24Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Бүгін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі мемлекеттік мекемесі заман талабына сай жаңа техникамен толықты. Сала мамандарына  жаңа техниканың кілтін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы табыстады. 
  «Төтенше жағдайлардың алдын алып, тер төгіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті базасы жыл санап жақсара түсуде. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен биыл 269 миллион теңге қаражат бөлінді. Бүгін де, міне, жұмыстарыңызға аса қажетті 7 көліктің кілтін тапсырғалы отырмын. Келесі 2017 жылы осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, бұл мақсатта облыс бюджетінен 427 млн теңге қарастырылуда», - деді  өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы.
   Шара барысында облыс әкімі екі қызметкерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттаса,  қос өрт сөндірушіге  грамота табыс етті. Көп қабатты үйлерде қандай да бір төтенше жағдайлар орын алған жағдайда  жаңа үлгідегі заманауи өрт сөндіру автосатылары жоғарыға көтеріліп, тілсіз жауды сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге үлкен септігін тигізері сөзсіз. Ең басты міндет -  халықты және облыс аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау.
     Бұл мақсатта  өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі мемлекеттік мекемесінде 181 бірлік  өрт сөндіру техникасы бар. Оның 121-і өрт сөндіру,  22- сі арнайы, 38 бірлігі  көмекші автокөліктер.  Осы техникалардың 93-і  20 жылдан астам уақыт пайдаланылыпты. Жаңа техникаларға қол жеткізген мамандар облыс әкімдігінің қолдауына ризашылық білдірді.
 
 

Толығырақ ...

Бүгін Шымкентте жаңа форматта жұмыс істейтін почта бөлімшесі ел игілігіне пайдалануға берілді. Тұтынушыларға қызмет көрсету принциптері жетілдірілген «Қазпочта» АҚ-ның жаңартылған Орталық операция учаскесінің ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып,ұжым қызметкерлерін заманауи талаптарға сай жабдықталған почта бөлімшесінің ашылуымен құттықтады. «Облысымызда осындай жаңартылған жүйеде Қазпочта» АҚ  20 бөлімшесінің  жұмыс жасап  тұруы компания  басшылығының жаңа жыл  қарсаңындағы тартуы деп  есептейміз», - деді өңір басшысы Жансейіт  Қансейітұлы. Соңғы кездері заманның сұранысына сай өркениетті елдердің үлгісіне өтіп, 160 қызмет түрін көрсетуге көшу  үлкен жетістік. Мұндай жаңашыл бағыттағы жұмысты Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазпочта» филиалында еңбек ететін 1400-ге жуық маман жүргізіп жатыр. Жаңартылған Орталық операция учаскесі клиенттерге қолайлы болу үшін бірнеше аумаққа бөлінген: почталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғалар үшін операциялық зал, корпоративті клиенттерге қызмет көрсету бойынша орындар, сәлемдемелер супермаркеті, қызмет көрсету орны мен айырбастау пункті. Орталық залда келушілерге қызмет көрсету форматы өзгертіліп, қолайсыз кабиналар орнына сәлемдемелер супермаркеті жұмыс істейді. Бұл формат компанияның өндірістік шығындарын қысқартуға айтарлықтай үлесін қосады, тұрғындардың өту қабілетін жоғарлатады, тұтынушылар  үшін – сәлемдемелерді алу және жіберу уақытын қысқартады. Айта кетейік, пошталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғалар үшін операциялық зал аптасына 6 күн қызмет жасайды: жұмыс күндері сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін. Сонымен қатар аптасына 5 күн коорпоративті клиенттерге қызмет көрсету бойынша жеке орындар жұмыс жасайды. Жұмыс кестесі: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін. Өздігінен қызмет көрсету орнында постаматтар, банкоматтар және төлем терминалдары қойылған. Ал, айырбастау пункті аптасына 7 күн жұмыс жасайды сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін. Сәлемдемелер супермаркеті жұмыс күндері сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күні сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін елге қызмет етеді. Бұдан бөлек,  облысымыздың 10 аудан  орталығында модернизацияланған жедел басқару орталықтары жергілікті тұрғындардың жұмысын жеңілдететін болады. Сондай-ақ  халыққа  қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 43 жаңа автотранспорт пайдалануға берілді.
 

Толығырақ ...

