенде Қазақстан ТҮРКСОЙ – да  мәдени жыл эстафетасын екінші рет алып  отыр.
Киелі Түркістан қаласы үшін бұл эстафета үлкен қуаныш екенін айтқан қала басшысы бұл көне қаланың  халықаралық деңгейге көтерілу үшін үлкен мүмкіндік екенін жеткізді. «Бұл  қалалар  бір  жыл  ғана  түркі  әлемінің  астанасы  болғанымен,  өзінің  түркі  әлемінде  алар орнын, маңыздылығын  мәңгілікке  қалдыруға  қол  жеткізеді. Аталған жылды аса жауапкершілікпен ұйымдастырып, шараларды тиісті деңгейде өткізуге бар күш жігерімізді салатын боламыз»,-деді Ә.Өсербаев.  

Толығырақ ...

Мақтаралда спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар 73 424 адамды құрап отыр.
Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында аудандық Спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен спортшыларды марапаттау рәсімі болып өтті. Іс-шараға аудан әкімі Ғ.Исмаиловтың өзі қатысты.
«2016 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға аудандық бюджеттен жалпы 328 млн. 779 мың теңге қаралған. 2016 жылдың соңына дейін бөлінген қаржыны 100% игеру көзделуде» - дейді аудандық Спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Жандарбек Татеев. Оның айтуынша, ауданда мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелерінде 140 қызметкер жұмыс істесе, олардың 78-і спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар және аталған спорт мекемелерінде спорттың 16 түрі дамытылып, ондағы 157 топта 78 жаттықтырушы 2334 спортшымен жұмыс жүргізіп жатыр екен.
«Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында 174 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 34 518 адам қатысты. Оның ішінде ауылды жерлерде 143 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 28 168 адам қамтылған. Ағымдағы жылды ауданда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 73 424 адамды құрап, аудандағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 23,9 пайызға жетіп отыр» - дейді бөлім басшысы. Сондай-ақ, биыл ауданымызда 790 спорт нысандары тіркелген екен (2015 жылдың қорытындысы – 782 спорт нысаны). Бүгінгі таңда, Республикалық бюджет есебінен Жетісай қаласында футбол және волейбол алаңдары салынып жатқанын да бөлім басшысы еске салды.
Жалпы, іс-шарада аудан әкімі Ғ.Исмаилов үздік спортшыларды және олардың жаттықтырушыларын марапаттап, келесі жылы бұл көрсеткіштерді көтеру керектігін қадап айтты. Айта кетейік, 2016 жылы Мақтарал ауданының спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда 111 алтын, 118 күміс, 161 қола жүлделерге қол жеткізді. Ал, ҚР І лига командалары арасында «Мақтарал» футбол клубы 5 орынға (2015 жылы 8 орын) тұрақтаған.
 

 

Толығырақ ...

БүгінТүлкібас  ауданының  орталығы Т.Рысқұлов ауылында халыққа қажетті, оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, ауыл арасындағы байланысты арттыру мақсатында Арыс өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілді.
Көпір салуға аудандық бюджеттен 8 млн 300 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын мердігер «Жигита» жүргізіген. 
Сонымен қатар,  Майлыкент ауылдық округіне қарасты Бақыбек ауылынан келетін оқушылар үшін қыр жотасына төмен түсу үшін баспалдақта ел игілігіне берілді.
Мұнан басқа, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байдланысты Шардара ауданында да  зәулім спорт кешені пайдалануға берілді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Тұрсынқұл Байтұрғанов тұрғындарға құттықтау сөз сөйлеп, жаңа ғимараттың ішінен спорт саңлақтары шығуын тіледі.
Спорт  кешені Шардара   қаласында   орын  тепкен.  Жалпы құны - 367 млн. теңге.  260 орындық.  Кешенде  спортшыларға  барлық жағдай жасалған. Жаңа қонысқа №2 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы келіп жайғасты. Мұнда жеткіншектер  бокс, рим күресі, таэквон-до сынды спорттың 9 түрі бойынша жаттығатын болады.
Спорт кешені ашылысымен-ақ алғашқы ойындар басталып кетті. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыс кубогі үшін турнир өткізді. Тартысты өткен палуандар сайысына  10-ға жуық аудан -  қаланың  спортшылары  қатысты.
Жас палуандар сайысында Шардара ауданының спортшылары командалық есеп бойынша  І орынды жеңіп алды. ІІ  орынды Түркістан  қаласынан келген спортшылар еншілесе, ІІІ орын шымкенттіктерге тиді. Бабы мен бағы қатар шапқан жеңімпаздарға қаржылай  жүлде табыс етілді.      
 

 

Толығырақ ...