30Мамыр2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Екі күнге жалғасатын шарада өңірдегі жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, құрылыс заттары салаларының 70-тен астам кәсіпорындарының отандық өнімдері қойылды. 
Отандық тауар өндірушілер көрмесіне облыс әкімі Ж.Түймебаев және «Туған жерді түлету – перзенттік парыз!» атты шарасына қатысушылар - ҚР Парламенті депутаттары, орталық органдар мен ұлттық компаниялар, мәдениет қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша қатысушыларды Егемендігіміздің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, ширек ғасырда өңірдің жеткен жетістіктерін баян етті.
«Жалпы, әлемдік дамудың күрделі кезеңдеріне қарамастан, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендікпен жүргізіп жатқан дана саясаты арқасында, тарихы қысқа мерзімде еліміз әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамып, әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енді.  Оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысының жетістіктері де орасан.  Мәселен, 25 жыл ішінде жалпы өңірлік өнім 1,5 млрд.теңгеден 2,5 трлн. теңгеге дейін өссе, ондағы өнеркәсіптің үлесі 15 пайыздан 28 пайызға дейін артты. Осы қарқын ағымдағы жылы да сақталып, 10 айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 643,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп өнімдерін  өндіруде өсу қарқыны бойынша республикада 3-ші орынды иеленген. Сондай-ақ, облыста тоқыма, мұнай өңдеу, машина жасау, фармацевтика, медициналық құрылғылар жасап шығару, құрылыс материалдары және басқа да саларда жаңа өнім түрлерін өндіру қолға алынған.
Бүгінгі көрменің маңызы ерекше. Мұнда облыс тауар өндірушілерінің жетістіктері паш етіліп, тұтынушылар мен өндірушілер арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік тумақ.
Көрмеде  әлемдік стандарттарға сай  келетін кілем өнімдері, шұлық және үйге арналған тоқыма бұйымдары, ерлер костюмдері,  трансформаторлар, су сорғылары, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық құрылғылар, құрылыс заттары, жиһаз, азық-түлік өнімдері сынды облыстың тауар өндірушілері өз өнімдерін жұрт назарына ұсынуда.

Толығырақ ...

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Forte Bank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Мағжан Әуезовпен кездесті. 
Басқосуда тараптар екі жақты әріптестік жайын талқылап, аталған банктың облыс көлемінде атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы уақытта әкімдікпен бірлесе атқаратын шаруалары туралы әңгімелесті. 
Өз кезегінде, М.Әуезов аталған банк жетекшілігімен шағын және орта бизнес бойынша несие беру бағдарламасының түзіліп жатқанын баяндаса, Ж.Түймебаев шағын кәсіп түрлері дамып келе жатқан өңірдегі азаматтар үшін бұл  жақсы мүмкіндік екенін айтты. 
Айта кету керек, «Forte Bank» акционерлік қоғамы 20 жылдан астам уақыттан бері еліміздегі үздік банктер қатарында банк қызметін ұсынып келеді. Банктің республика бойынша 19 облыстық филиалы, 150 бөлімшесі бар. Таяуда Шымкент қаласында банк филиалының жаңа ғимараты ашылып, халыққа қызмет көрсете бастайды деп күтілуде. 
Оңтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің банктегі кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау бағытымен «Forte Bank» АҚ арқылы жалпы кредит сомасы 4 522,2 млн. теңгені құрайтын 39 жобаға қолдау көрсетілген. 

Толығырақ ...

