30Мамыр2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Елбасы -  елдің тірегі!» атты оқушылар арасында облыстық айтыс өтті.
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1- желтоқсан тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған додада әр ауданнан келген 10 жас ақын бақтарын сынады.
Айтыста қара сөздің майын ішкен азулы ақындарымыз Әселхан Қалыбекова мен Анар Жаппарқұловалар қазылық етті. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шарада жас ақындар «Тәуелсіздік» пен «Елбасы» тақырыбын жырға қосты.
Ақындардың сөз саптауы мен мақамына қарай бағалаған қазылар алқасының төрағасы Ә.Қалыбекова білім саласындағы жетістіктер мен өнерлі оқушылардың басқарма тарапынан қолдау тапқаны үшін алғысын бідірді.
Аламан бәйге нәтижесі бойынша, бас жүлдені отырарлық Мұхит Бабақұлға алса,  I орынды Б.Өтеп атындағы өнер мектебінің оқушысы Дастан Орынбай жеңіп алды. Ал жүлделі  II орынды осы мектептің оқушысы Базарбек Бекжанға бұйырса, III орынды түркістандық Бақдәулет Қожанов пен Арыстан Мағжан өзара бөлісті. Сонымен қатар, төлебилік Ахай Ұлықбек болашағынан үлкен үміт күттіретінін ақын екенін көрсетті.

 

Толығырақ ...

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында Түркістандағы бірқатар елді мекендер мен шағын аудан тұрғындары ауыз су және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілді. Осы ретте шаһар басшысы Ә.Өсербаев ауыз су мен сапалы электр жарығымен қамтамасыз етілген аймақтардағы тұрғындармен кездесіп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай тарту ретінде ұйымдастырылып отырған игі шаралардың басында болды.  
Тұрғындар алдында сөз алған шаһар басшысы қалада жасалған жұмыстардың барлығы да Елбасымыз Н.Назарбаевтың еліне деген қамқорлығы мен салиқалы саясатының арқасында екенін айтты.       
Бұл күні Түркістанда бес нысанда ауыз су құбырлары және қаланың ұлғаюына байланысты жаңа тұрғын үйлерге сапалы электр қуатын тарату үшін бес аймақта электр желілері іске қосылды. Бұл нысандардың жалпы құны 4 млрд. 904 млн. теңгені құрап отыр. Соның ішінде ауыз суға 3 млрд. 438 млн. және электр желілерін орнатуға 1 млрд. 465 млн. теңге бөлінген.  
Осы нысандардың бірі Түркістан қаласына қарасты Қарашық ауылында ауыз су құбырларының құрылысы жүргізілген болатын. Ел игілігіне берілген ауыз су құбырының іске қосылғанына қуанышын білдірген Қарашық ауылының тұрғыны, ауылдық «Ақсақалдар алқасының» төрағасы Бабажан Муютов өз сөзінде «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ауыл тұрғындарына тарту ретінде ұйымдастырылып отырған бүгінгі шара баршамызға үлкен қуаныш сыйлап отыр. Бұған дейін құдықтан су тартып, сапасыз суды да әжетімізге жаратып келдік. Ал енді «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында беріліп отырған ауыз су ел игілігі үшін жұмыс жасай береді деп сенемін. Біздің ауылда бұдан басқа көшелер жарықтандырылды және асфальттер төселіп тіпті ауылда аяқжолдар салынуда. Осының өзі еліміздегі қарқынды жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын білдіреді» - деп ризашылығын жеткізді.
Шара барысында мамандардың айтуынша іске қосылған нысандардың есебінен Түркістан қаласы аумағында тұрғындарды ауыз сумен қамту 90 пайызға жетіп, биыл 15 мыңнан астам абонент таза су тұтынуға қол жеткізіп отыр. Ал 2016 жылы қала аумағындағы 5 мыңнан астам абонент сапалы электр қуатымен қамтылды.    
Осылайша жалғасын тапқан Түркістандағы коммуналдық қызмет сапасының арта түскенін куә болып отырған «Бекзат» мөлтек ауданының тұрғыны Әбдіғали Сандыбай өңірлерде мемлекет басшысының пәрменімен жүргізіліп жатқан жұмыстарға жүрек жарды қуанышын жеткізіп, жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерге ауыз су, электр қуаты және жол салынғанын нағыз өркениетті елдің жұмысы деп бағалады.
Айта кетерлігі, Түркістандағы Тәуелсіздікке тарту ретіндегі игілікті шаралар тек мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы күндерде шалғай ауылдардағы өзен көпірлері, көшелерді жарықтандыру секілді коммуналдық қызмет сапасын арттыру бағытында түрлі ел әжетіне жарайтын нысандар саны арта түспек.

Толығырақ ...

