20Тамыз2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Облыс

«ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес компанияларының барлық кеңселері осы жылдың соңына дейін Шымкентке көшіріледі. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтың «ҚазАтомӨнеркәсіп" ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдауында айтылды деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.  «Қазатомөнеркәсіптің» өндіруші кәсіпорындары кеңселерінің көшуі Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде іске асырылуда. Кеңселердің қоныс аударуы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді және кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін арттырады деп күтілуде. Нәтижесінде, жыл сайын облыс бюджеті 35 миллард теңгемен толығатын болады. Бүгінге дейін кәсіпорынның еншілес компанияларының үш орталық аппараты Оңтүстік Қазақстан облысына көшіп үлгерген. Жыл соңына дейін тағы бес бас кеңсе Оңтүстікке келіп, нәтижесінде 500 отбасы қоныс аударатын болады. «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның әкімшілік кеңсесі мен еншілес компанияларының ғимараты үшін Шымкент қаласының жаңа іскерлік орталығының маңынан көлемі 2,6 гектарды құрайтын жер телімі бөлінген. Жиында Б.Атамқұлов Елбасының «ҚазАтомӨнеркәсіптің» кеңселерін көшіру тапсырмасын қолдайтынын айтса, басқарма төрағасы А.Жұмағалиев осы көш барысында кәсіпорындарға көрсетіп отырған көмегі үшін облыс әкіміне алғысын білдірді. Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене қатысатынын атап көрсетті. Сонымен қатар, бұған дейін кәсіпорын иелігінде болған 12 әлеуметтік нысан ОҚО әкімдігінің балансына өтіп, оларды ұстап тұруға ұлттық компаниядан биыл 88 миллион теңге бөлу көзделіп отыр. Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» жаңа әлеуметтік нысандар құрылысы үшін облыс бюджетіне биыл 800 миллион, 2016 жылы 1 миллиард…

Толығырақ ...

Кентау - бұрыннан өндіріске жақын қала. Қала халқы ежелден еңбекқор, егін егіп, мал бағып, енді бірі өндірісте кәсіп етіп жүрген жандар. Қаланың көркі де жыл сайын көріктене түскендей. Кентау қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер, асхана меңгерушісі Башарат Гайбишева былай дейді: -         Өзімнің мамандығым педагог. Алайда тоғыз жылдан бері асхана ашып, осы кәсіптен нан тауып келемін. Біздің асханамыз мекемелердің қасында орналасқандықтан, көбінде қызметкерлердің түскі асын дайындап берумен шектеледі. Әзірге қарамағымда үш адам бар, оның біреуі –аспаз, екіншісі ыдыс жуушы, үшіншісі аспаздың көмекшісі. Аспаздың та өнер. Егер бармағыңнан бал татып тұрмаса, күнделікті тұтынушыларды тарту оңай емес. Себебі, маңайымызда асхана көп. Бәсеке жеткілікті, қалайда нарыққа бейімделу мақсатында тамағымызды дәмдендіріп ғана қоймай, асхананың тазалығына, дизайнына, жиһаздық интерьерлеріне мән беру керек. Бұл нарық талабы. Осындай талғамдылықтың арқасында шығар, қазір біздің ас бөлмемізде келімді-кетімді адамдар күннен күнге көбейіп келе жатыр.  Асханаға күніне 40-50 адам келеді. Ас-ауқат ішетін орын болғандықтан тамақтың сапасы, дәмі, асхананың  іші-сырты мұнтаздай таза болуы керек. Сондықтан барлығын жаңарту мақсатында, әрі асхананы кеңейту үшін қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына барып, несие алу жөнінде өтініш жаздым. Көп ұзамай «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» екінші бағыты бойынша құжаттарым мақұлданып, үш миллион теңгеге қол жеткіздім. Алған қаржыға асханаға тоңазытқыш, мұздатқыш, басқа да қажетті құрал-жабдықтар сатып алдым. Сонымен бірге…

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапармен Түлкібас ауданына келді. Түлкібас ауданына жасаған жұмыс сапарында аймақ басшысы  «Арсен Ас» ЖШС-нің жеміс-жидек концентраттарын және табиғи сусын шығару цехының жұмысымен танысты. "Егер кәсіпорын осы қарқынмен жұмыс істей берсе, жергілікті халық шетелден келетін сусындарға иек артпайтын болады" дейді цех басшысы ОҚО әкімінің алдында жұмыстың жай-жапсарын баяндай отырып. Себебі, кәсіпорын экологиялық таза отандық, әрі бағасы көңілге қонымды өнім шығарып жатыр. Бұл жобаның жалпы құны 600 миллион теңгені құрайды. Оның 480 миллион теңгесін «Максимум» АИО қаржыландырған. Алдағы уақытта сусындар облыс тұрғындарын ғана емес, республика жұртшылығын да өніммен қамтымақ. Сондай-ақ, ауданға сапары барысында облыс басшысы Мичурин ауылына ат басын бұрып,  «Мөлдір» ЖШС-нің Түркиялық компаниямен бірлесіп бастаған интенсивті бау-бақшаны аралап көрді. 115 гектар алқапта жоғары сұрыпты алмалар егілген. Түлкібас онсызда халық жұртқа қызыл алмаларымен танымал. Мұнан басқа ауданда ауданда 2600 гектар жерге алма бауы егілгенін айта кетейік. Сапар барысында облыс басшысы аудан орталығының бас жоспарымен танысып, аудан арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік жол дәлізінің құрылысын бақылап көрді. Мұнан соң аймақ басшысы Машат ауылындағы Баймахановтар отбасы демеушілік еткен балабақша, спорт кешені, балабақша, кітапхана және аллеяны аралады. Іргетасы 2011 жылы қаланған кешенде спорттың волейбол, еркін күрес, бокс және футбол түрлерінен спортшылар жаттығып, дайындалады. Өткен жылы пайдалануға…