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «ЕХРО-ның жаңа жылдық алауы» Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев балаларды мерекемен құттықтап, Елбасының атынан 200 балаға планшет пен жылы сырт киімдер табыстады.
   Сонымен қатар, әкім осындай сыйлықтарды мерекеге қатысқан Қазақстанның  11 миллионшы  қазағы  Қазығұрт  ауданының  тумасы  Әбдірахым  Мұхтар   мен  17  миллионшы  азаматы   Сайрам  ауданынан  келген  Есқараев  Алтынбекке сыйлады.
   «Жаңа жыл – бұл бәріміз үшін ерекше мереке. Мұндай ұмытылмас сәттерде біз өткен жылға алғыс айтып, болашаққа жақсы жоспарлар құрып, қиялға ерік береміз. Сендер бір жасқа есейдіңдер. Саналарың өсіп, білімдерің тереңдеді. Үлкен өмірге қанат қағып келесіңдер. Бүгін де сендер күткен жылдан ең қымбат тілектеріңді тілейсіңдер. Жақсылыққа сеніңіздер. Ешуақытта армаңдарыңыз алдамасын. Адамдар шын тілеп, сол үшін талмай ізденсе, білім алса арманы орындалады. Сендер де алға қойған мақсаттарыңа жету үшін талпыныңдар»,-деді аймақ басшысы.
   Жаңа жылдық шыршаға қатысқан балаларға телеэкран арқылы Мемлекет басшысының арнайы құттықтауы көрсетіліп, «Балаларды ғылымды біліп тануға жетелейік» кітабы мен түрлі тәттілер үлестірілді. ЭКСПО-2017 жаңа жылдық алауымен басталған шырша мерекесі театрландырылған қойылыммен  жалғасты.
   Елбасының балаларға арнаған жаңа жылдық сыйлығын аудан, қаладағы жетім, ата – анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар мен мүмкіндігі  шектеулі  және әлкуметтік аз  қамтамасыз  етілген  және  көп  балалы  отбасы  балалары  арасынан  оқуда  жетістіктерге  жеткен  4 мыңға жуық белсенді жасөспірім алып отыр.
   Айта кетейік, екі күн бұрын облыстың аудан, қалаларынан жиналған балалар Шымкент қаласының көрікті жерлері мен тарихи орындарына саяхат жасады.
   2016 жылды оңтүстікқазақстандық оқушылар толымды жетістіктермен қорытындылап отыр. Олар халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауына және спорт пен өнер сайыстарына қатысып, облыстың 150-ге жуық оқушысы жеңімпаз атанды.

