24Мамыр2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

09 Қар

Қытай кәсіпкерлерімен бірлесіп, бірнеше зауыттар салынатын болды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері мен Қытай кәсіпкерлері кездесті. Онда өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, облыста бірқатар зауыттар салу жайы сөз болды. Кездесу қорытындысы бойынша өңірде қант зауытын, целлюлозалық қағаз шығару комбинатын, әйнек пен шам және жарықтандыру жүйелерін шығаратын зауыттар салу бойынша келісімдер жасалды. Аталған жобаларды жүзеге асыру негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына 2 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылатын болады.

Облыс басшылығы мен «Цзинь-Ту-Ди» қытай компаниясы жетекшілігінің арасында іскерлік кездесу өтті. Аталған компания Қытайда суды үнемдеуді ендіру технологиясы бойынша ірі компаниялардың бірі болып табылады. Кездесу барысында «Оңтүстік» Индустриалды аймағында зауыт құрылысын бастау туралы келісімге қол жеткізілді. Жаңа зауыт толық циклды тамшылатып суару құрылғыларының жабдықтарын шығаратын болады. Жобаға салынып отырған қаржының жалпы құны 28 млн. АҚШ долларын құрайды. Нысанның құрылысы екі кезеңде іске асырылатын болады. I кезең – 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталса, II-кезең 2017 жылы бітеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жергілікті шаруалардың ауыл шаруашылығы бойынша біліктілігін арттыру мақсатында зауыт аумағында оқу орталығын құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, өңір басшысы Шымкент қаласының бірқатар өндіріс және құрылыс нысандарын аралады. «Современные строительные изделия» ЖШС-нің өндірістік базасының жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорын әр түрлі темір құрылымдарды, сондай-ақ базальттық плиталар мен блоктарды шығарумен айналысады. Келесі нысан – Қ.Төлеметов көшесінің бойында салынып жатқан тұрғын үйлер болды. 7 қабатты көппәтерлі тұрғын үйді салушы мердігер «Отау-Строй» ЖШС. Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аралау барысында «Асар» шағын ауданындағы 30 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары пысықталды. Бұл үйлердің құрылысы 2016 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, облыс әкімдігінде 2015 жылы «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасының орындалу барысы бойынша жиналыс өтті.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.