13Желтоқсан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

11 Қар

Көше тазалау техникалары сақадай сай тұр

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Қаныбеков пен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Б.Сопбеков бастаған жұмыс тобы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында және Шымкент қаласының жолдарын 2015-2016 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдерде күтіп ұстау жұмыстарымен айналысатын мекемелердің дайындық жұмыстарымен танысты. Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автомобиль жол ұзындығы 786 шақырымды құрайды. Оның 636 шақырымын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ОҚОФ, 182 шақырымын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын атқарып жатқан «Дена Рахсаз/Саргин», «Корпорация Синохайдро», «Тодини/Импреджило/Аккорд» және «АКМ – Планум» мердігер мекемелері 2015 – 2016 жылға қыс мезгілінде күтіп ұстау жұмыстарын атқарады. Бүгінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ОҚОФ республикалық манызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарына қажетті 11450 м3 инертті материалдар, 250 т тұз дайындалған. Арнайы жол техникаларының саны 59 бірлік. Қосымша аталған мекеме «Шымкентдорстрой» ЖШС, «Ақ жол» ЖШС, «Наурыз-25» ЖШС мердігер мекемелерімен келісім – шартқа отырған. Аталған жұмыстарды «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС, «Байтерек-Л.Б» ЖШС және «Югдорстрой» ЖШС атқарады. Бүгінгі таңда қала бойынша 84 арнайы қар күреу және құм себу техникасы әзірлікте тұр. Сонымен қатар, қар күреу жұмыстары барысында 12 бортты техника мен 2 грейдер де пайдаланылатын болады. Инертті материалдардың жалпы қоры: 20000 м3 құм, 3000 т тұз.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында кернеуі 220 және 500 кВ болатын электр трансформаторларын шығаратын зауыт салынатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Alageum Electric» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов айтты.

- Орта бизнестегі көшбасшы компанияларды қолдау үшін «Ұлттық чемпиондар» секілді бағдарламаны іске қосу бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының арқасында көптеген компаниялар мемлекет тарапынан елеулі қолдау алды. Мәселен, біз осы бағдарлама шеңберінде Шымкент қаласында кернеу сыныбы 220 және 500 кВ болатын қуат трансформаторларын шығару бойынша Қазақстанда алғашқы зауыт салуды жоспарлап отырмыз, - деді Е.Ілиясов.

Айта өтейік, Оңтүстік Қазақстан облысында ең алғашқы трансформатор зауыты Кентау қаласында 1959 жылы салынған болатын.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.