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тікелей бастамасымен әрбір ауданды жекелей дамытудың жаңа концепциясы дайындалып жатыр. Барлық саланы қамтитын жобаны облыстық әкімдікте алғаш болып Төлеби ауданының әкімі Б.Парманов таныстырды. Ауданның 2017 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму концепциясында барлық сала негізінен 3 бағытқа біріктіріліп, дамытылмақ. Облыс әкімінің орынбасарлары мен тиісті басқармалардың қатысуымен жасалған ауқымды құжат аудан халқының әлеуметтік, тұрмыстық, қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, сәулет, коммуналдық, кәсіпкерлік сынды өзге де шаруашылық салаларында кездесетін өзекті мәселелердің толық шешімін табуға бағытталған.
Бүгінгі өткен жиында аймақ басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық потенциалдарын толық іске асырып, халықтың әл ауқатын арттыру негізінде жасалған даму тұжырымдамасы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп пен туризм саласы сынды 3 бағыт бойынша іске асырылатынын атап өтті. «Оңтүстік өңірі аграрлы аймақ болған соң концепцияның маңызды және үлкен бағытының бірі ауыл шаруашылығы саласын дамыту болып табылады. Бұл бағытта су шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, үй шаруашылығын және сервистік қызмет көрсету қолға алынады»,-деді әкім.
Ауыл шаруашылықтың дамуына негізгі серпіліс беретін фактордың бірі жерлерді заманауи үнемдеу және жаңа технологияны қолдану арқылы суландыру. Өз кезінде бұл қарқынды технологияларды пайдалана отырып бау, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіруге, өнімділігі жоғары мал азықтық дақылдарын дайындауға, елді мекендерді ағын сумен толық қамтуға мүмкіндік береді. Мәселен, аудандағы суармалы жерді толық сумен қамту үшін үш кезеңде жұмыс жүргізіледі. Бірінші 9 каналды су құбырына ауыстырып жерлерді тамшылатып суғару жүйесіне көшіру. Екінші кезеңде 23 каналға лоток салу немесе бетонмен қаптау жұмыстары жүргізілсе, үшіншіден су деңгейінен биік орналасқан жерлерді су сорғыштар арқылы суландыру. Нәтижесінде суармалы жер көлемі 16000 гектарға жетсе, жеміс-жидек 2200 гектардан 10 мың га дейін ұлғайады. Ал өнім көлемі 12 мың тоннадан 60 мың тоннаға өседі деп күтілуде.
Ал өсімдік шаруашылығын дамыту мақсатында ауданда 158,5 гектарға жаңа бау егілсе, оның 108 га қарқынды бау болмақ. Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамыту бағытында мал бордақылау және ет өнімдерін қайта өңдеу, сүт фермаларын дамыту және сүт өнімдерін қайта өңдеу мен қымыз өндіру кластерін құру жұмыстары жүргізіледі. Мал бордақылау бағытында келер жылы жоба құны 125 млн. теңге болатын 3 агроқұрылым яғни, 670 бастық мал бордақылау алаңы іске қосылады. Сүт фермаларын дамыту және сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша 36 млн. теңгеге 135 басты сүт фермасы ал, тәулігіне 2 тонна сүт өнімдерін қайта өңдейтін цех іске қосу жоспарлануда. Келер жылы сауынды бие басын көбейтіп, өндірілетін өнім көлемін 2610 тоннаға дейін жеткізу мақсатында 75 азамат 454 млн. теңге көлемінде несие алуға ниет білдірген. Тұжырымдаманың екінші бағыты кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында 2017 жылы 104 жоба іске асырылады. Индустриалды - инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде келер жылы жоба құны 1 млрд. 100 млн. теңгеден асатын 3 жобаны енгізу жоспарланып отыр.
Оңтүстіктің туристік индустриясын дамыту үшін концепцияның үшінші бағытында ауданда туристік демалыс аймақтарын дамыту көзделген. Бұл бағытта ауданда эко туризм, зиярат ету, сауықтыру, жоғары сервистік қызмет пен көпшілікке арналған демалыс орындар салынбақ. Атап айтқанда, замануи «Қасқасу» тау-шаңғы курорты, «Тау самалы» демалыс аймағы мен тау шаңғы базасы және саумалмен емдеу орталықтарының құрылысы жүргізіледі. Тау шаңғы спорты өңірдегі отандық туризм индустриясында бәсекеге қабілетті және қызмет сапасын жақсартуға, яғни өңірдің қарқынды дамуына импульс береді, жаңа жұмыс орындар ашылады, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытумен бірге Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға үлесін тигізеді. Жыл бойы туристік қызмет көрсететін халықаралық деңгейдегі тау шаңғы курорты аумағында қонақ үйлер, мейрамханалар, арқан жолы, бассейн және т.б. нысандар салу жоспарланған. Ал «Тау самалы» демалыс аймағында салынып жатқан этноауылдарда салт дәстурге сәйкес киіз үйлер безендіріліп, ұлттық қолөнер бұйымдар жасалынып, ұлттық тағамдар дайындалады. Бұл бағытта тұрғындарды ұйымдастырып, несиелер алу жолдары қарастырылуда. Ауданда ең алдымен туристтік сервистік қызметтерді жақсарту қажет. Осы жұмыстар нәтижесінде туристік демалыс аймақтар санын 48 -ден 60- қа көбейтіп, келуші туристер саны 26 мыңнан 55 мың адамға өсіру жоспарлануда. Сондай-ақ, концепцияда ауданның инфрақұрылымын дамыту мен абаттандыруына баса көңіл бөлінген. Облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген мәжілістің күн тәртібінде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жайы мен қысқы жылыту маусымының өту барысы қаралды.
 

Толығырақ ...

Кентау қаласы Егемендігіміздің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті. Мерекелік шара қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өткізілді.
Салтанатты жиында алғы сөзді алған ҚР Инвестиция және даму министрлігі, көлік комитеті төрағасының орынбасары Нұркенов Қайриден Қамашұлы Кентау қаласы тұрғындарын мерекемен құттықтады. Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев "Осы егемендіктің арқасында бірлігі жарасқан, көпұлтты Кентауда да көптен күрделі саналып келген түйткілдердің түйіні шешіліп, арманға айналған бастамалар жүзеге аса бастады.
Мұның барлығында жергілікті тұрғындардың, әсіресе, аға ұрпақтың өз қолдарымен тұрғызған қаласын жан-тәнімен сүйетіндігі, қиыншылықтарға сабырмен қарап, қайсарлық танытуы мен еңбекқорлығының, ынтымағының үлкен медет болғанын айта кету парызым." деп жергілікті тұрғындарды мерекемен құттықтап, қаланың өсіп өркендеуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарға "Қала жанашыры" деген төс белгілерін табыс етті.
Сонымен қатар, әр салада қызмет жасайтын мамандар қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік шарада өнерлі жастардың патриоттық әндері көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекелік шарада қонақта болған елімізге танымал әнші Қайрат Түнтеков жерлестерін мерекемен құттықтап, әсем әуенін тарту етті.

Толығырақ ...