24Мамыр2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Облыс

               Түркі әлемінің рухани орталығы саналатын Түркістан шаһарында қала күні қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылып, ел игілігіне берілді деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 15 млн. теңгеге Түркістан мен Кентау қалаларын байланыстырып тұрған көпір күрделі жөндеуден өтті.                Бұл нысанның төрт бұрышына кіші сәулеттік кескіндемелер орнатылып, айналасы абаттандырылды. Сондай-ақ талай жыл баспана кезегінде тұрған түркістандық 140 отбасы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген 60 және 80 пәтерлік екі көпқабатты тұрғын үйге қоныстанды. Бұл мақсатқа облыстық қазынадан 633 млн. қаржы бөлінді. Осылайша талай жыл баспана тауқыметін тартқан түркістандықтар мемлекеттік бағдарламаның шапағатын көріп, игілігін сезінді. Бүгінде Түркістан қаласында бір жарым мыңға жуық азамат үй кезегінде тұр. Жергілікті билік осы мәселені оңтайлы шешудің жолын қарастырып, көне шаһардың шығыс бөлігіне жаңа шағынаудан салуды, көздеп отыр. Бұл мақсатқа жобалық-сметалық құжаттар рәсімделді. Келер жылы қазынадан қажетті қаржы бөлінсе, әрқайсысы 60 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге дайын отыр. Қалалық әкімдік осылайша баспанаға деген түркістандықтардың өтінішін кезең-кезеңімен шешуді қолға алмақ.  

Толығырақ ...

         «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ірі құбыр салу жобасы болып табылады және мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруда маңызды роль атқарады.           Бұл жоба қазір газ импортына тәуелді болып отырған еліміздің оңтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Газ құбыры іске қосылған соң импорттық жабдықтаудан толықтай бас тартуға мүмкіндік береді, ішкі нарыққа энергия қорын жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазақстанның бірқатар аймақтары үшін газ құбырын салу және пайдалану макроэкономикалық және әлеуметтік тұрғыдан өте тиімді, бұл әлеуметтік сала мен өндіріске қосымша инвестицияларға жол ашады. Болашақта «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры арқылы Қытайға табиғи газды экспорттау іске асырылмақ, бұл елімізге қосымша қаржы көздерінің келуін қамтамасыз етеді. Екінші кезеңді іске асыру 2014-15 жылдар аралығына жоспарланды.  Болашақта газ құбырының қуатын 15 млрд шаршы м дейін кеңейту, оның ішінде Қытайға Қазақстанның Ұрықтау және Жаңажол кен орындарынан табиғи газды экспорттау  жоспарлануда. Газ құбыры құрылысының сметалық құны жобалық қаржыландыру түрінде 3,5 млрд долларды құрайды. Қаржыландыру көлемі құрылыс және инжинирингтік жұмыстарды жүргізуге қажетті күтіліп отырған көлемді ескерсек, жеткілікті түрде үйлестірілген.            Бүгіндері  «Бейнеу-Бозой» халықаралық газ магистралінің екінші кезеңі басталып, оның бір жарым мың шақырымы бітіп үлгерді, қалған үш жүз шақырымы жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл құбыр арқылы еліміздегі үш…

Толығырақ ...

 Оңтүстік Қазақстан облысында тәулігіне 600 тонна қуаттылығы бар қызанақ қайта өңдеу бойынша зауыттың өндірісі қайтадан қосылды. Қызанақ егілген жерлерде егін жинау науқаны жүргізіліп жатыр. Зауыттың технологиялық желілері шикізатты қайта өңдеуді және томат езіндісі концентратын шығаруды бастады, деп хабарлады «Жаңа Ақдала» Агрофирмасы» ЖШС баспасөз қызметінен.  Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданындағы «Жаңа Ақдала» Агрофирмасы» ЖШС қызанақ қайта өңдеу зауыты 2009 жылы пайдалануға берілген. Өндірісте «Rossi Catelli» маркалы итальяндық жабдық қойылған. Іске қосылу сәтінен бастап және 2012 жылдың соңына дейін зауытта 9 000 тонна көлемінде томат пастасының концентраты шығарылды, бірақ қаржыландырумен және менеджментпен байланысты мәселелер үшін кәсіпорын өз жұмысын тоқтатқан болатын. 2014 жылдың қыркүйек айында қайта өңдеу кәсіпорнында өндіріс технологиялық желілерін сауықтыру бойынша жүргізілген шаралардан кейін қайтадан өнім өндіруді бастады. Бүгінгі күні шаруашылық 170 га жерде егін жинау науқанын жүрігізіп жатыр. Биыл 10 мың тоннаға жуық қызанақ жиналады, ал концентратталған томат пастасы - 1400 тоннадан астам көлемде шығарылады деп жоспарланып отыр.   Қазақпарат

Толығырақ ...

Ақмола облысына жасаған жұмыс сапарының барысында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне сапар жасады. Мемлекет басшысы ақпараттық стендтермен танысып өтіп, оқу мекемесінің педагогикалық ұжымымен, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарымен бейресми әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында Президент білім беру жүйесінде өткізіліп отырған реформалар мәселесін қозғап, білім беру процесін жаңғырту қажеттілігін атап өтті. Дәл сондықтан үздік халықаралық білім беру бағдарламаларын байқап көруде тәжірибелік алаң болып табылатын Назарбаев Зияткерлік мектептеріне ерекше назар аударылады. Облыста Назарбаев Зияткерлік мектебінің ресми ашылуы 2009 жылдың 1 қыркүйегінде болды, оқу мекемесінің жобалық қуаттылығы - 1200 адам. Бүгінде білім ошағында 799 бала оқиды, 180 адам жұмыс істейді. Биыл мектепті 87 оқушы бітіріп шықты, олардың 21-і оқуды «Алтын белгімен», 8-і - үздік аттестатпен аяқтады. Оқушылар түрлі байқаулар, олимпиадалар және жарыстардың тұрақты қатысушылары болып табылады. 2011 жылы төрт оқушы Еуропада (Рим, Венеция, Альпі, Париж) шығармашылық және ғылыми жұмыстар байқауының (Фиджип-Евроталант-2011) жүлдегерлері болды. Сол жылы Швейцарияда өткен Халықаралық ғылыми олимпиадада мектеп оқушылар 5 жүлделі орынды иеленді.

Толығырақ ...

Page 5 of 5