24Мамыр2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Облыс

Облыс бойынша өнеркәсіп саласында өндірілген өнімнің Созақ ауданындағы үлесі 30 пайызды құрайды. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Аманғали Аймұрзаев облыс әкімдігінде өткен баспасөз маслихатында баяндады. Созақ ауданының өнеркәсіп саласы бойынша биылғы жылдың тоғыз айында тауарлы өнім өндіру көлемі 141 млрд. 560 млн. теңгені құрап 2013 жылмен салыстырғанда 107,5 пайызға артығымен орындалды. Оның ішінде, өндіріс саласы бойынша 135 млрд. 314 млн. теңгенің өнімі өндіріліп 2013 жылмен салыстырғанда 108,6 пайызға артық орындалды, ауыл шаруашылығы саласы бойынша 6 млрд. 246 млн теңгенің өнімі өндірілді. Ал негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 25 млрд. 4 млн. теңгені құрайды. Ауданда кәсіпкерлік субъектілердің саны 2685 бірлікті құраса, жыл басынан жаңадан 169 кәсіпкерлік субъектілері ашылып, 160 адам жұмыспен қамтылды деді, аудан басшысы А. Аймұрзаев. ОҚО әкімі аппараты әкімінің баспасөз қызметі 

Толығырақ ...

 Биылғы жылы Қазығұрт ауданында 40600 га егілген астықтан 69800 тонна өнім жиналды, деп хабарлады аудан әкімі Болатбек Қыстауов облыс әкімдігінде өткен баспасөз маслихатында. Аудан негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде астық және мал өнімдерін өндірумен айналысады. Агроөнеркәсіптік кешенін 2011-2015 жылдарға дамытуға арналған іс шарасы жасалынып, 14468,1 млн теңгенің өнімі өндірілді. Егістікті әртараптандыру нәтижесінде жоспарланған 85300 га егістік жер толығымен игерілді. Егілген 40600 га астық орылып 69800 тонна астық бастырылып орта өнім 17,2 центнерден айналуда. Астық оруға 207 комбайн қатыстырылып, ысырапсыз жиналып алынды дейді, аудан басшысы. Сонымен қатар 9 гектарға жылыжай салу тапсырмасы 9,64 гектарға, яғни 107,1 пайызға орындалып, жалпы 73,2 га жеткізілді. Есепті кезеңде аудан әкімі тамшылатып суару әдісі 357,6 га енгізіліп, 1543 га жеткенін, жыл соңына дейін 159 гектарға ендірілетінін айтты. ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі 

Толығырақ ...

Төлеби ауданында шағын және орта бизнес субъектілер саны 8737 бірлікті құрап, жұмыс істейтіндер саны 14545 адамға жетті. Ауданда ағымдағы жылдың 9 айында шағын және орта бизнес саласында өндiрiлген өнiм және көрсетілген қызметтер көлемі 25 млрд 739 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд 572 млн теңгеге артты. Бюджетке 403 млн теңге салық түсті. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 9 айда 264 кәсіпкерлерге кеңес беріліп, 162 адам оқытылды. 79 кәсіпкерлерге құжаттарын рәсімдеуге, 3 кәсіпкерге 5 млн теңге көлемінде несие алуға көмек көрсетілді. Аудан бойынша жалпы қаржыландыру көздерінен кәсіпкерлікті дамытуға 2014 жылдың 9 айында 1 млрд 819 млн теңгенің 4495 жобасы қаржыландырылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы 8 жобаның қаржыландыруын ұйымдастыру жоспарланған болса, 9 айында 563 млн 300 мың теңгелік 6 жоба мақұлданды. "СТ-KZ" сертификатын кәсіпкерлерге және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге алуын қамтамасыз ету бойынша, ауданда 29 кәсіпорын 53 түрлі өнімдеріне сертификаттарын алды. Кәсіпкерлік мектебінің құрылысына Леңгер қаласынан жалпы алаңы 0,5 гектар жер учаскесі бөлінді. Оның мемлекеттік актісі алынып, бүгінгі күнге құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп ғимараттың 2-ші қабаты қалануда. Үдемелі индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы 3 млрд 985,6 млн теңгелік 8 жоба іске асырылуда, нәтижесінде 314 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда оның 6 жобасы іске қосылды. 2014 жылдың…

Толығырақ ...

Индустрияландыру картасы аясында ОҚО Бәйдібек ауданында травертин тасын өндіретін зауыт салынады. Ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі 1946,96 млн.теңге болып, нақты көлем индексі 103,2 пайызды құраған. Ауданда өнеркәсіпті дамыту мақсатында екі бағытта жұмыстар жүргізілуде. Бірінші бағыт индустриялды аймақ құру. Ол үшін Боралдай ауылдық округі Жыланды елді мекенінен 21 га жер белгіленген. Жобалық- сметалық құжатқа сәйкес «Арт Құрылыс» ЖШС-і жұмыстар атқаруда. Инфрақұрлымына бөлінген 343,9 млн теңгенің жыл соңына дейін 264,9 млн. теңгесі игерілетін болады. 2016 жылға Индустрияландыру картасына травертин тасын өндіретін «doStarTas» ЖШС-і жобасы енгізілді. Жобаның құны 500,0 млн теңге, 50 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Құрылыс заттарын шығару бойынша «Сапа Шымкент» ЖШС-і (жоба құны 150 млн.тг) жобасы енгізілуде.         Ал, екінші бағыт аудан аумағынан жел электр станцияларын салуды жоспарлаудамыз. Бұл бойынша Жүзімдік ауылының маңынан 1585 га жер бөлінген. Қуаттылығы 100,5 мВт болатын жобаның құны 37,5 млрд. теңге. Қуаттылығы 42 мВт, құны 11,6 млрд. теңге болатын жобаға Шақпақ ауылының маңынан 500 га жер қаралған. Жүзімдік ауылының маңынан 700 га жер бөлініп отыр. Ол жобаның құны 12 млрд. теңге, қуаттылығы 40 мВт. Қазіргі уақытта олар зерттеу жұмыстарын жүргізуде. ОҚО Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Түлкібас ауданының бірқатар ауылдарында жаңа нысандар ашылып, халық игілігіне берілді. Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылында облыстық бюджеттен 3 млн 200 мың теңгеге полиция пунткі салынып, салтанатты түрде ел игілігіне берілді. Сонымен қатар Жабағылы ауылында 34 млн 275 мың теңгеге мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Мәдениет үйі барлық құрал-жабдықтармен қамтылған. Сол күні аталған ауылда облыстық бюджеттен 224 млн теңгеге жаңа балабақшаның қазығы қағылды. Балабақша құрылысын мердігер «Үйтас» ЖШС атқармақ. Балабақша келер жылы балаларға есігін айқара ашатын болады. Сондай-ақ Жабағылы ауылында балаларға арналған балалар алаңшасы да пайдалануға берілді. Балалар алаңшасының құрылысына аудандық бюджеттен 6 млн теңге қаржы бөлінген. Аталған жаңа нысандардың ашылуына аудан әкімі Қ.Абдуалиев, облыстық мәслихаттың депутаты К.Жартыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Анашев сөз сөйлеп, халықтың қуанышымен бөлісті. Түлкібас аудан әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Page 3 of 5