25Шілде2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» 25 жұлдызды күн іс-шаралар жоспарына сәйкес 26 қараша - «Азаматтық қоғам» күніне орай  Шымкент қаласы әкімдігінде іс-шара өтті.
     Бұл күні Шымкент қаласының әкімдігіне үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және жастар ұйымдарының өкілдері шақырылды. Онда қала әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлының төрағалығымен «Азаматтық қоғам – құқықтық мемлекет» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.  Қоғамдық ұйым белсенділері «дөңгелек үстел» барысында елдегі демократия  процестерінде азаматтық қоғамның белсенділігін дамытудың маңыздылығы және қоғамдық институттарды нығайту мен қолдау шаралары туралы талқыланды.
      Іс-шара барысында тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғамды дамытуға елеулі үлес қосқан 25 белсенді үкіметтік ұйым төрағалары қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапатты табыстаған қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, Шымкент қаласында 400-ге жуық үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс атқаратындығын, қоғамдық ұйымдар билік өкілдеріне қаладағы әлеуметтік мәселелерді шешуде белседі үлес қосып келетіндігін атап өтті. Диалог барысында үкіметтік емес ұйым өкілдері тарапынан  қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудағы ұсыныс пікірлері тыңдалды.
Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. 

Толығырақ ...

Қос мереке қарсаңында - ел Тәуелсіздігіне 25 жыл, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай, «25 жылдыққа – 25 игі іс» шарасы аясында Қазығұрт ауданыныңАлтынтөбе ауыл округі Қосағаш елді мекенінде жаңа көпір пайдалануға берілді. Бұл аудан көлемінде тәуесіздік жылдары салынған 8-ші автокөлік жүретін көпір.
Біраз жылдардан бері орталықпен 1500 тұрғыны бар Қосағаш ауылын қосатын көпірдің болмауынан Қаржан өзенінен өту мұң болатын.
Міне, биыл сол көпір салудың сәті түсті. Облыстық бюджеттен 126,5 млн. теңге қаржы бөлініп, оны «Арсенал-Юг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып, белгіленген мерзімде ел игілігіне ұсынып отыр. Көпір бүгінгі талапқа сай. Ұзындығы 90 метр, ені 8 метр. Түрлі көліктердің жайлы өтуіне жағдай жасалған.
Көпірдің ашылу салтанатына аудан әкімі Т.Телғараев қатысып, көпір салуға атсалысқан ауыл азаматтарына, құрылысшыларға алғысын білдірді.
Айта кеткен жөн, ауданның елді мекендер арасына алдағы 2020 жылға дейін тағы 4 көпір салу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта бұл автокөлік жүретін көпірлер салынатын болса, онда аудан көлемінде көпірлер саны 28-ге жететін болады.
 

 

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (одан әрі - TIKA) Қазақстандағы өкілі Әли Ихсан Чаглармен кездесті.
Басқосуда тараптар бауырлас қазақ-түрік қарым-қатынасын одан әрі жақсарту жайын талқылап, алдағы күндері қолға алынатын нақты жоспарлы жұмыстарға көшті.
Атап айтқанда, таяуда TIKA ұйымының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы медицина мамандары арнайы оқыту курсынан өтіп, біліктілігін жетілдірмек. Шымкентте осы жылдың 2-5 желтоқсан күндері өтетін тәжірибе алмасу семинарына 75 дәрігер қатысып, онда ана мен бала денсаулығын сақтау, оның ішінде, ана мен бала өлімін азайту тақырыбында дәріс алмақшы. Ал тәжірибе алмасу курсында белсенділік танытқан дәрігерлер Түркияға жіберіліп, ол мамандар елге келген соң өзге де әріптестерінің білімін шыңдауға атсалысатын болады.
Кездесу барысында, аймақ басшысы өңірімізге арнайы келген мәртебелі мейманға алғысын білдіріп, аталған жоба аясында жан-жақты қолдау көрсетуге  дайын екенін жеткізді.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына ортақтасып, қуанышымен бөлісуде осындай жұмыстарды ұйымдастыруды көздеген аталған ұйымның Қазақстандағы өкілі Әли Ихсан Чаглар бұл жобаның бұған дейін өзге де мемлекеттерде ұйымдастырылып, оң нәтиже көрсеткенін айтты.  
Айта кету керек, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің әлемнің 56 елінде филиалдары бар. Жер-жаһанның 150 елімен ынтымақтық жобаларын жасасқан TIKA ұйымы соңғы 3 жылда ынтымақтастық жұмыстары мен гуманитарлық көмектердің арқасында әлемде бірінші орынға шыққан. Денсаулық сақтау саласындағы аталған жоба ұйымның қыруар жұмыстарының бір ғана бөлігі болып табылады.