Бұл туралы Төлеби ауданының әкімі Бұхарбай Парманов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында хабарлады
Тәуелсіздік жылдарындағы Төлеби ауданындағы жетістіктерді баяндаған Б.Парманов аудандағы жергілікті бюджет көлемі осы жылдар ішінде 16 есеге өсіп, бүгінгі таңда 11 млрд. теңгеден астам қаржыны құрағанын айтты. Сәйкесінше, ішкі кіріс түсімі де көңіл қуантады. Егемендік алған кезеңде аудандағы ішкі кіріс көлемі 240 млн. теңгеден 1 млрд. теңгеге жетіп, 4,5 есеге өскен. 
Сонымен бірге, Тәуелсіздік жылдары ауданда 29 жаңа білім ғимараттары салынған. Жалпы, Төлебиде бүгінгі таңда 68 мектеп болса, 1991 жылдан бері соның 53-і күрделі жөндеуден өтіп, ыңғайластырылған мектептер саны қысқарып, типтік білім мекемелер саны 57-ге жеткен.
Баспасөз мәслихатында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда 2012-2015 жылдары жалпы 13 млрд. 233 млн. теңгені құрайтын 35 жоба мақұлданып, іске асырылғандығы туралы айтылды.
«Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде ауданның 51 елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылыстары жүргізіліп, орталықтандырылған ауыз сумен аудан халқының 93,7 пайызы, газдандыру жұмыстары бойынша 55 елді мекеннің бүгінгі таңға 36 ауылы немесе 82 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр», - деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдерімен болған кездесуде Б.Парманов Төлебидегі жұмыссыздық деңгейі 6 пайыздан 4,9 пайызға түсіп, жылма жыл ауданның жұмыссыздық деңгейі төмендеп келе жатқаны туралы мәлімдеді. Мәселен, жыл басынан бері ауданда 2 мыңнанастам жаңа жұмыс орны ашылған.
Тәуелсіздік жылдары аудандағы 18 мәдени ошақтарының 7-уі күрделі жөндеуден, 8-і ағымдағы жөндеуден өтсе, 1 мәдениет үйі жаңадан салынып, қазіргі таңда 19 мәдениет ошағы жұмыс жасайды екен.
 

Толығырақ ...

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республика көлемінде «Жаңа Индустрияландыру» телекөпірі өтті.
Жалпы ұлттық телекөпір барысында Оңтүстік Қазақстан облысында «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-нің болат құю өндірісі бойынша салынған өнеркәсіп орны іске қосылды.
Елбасымен тікелей байланысқа шыққан «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-і директорының орынбасары Ә.Үсенбаев кәсіпорынның жұмысын баяндады.
– Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Су сорғылары жабдықтарын шығаратын зауытымыз Сізге жақсы таныс. «Жаңа индустрияландыру» бағдарламаңызды қолдау мақсатында, өнімді елде барынша шоғырландыру үшін болат құю өндірісі ұйымдастырылды. Жаңа зауыт арқылы алыс және жақын шет елдерге экспорт көлемін 40 пайызға арттырамыз. Қазір кәсіпорындағы жаңа өндірісіміз іске қосылуға дайын. Құрметті Елбасы! Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері Сіз жастарды қолдап келесіз. Тәуелсіздік аясында еліміз нық аяққа тұрып, келешек ұрпақ үшін толыққанды мемлекет құрдыңыз! Міне, соның арқасында осы зауытта 58 жас маман жұмыс жасауда. Арасында «Болашақ» бағдарламасымен білім алғандар да бар. Сізге өзіміздің алғысымызды білдіре отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Аса қадірменді Елбасы! Өндірісті іске қосуға рұқсат етіңіз, - деді  Ә.Үсенбаев.
Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын –  машина жасау саласында алдыңғы қатарда. Компания Орталық Азияда теңдесі жоқ заманауи технологиямен жабдықталған.
Бадам индустриялды аймағында орналасқан кәсіпорынның жобалық құны 2 млрд теңгені құрайды. Зауыт жылына 3700 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Өндіріс орнында 75 адам жұмыспен қамтылған. Ішкі нарықтың 60 пайызын құрайтын кәсіпорын, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Белоруссия секілді елдерге өнімін экспортқа шығаруды жоспарға қойған.
Мемлекеттік «Жаңа индустрияландыру» бағдарламасы аясында іске қосылған зауытта шойын мен болаттан ауыл шаруашылығы техникаларын, машина жасауға қажетті жабдықтар жасалмақ. Сондай-ақ, зауытта әзірленген бөлшектерден жер асты суы, шаймалау әдісі арқылы уран және өзге де сұйықтықты сорып алуға лайықталған сорғылар құрастырылады. Бүгінгі таңда өндірілген өнімдерді өткізу бойынша зауыт жетекшілігі Белоруссиямен келісім-шарт жасап қойған. Осылайша, нарықта «KARLSKRONA LC AB» ЖШС атауымен белгілі серіктестіктің бұл үшінші өндіріс орны деуге болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2010 жылдан бері 145 жоба іске қосылған. Онда былтырға дейін 180 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Құны 225 млрд. теңге болатын жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 13 мыңға жуық жұмыс орны құрылып отыр.
Жалпы ұлттық телекөпір шарасына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңадан іске қосылған кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіп, зауыттың алдағы өндірістік даму жоспарын талқылады. Жұмысшылармен болған сұқбат барысында аймақ басшысы зауытта шығарылатын өнімдердің сапалы және  халықаралық бәсекеге қабілетті болуы қажеттігіне тоқталды.  
 

