20Қазан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Облыс

Оңтүстік Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту мақсатында 9 айда 4,4 млрд. теңгеге, 1615 жоба қаржыландырылды. «Сыбаға» бағдарламасымен 7865 бас ІҚМ сатып алынып меже 1,8 есеге артығымен орындалды. Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жылқы шаруашылығын дамытуда «Құлан», қой шаруашылығын дамытуда «Алтын асық» несие бағдарламалары жүзеге асырылуда. Облыста «Агробизнес -2020» бағдарламасы арқылы «Инвестциялық субсидия» бағыты іске асырыла бастады. Бағдарлама аясында 29 – жоба түсіп, оның 17 мақұлданып, 11 қаралуда. Сондай–ақ облыста 36 ет, 36 сүт, 38 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс жасайды. Қайта өңдеу көлемі тоғыз айда 102,1 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстарғанда 8,7 пайызға артты. Есепті кезеңде өндірілген ет өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 105,3 пайызға артып, 137 мың тоннаға, 546 мың тонна сүт өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 102,3 пайызға артты, ал жұмыртқа 221 млн. дана өндіріліп, 102 пайызға артты. ОҚО ауыл шаруашылық басқармасы  

Толығырақ ...

Биыл оңтүстікқазақстандық дихандар 2,3 млн тонна бау-бақша өнімін жинады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 250 мың тоннаға артық. Егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 16 мың га ұлғайып, жалпы 790 мың га құрады. Облыста қарқынды бау бақшаларды дамыту мақсатында биылғы жылы қосымша 2257 га жерге жеміс-жидек егілді, оның ішінде 600 га интенсивті бау болса, 744 гектарына жүзім отырғызылды. Республикадағы мақтаның 100 пайызы, жүзімнің 70, бақшаның 64, мақсарының 49, жеміс-жидектің 40, көкөністің 23 пайызы біздің облыста өндіріледі. Облыстан негізінен экспортқа картоп, көкөніс, бақша, бидай, ұн, балық және балық өнімдері, өсімдік майы, құс еті және мақта талшықтары шығарылуда. Суармалы жерлердің көлемі 292,0 мың га ұлғайтылып, 56,2 мың га жаңадан жер қосылды. Жылыжайлар көлемі 151 га ұлғайып, 871,0 га жетті. (республикадағы үлесі – 86 пайыз). Бүгінгі күнге 120 мың тоннаға жуық өнім алынды. Жыл соңында жылыжайлар көлемі 900 га жеткізіледі. Тамшылатып суару әдiсi 6,4 мың га енгізіліп, жалпы көлемі 33 мың гектарға жеткендігін айтты (республикадағы үлесі - 84%). Облыста жеміс - көкөніс сақтау қоймаларының жалпы сиымдылығы 200 мың тоннаға жетіп, республикадағы 5/1 бөлігін құрап отыр. Жыл соңына дейін қосымша сиымдылығы 10 мың тонна заманауи үлгідегі қоймалар іске қосылады.

Толығырақ ...

"Шымкент инновация» компаниясы және М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұйымдастыруымен «Оңтүстік инновация» байқауының «Ақпараттық технологиялардағы инновация» тақырыбындағы байқау мәресіне жетті. Іріктеу тур қорытындысы бойынша IT технологиялар саласында 10 инновациялық жоба финалға жолдама алған болатын.  Сонымен әділқазылар алқасы алдында әр өнертапқыш өз жобасының инновациялық тұстарын көрсетуге мүмкіндік алды. Байқау талаптарына сай жобаларға баға беруде идеялардың инновациялық тақырыпқа сәйкестігі, автордың тақырыпты аша алуы, сонымен қатар, жобаның бүгінгі күндегі өзектілігі ескерілді.  Байқау қорытындысы бойынша I орын «Оңтүстік карта» қосымшасы» жобасының иесі А.Федоскинге, II орын «Электронды физика» жобасының авторы Д.Бенсеитовке, III орын «Диагнозды анықтау және кеңес беру сараптама жүйесі» инновациялық жобасының авторы А.Бектілеуовке бұйырды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйақы мен бағалы сыйлықтар табысталды.  "Шымкент инновация"  

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылыжайлардан 120 мың тонна өнім өндірілді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қанатбек Оспанбеков журналистермен өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. Қанатбек Оспанбековтың айтуынша, биыл аймақтағы жылыжайлардың көлемі 151 гектарға артқан. Жалпы, 871 гектар жылыжайға егін егілген. «Бұл республикадағы жылыжайлардың 86 пайызы деген сөз», − дейді басқарма басшысы. Қанатбек Оспанбеков басқарып отырған басқарманың есебінше, бүгінгі күнге дейін жылыжайлардан 120 мың тоннаға жуық өнім алынған. Ал жыл соңына дейін жылыжайлар көлемін 900 гектарға жеткізу жоспарланған. Дилара РЫСДӘУЛЕТ

Толығырақ ...

Таяуда ОҚО әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қалтасы қомақты, инвестор болуға дайын кәсіпкерлермен және депутаттармен кездесті. Бас қосуда еліміздегі шағын және орта бизнесті дамытуға арналған несие мен субсидияларды қалай қамтуға болатыны жөніндегі сұрақтарды талқылады.  Сондай-ақ, әңгіме барысында нақты қай саланы дамытуға көңіл бөлу керек, қай саланы қаржыландырған тиімді деген ұғынуға тырысты. Негізінен жергілікті кәсіпкерлерді ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік қолдаулар қызықтырды, көбінесе олардың ойлары бірлесіп кәсіпорын құру туралы мақсатта тоқайласып жатты.  Сапарбек Тұякбаев сөз реті келгенде, алдағы уақытта 7 қараша күні Шымкент қаласында  халықаралық инвестициялық форум болатынын құлағдар етіп үлгерді. Форумға әлемнің түкпір-түкпіріндегі 15 елден екі жүзге тарта кәсіпкерлер келмек, соның ішінде Ресей, АҚШ,  Германия, Италия, Швейцария, Чехия, Туркия, Малайзия, Қытай тағы басқа елдерден инвесторлар келеді деп жоспарланып отыр.  

Толығырақ ...

Page 4 of 5