Толығырақ ...

Қазақстан жылына 19 мың тонна уран өндіріп, бұл салада үздіктердің қатарына енді. Мұнда Созақ ауданынан алынатын құнды табиғи байлықтардың орны ерекше.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ең алғаш іс-сапарын осы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасымен  кен өндіру орындарын аралаудан бастаған болатын.
Кездесу барысында аймақ басшысы Ж.Түймебаев «Қазақстан уран өндіруде дүниежүзі бойынша үздіктердің қатарына енеді. «Қазатомөнеркәсіп» ауданның ғана емес, облыстың да экномикасын ілгерілетуге үлес қосып келеді. Өндіріске қажетті көптеген заттар осы облыстан алынуда. Компанияның сұранысының нәтижесінде Шолаққорғанда жекелеген кәсіпорындар ашылып, өнім шығарып жатыр. Кәсіпорын қызметкерлерінің 70 пайызын, яғни, 7 мыңын Созақ ауданының тұрғындары құрайды. Мұндай ынтымақтастық тереңдете беруіміз керек», - деп атап өткен болатын.
Басқосу барысында екіжақты осынау уағдаластықты одан әрі жалғастырып, нығайту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасында меморандум түзілді. 
Әлеуметтік даму саласындағы қарым-қатынастарды нығайтып, қолдау көрсету, ондағы қызметкерлердің жұмыс орындары мен жалақысын қысқартуға жол бермеу, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, оның ішінде жалақы берешегін өтеу бойынша жұмыстарды жандандыру, сонымен қатар, жергілікті қамтуды дамыту саласында қолдау көрсетуді көздейтін құжат қос тарапқа да пайдалы болмақ. 
Айта кету керек, «Қазатомөнеркәсіп» – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. 
Қазатомөнеркәсібі, ұлттық атом компаниясы – атом-энергетикалық ірі кәсіпорын. 1997 ж. 14 шілдеде құрылған. Компанияның жарғылық қорына Степной, Орталық, ғ6 республикалық біріккен мемлекеттік кен басқармаларының мүліктік кешені,Үлбі металлургия зауыты, “Волковгеология”, “КАТЭП” акционерлік қоғамдарының мемлекеттік пакеттері енгізілген. Степной кен басқармасы, Орталық кен басқармасы және ғ6 кен басқармасы “Қазатомөнеркәсібі“ компаниясының бөлімшелері болып қайта құрылды. “Қазатомөнеркәсібі” КОЖЕМА ядролық материалдар бас компаниясы (Франция), КАМЕКО корпорациясы (Канада), ЗАМБЕЗИ холдинг С.А. халықаралық корпорациясы(Швейцария) сияқты әлемдік маңызы бар фирмалармен бірлесіп, “Катко біріккен кәсіпорны” ЖШС мен “Инкай біріккен кәсіпорны” ЖШС-н құрды. Уран өндіруші және оны ішінара өңдеуші бұл кәсіпорындар 2001 жылдан бастап өнім бере бастады. Степной кен басқармасы (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Степной кенті) – УванасМыңқұдық кеніштері кенін байытады. Кеніштің жобалық қуаты – жылына 800 т. Орталық кен басқармасы (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Таукент кентіҚанжуған кеніші кенін байытады. Жобалық қуаты жылына – 600 т. ғ6 кен басқармасы (Қызылорда облысы) – Сырдария уранды өңіріндегі қалың қабатты-инфильтратты уран кеніші кенін байытумен айналысады. Солтүстік-Қарамұрын кенішінде уран бірегей терең әдіспен – құбыр арқылы жер асты күкірт қышқылымен сілтісіздендіру жолымен өндіріледі. Жобалық қуаты жылына – 700 т. Үлбі металлургия зауыты ашық акционерлік қоғамы (“ҮМЗ”) ИСО стандарттарына сәйкес сапаны басқару менеджменті бойынша халықаралық сертификаттаудан өткен. Кәсіпорында өндірілетін бериллий сапасының жоғарылығы нәтижесінде әлемдік нарықтың 10%-ы осы зауыттың үлесіне тиеді. Кәсіпорында реактор қауіпсіздігін арттыратын эрбий мен гадолиний күйгіш жұтқыштары қосылған отындық өнім өндіріле бастады. Қазіргі кезде әлемнің әр 20-энергия блогі “ҮМЗ-да” дайындалған отынды тұтынады (2003). АҚШАнглияФранция және Германия тұтынушыларымен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалған. Зауытта Еуразия құрлығындағы ең ірі тантал-ниобий өндірісі қайта қалпына келтірілді. Оның өнімдері электрондық, ядролық, химиялық, мұнай-газ және металлургия өнеркәсібінде, сондай-ақ, медицинада қолданылады. 