Толығырақ ...

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында 6 желтоқсан - Қазақстан Республикасының прокуратурасы күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Мерейлі отырысқа облыс əкімі Ж.Түймебаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев, облыс прокуроры И.Иманов пен осы салада еңбек еткен ардагерлер қатысты.

Ел Егемендігінің 25 жылдық мерейтойымен қоса, биыл ҚР Прокуратурасына да ширек ғасыр толып отыр. Бүгін осы жылдар ішінде міндеттерін адал атқарып, қызметінде жоғары нəтижелерге жеткен 100-ден астам сала қызметкерлері алғысқа бөленіп, "ҚР прокуратурасына 25 жыл" мерекелік медалімен наградталды. Сонымен қатар, бірқатар сала қызметкерлеріне арнайы сыныптық шендер берілді.  

Жиында сөз алған өңір басшысы барша құқық қорғау органдарын қос мерейлі мерекемен құттықтап, облыстық прокуратура қызметкерлерінің өңіріміздегі құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттерін ойдағыдай атқарып келе жатқанын жеткізді.

«Ибраһим Әлжанұлы, Сіздің бастамаңызбен бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Олардың бірі - халыққа қолжетімді «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» әзірленіп, интернет желісінде Шымкент қаласының картасы орналастырылды. Сондай-ақ, «Жерлерді өз бетінше иелік етуді жою», «Қауіпсіз қала –Шымкент», «Мал ұрлығына тосқауыл» жобалары бойынша да жергілікті әкімдер мен тиісті басқарма басшылары бірлесе жұмыс жүргізуде. Аталған реформалардың сәтті жүзеге асуы - еліміздің жемісті дамуына оң ықпалы болары сөзсіз», - деді Ж.Түймебаев.

Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысындағы аталған салада 300-ден прокурор қызмет етеді. Ширек ғасырлық тарихы бар аталған құқық қорғау саласының ұйытқы болуымен түрлі қылмыстар ашылып, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өтуде. Мәселен, бүгінгі таңда облыстық прокуратурада 12 жоба аясында нақты іс шаралар жоспарлары жасалып, атқарылуда. Олардың қатарында «Алаяқсыз қоғам», «Қауіпсіз қала», «Жерлерді өз бетінше иелік етуді жою мен шешу жолдары» және тағы басқа мәселелер қамтылған.

Мұнан бөлек, Тәуелсіздік жылдары прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелері заманауи техникалармен, қызметтік ғимараттармен толықтай қамтамасыз етілді. Солардың қатарында оңтүстік өңірінде Арыс, Созақ аудандары мен Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық прокуратураларының ғимараттары салынды. Облыстық прокуратура мен бірқатар аудандық прокуратуралардың ғимараттары күрделі жөндеуден өтті.

Толығырақ ...