Толығырақ ...

Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев Қытайдың Шаньси провинциясының делегациясын бастап келген Шаньси провинциясының Халықаралық сауданы қолдау комитеті төрағасының орынбасары Цзинь Чэнфумен кездесті. Бұл Қытай тарапынан жауап ретінде жасалып отырған сапар. Себебі, оңтүстікқазақстандық іскер топ үстіміздегі жылдың қаңтар айында Қытай Халық Республикасында іссапармен болды деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.  Атап өткен жөн, Шаньси ОҚО үшін стратегиялық маңызы зор әріптес. Оған дәлел ретінде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Провинцияның халық саны – 40 млн., сонымен қатар мұнда Қытай бойынша ең жоғарғы жалпы аймақтық өнім көрсеткіші тіркелген – 160 млрд. АҚШ доллары.  Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 18-25 қаңтар аралығында инвестиция тарту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының бір топ делегациясы Қытай Халық Республикасына іскерлік сапармен барды. Оның шеңберінде Шаньси, Хэбей және Шандунь провинцияларындағы ірі кәсіпорындарында болып, келіссөздер жүргізді. Екі ел арасында қалыптасқан экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және аймаққа мейлінше мол инвестиция тарту мақсатымен ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында Қытай мемлекетінде ОҚО кәсіпкерлерінің қатысуымен кеңкөлемді роуд-шоу өткізу жоспарлануда. Облыстық әкімшілікте бүгін өткен екіжақты келіссөздер барысында Шымкентте Қазақстан-Қытай индустриалды аймағын ашу және қытайлық инвесторларды өңірге тарту мәселелері бойынша келісімге қол жеткізілді.  Шымкентте таулы-шахталы кәсіпорындарға арналған локомотивтерді және фотоэлектрлі өнімдер мен күн сәулесі электростанцияларына арналған жабдықтарды шығарумен айналысатын зауыттарды салуға қатысты келешек…

Толығырақ ...

Жалпы еліміздегі жылыжайлардың 87 пайызы Оңтүстік Қазақстанға тиесілі соның 50 пайызы Сарыағашта орналасқан. Облыс әкімі шетелден келетін өнімдерінің орнын толтыру үшін жауаптыларға осы салаға барынша басымдық беріп, еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысты отандық өнімдермен алмастыру бағытында жоспарлы жұмыс жасауды міндеттеді. Осы тұрғыда Сарыағаштағы жылыжай мен тамшылатып суару технологиясын ендіру тәжірибесін өзге аудандарға үлгі ретінде таратуды айрықша айтты. Өз кезегінде «Жабай ата» шаруа қожалығының жетекші Ергеш Төребеков инновациялық әдістердің нәтижесінде өндірілген өнім көлемінің екі мың тоннаға жеткенін жеткізді.     Қазіргі таңда оңтүстікқазақстандық диқандар мен кәсіпкерлер кедендік одақтың игілігін барынша ұтымды пайдаланып келеді. Облыста өсірілген бақша өнімдері мен өзге де ауыл шаруашылығы тауарлары еліміздің солтүстік өңірлері мен алыс-жақын шет елдердің нарығына экспортқа шығарылуда.         Сарыағаш курорттық аймағын дамыту жобасының таныстырылымына арналған мәжілісте ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Бауыржан Омарбеков бүгінде 134 га жердің игерілгенін жеткізіп, болашақта аумақтың 600 га құрайтынын айтты. Жоспар бойынша аймақ біркелкі қоршаумен қоршалып, жол жөнделеді, ағаш көшеттері отырғызылады, көгалдандыру жұмыстары қолға алынады. Ескі ғимараттардың іші-сырты әрленіп, инфрақұрылым ретке келтіріледі. Заман талабына сай жайлы мейрамхана, қонақүй, аквапарк салынып, сауда қатарлары біркелкі түрге енеді. Сондай-ақ, шипажайға барар жолдың бойына еңселі арка салынады. Сапар  барысында облыс әкімі Жаңа құрылыс елді мекеніндегі құрылысы аяқталған мектептің…

Толығырақ ...

Page 2 of 5