Толығырақ ...

Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ 25 жұлдызды күндер іс-шаралар жоспарына сәйкес  28 қараша – «Ұлттық валюта» күніне арналады. Қазақстан республикасынің экономикасы мен бюджетіне үлес қосқан азаматтарды құрмет көрсету үшін "Тәуелсіздік жолындағы еңбек" атты салтанатты іс-шара өтіп, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рақымберді Жанысбекұлы Мүлкеманов бірқатар экономика саласындағы мамандарды ерен еңбегін атап көрсетіп, марапаттарын тапсырды.
Жалып теңгенің тарихына келетін болсақ,  ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Респуб­ликасы­ның ұлттық ва­­лю­­та­сын енгізу туралы» Заңынан бастау алады. Арада үш күн­ өткенде, 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда-сат­тық жасау құралы ретінде төл теңге қол­да­нысқа енді.
Ескі үлгідегі ақ­­ша­лар­ды Қазақстанның жаңа теңгесіне айыр­бастау 20 қараша күні аяқталды.
1991 жылы теңге дизайнын әзiрлейтiн мамандар тобы құрылды. Осы топқа кiрген Тимур Сүлейменов, Меңдiбай Әлi, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов пен Хайролла Ғабжәлел ұлттық валюта дизайнын әзiрлеуге кiрiстi. Ал тиынның дизайнын жасау Айрат Исмамбетов пен Виктор Ивженкоға тапсырылды.
Алғашқы тең­ге­­нi «Harrison&sons» компаниясы Англияда басып шығарды. Қазақтардың төл теңге­ні қағазға ба­сып беру тура­лы тапсырысы­ компа­нияның әлем­дік­ дең­гейде атын шы­ғаруға себеп болды. Теңгенің арқа­сын­да аталмыш компания Ұлыбритания ханымының Алтын белгісімен марапатталып, біздің ұлттық валютамыз Британия корольдігінің ең үздік экспорттық өнімі аталды.
Жер шарына атын шығарған теңгеге құрмет ретінде ағылшын компаниясының бас ғимаратында біздің ақшамыздың суреті салынған тақта ілінді. Содан айналымға енгізілген қағаз ақша түріндегі тиындар уақыт өте келе темір ақшаға айырбасталса, арада көп ұзамай, ұсақ ақшалар түгел темірге көшірілді.
Ұлттық валютамыз айналымға енгізілгенше ағылшындар мен Қазақ елінде болып жатқан оқиға туралы тірі жан білмеген. Лондоннан жеткізілгеннен кейін теңге 8 күннің ішінде еліміздегі барлық банкке түгел таратылды. Осылайша, ұлттық валютамыз отандастар қолына тиді.
Қажетті жабдықтар мен заманауи технология алынған соң, теңге өз елімізде шығатын болды. Бұл 1995 жылдың мамыр айы еді. Тұңғыш банкнот фабрикасын Елбасы Нұр­сұл­тан­ Назарбаевтың өзі барып ашқан болатын. Фото авторы: Асхат Әсетұлы

Толығырақ ...