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.
Аталған мереке Оңтүстік Қазақстан облысында ең алғаш болып басталып кетті.
Шымкентте Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті күніне орай жасөспірімдер арасында үстел тенисінен облыс біріншілігі басталды. Аталмыш турнирге Шымкент қаласының №6 теннис мектебі ұйытқы болып отыр.
Үстел теннисінен жарыс Асар мөлтекауданындағы №90 жалпы орта мектеп базасында бастау алды. Оған Сарыағаш, Шардара, Төлеби, Ордабасы, Бәйдібек,Сайрам аудандары мен шымшаһардан  100 – ге жуық спортшы қатысуда.
Облысымызда 250-ден астам жасөспірім үстел теннисінен үйірмеге барады. Кәсіби түрде айналысады. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта бұдан да еселенуі мүмкін. Өйткені, №6 теннис мектебі спорттың осы түріне бұқаралық сипат беру үшін барын салуда. 
Осындай ашық біріншіліктер алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылатын болады. Өйткені, спортшылар бәсекелестік салтанат құрған түрлі сайыстарда шыңдалады. Еліміздің әлемдік деңгейдегі мәртебесін көтеруге күш салады.

Толығырақ ...

Еліне теңдік, жеріне кеңдік алған қазақ жұрты Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойында тұғырлы тұлғаларын да түгендеп жатыр. Биыл – Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның туылғанына 150 жыл! Қазақтың ғажап күні – азаттығын аңсаған ұлды Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының мамандары ұлықтады.
Жарық дүниеде «Жасасын, Алаш!» деп, ұран салып, қанынан әлі,  жанынан демі кеткенше қазаққа қалтқысыз қызмет еткен  ұлдардың бірі осы Әлихан Бөкейхан еді. Арлы азаматтың жасаған ісі  ұрпақ санасында жаңғырып жатыр. Шара барысында көрнекі тұлғаның азаматтық қырын ашатын, ұлт көсемі ретіндегі болмысын биік ететін бейнебаяндар көрсетілді. Жастарға жалынды рух берер әңгімелер айтылды.
Әлібек Шегебай – облыстық әдеп-ғұрып салт-дәстүр орталығы директорының орынбасары
Біздің орталықтың өтіп жататын іс-шарасына мектеп оқушыларынан бастап, осы жоғарғы оқу орданың студенттері келіп, мына біздің іс-шараларға қатысып,өздеріне мағлұмат алып отырады. Бүгін де - соның бір көрінісі. Қазір келіп отырған ғалымдармыз, өзінің Әлихан жөніндегі жұмыстарын, дайындап жүрген жобаларын т.б дүниелерін келген қонақтарға ұсынады.
Жалайырға жар салатын жағдай. Ұлтымыздың ұлы перзенті Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы биыл /ЮНЕСКО аясында тойланады. Алты Алаштың көсемі, тарихи тұлғаның кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат-мұрасы жетерлік екенін осы құрметтің өзі айғақтайды.
Нигина Исахова-студент
Әрине мұндай іс-шаралар бізге берері мол деп ойлаймын. Өйткені Ә.Бөкейхан Алаштың арда азаматы. Тәуелсіздігіміз үшін күрескен азаматтар болған соң, біз бұларды ұмытпай, жиі есімізге алып тұрамыз.
Саналы ғұмырын ұлтына арнаған, қара басының қамынан, қара халқының келешегі үшін, әрі сол жолда бәйгеге басын тіккен ардақты тұлғаның өмір жолы осындай шараларда үлгі етіліп, жас ұрпаққа бағдар болады.

Толығырақ ...

«Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат». Осы бағдарлама аясында қолға алынған «Әже - ұлт ұйытқысы» атты байқау Мақтарал ауданында жалғасты. Ата-бабадан мұра болып келе жатқан салт-дәстүрімізді, қарттарымыздың өнегелі қасиеттерін келер ұрпақтың бойына сіңіру – сайыстың басты мақсаты. Айтқандай, игі шара Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналды.
«Сәлем - сөздің анасы». Байқау шымылдығы көрерменге қазақы нақышта сәлем беріп, өзін-өзі таныстырудан басталды. Инабаттылық пен имандылық, отбасыдағы әжелер тәрбиесі, олардың ақыл-кеңестері мен ұлттық құндылықтары әрбір ақ жаулықты қатысушының бойынан табылды.
 «Ел болам десең, бесігіңді түзе», «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы», «Салтым–асыл қазынам», «Шебердің қолы - алтын». Сайыс осындай 4 кезеңнен тұрды. Өзара бақ сынаған әжелер барлық бөлімде еш мүдірмей,  кез-келген сұраққа жауап берді. Жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, жас ұрпаққа салт-дәстүрімізді жан-жақты дәріптеуге тырысты.
Бұған дейін шымшаһар мен түстіктің біраз өңірінде өткен байқау Мақтарал ауданында да кең көлемде өрбіді. Жарыс болған жерде жеңіліс пен жеңіс қатар жүреді. Әділқазылар көргені, көкейге түйгені көп ақ аналардың ішінен ең жүйрігін, ақылы кемелдісін таңдап алды. Көп көңілінен шыққан мырзашөлдік әжелер арнайы мадақ-марапатқа ие болып, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Толығырақ ...