20Тамыз2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

09 Қар

Желтоқсан айында да ағаш егілетін болды

«Жасыл аймақ» бағдарламасының аясында облысымызда көшет отырғызу акциясы жалғасын табуда. Бүгін ағаш отырғызу шарасына облыс және қала әкімдіктерінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен еңбек ардагерлері қатысты. Әкімшілік-іскерлік орталығының маңы мен қала көшелеріне арша, емен және қарағайдың 800-ге жуық көшеті отырғызылды. Жыл соңына дейін қала бойынша 31 мыңнан астам түрлі-түсті қылқанды, декоративті және жай жапырақты ағаш түрлері егіледі деп жоспарлануда.

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент жасыл қалаға айналмақ. «Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында көшет егу жұмыстары қаланың төрт бөлігінде жүргізілуде. Олар 1700 га алқапты алып жатқан «Айкөл», 385 га «Ақтас», 300-ге жуық га «Бөржар» мен 100 га «Қайнарбұлақ» учаскелері. Бүгінде осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында құрылған «Жасыл аймақ» мекемесінің мамандары қаланың батыс бөлігіндегі 2500 гектар алқапқа ағаш көшетін егу жұмыстарын бастады. Жасыл белдеуге желтоқсан айына дейін 3 млн. түп қарағаш егіледі. Бұл жұмыстарға 23 техника мен 120 жұмысшы жұмылдырылған. Нәтижесінде Шымкент қаласындағы жасыл желек 5 мың гектар алқапқа ұлғайып отыр. Егіліп жатқан көшеттің бәрі облыстағы тәлімбақтардан алынып отыр. Бұдан бөлек қаламызда аумағы 200 гектарды құрайтын қоғамдық бақ та құрылады. Бақта алма, шабдалы алмұрт секілді жеміс ағаштары өсіріледі. Бұл Қазақстанның өзге қалаларында әзірге баламасы жоқ бақ болмақ.

 Облыста күріш дақылын 3,2 мың га алқапта ору жұмыстары толық аяқталып, гектарына 54 центнерден, барлығы 17,3 мың тонна күріш шалысы жиналды. Күзгі егін жинау жұмыстарына Үкімет тарапынан 44,7 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда (2014 ж. - 39,0 мың тн) 5,7 мың тоннаға артты. Бүгінгі күнге агроқұрылымдарға 42,5 мың тонна жанар-май (95%) таратылды. Ағымдағы жылы 265,3 мың тонна (2014 ж – 320,7 мың тонна) шитті мақта жинау межеленіп, бүгінге 219,4 мың тонна шит немесе межеленген көлемнің 82,7% (2014 ж – 63,4%) жиналды. 2016 жылдың өніміне межеленген 122,0 мың га күздіктің 112,2 мың га (92 %) егілді. Облыс тауарөндірушілері егіске қажетті 28,0 мың тонна тұқыммен толық (100%) қамтамасыз етілген. Анықтама: ҚР АШМ күздікті егу тапсырмасы 122,0 мың га, нақты егілгені 112,2 мың га (92%) Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша күздікті 165,0 мың га егу жоспарланған, нақты егілгені 112,2 мың га (68%)

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.