26Қыркүйек2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

09 Қар

Биыл 38 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті

Жалпы облыс бойынша 2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 148,9 млрд.теңге түсті. Оның ішінде жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің жоспары 104,8%-ға орындалып, 3192,5 млн.теңге артығымен түсті. 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бюджетке түскен қаржы 119,7 %-ға өсіп отыр. Есепті кезеңде жергілікті бюджеттің кірістер жоспары барлық аудан, қалалар бойынша асыра орындалды. Бюджеттің шығыстар бөлігін орындау жөніндегі көрсеткіштердің де жылдан жылға сапасы жақсарып келеді. Ағымдағы жылдың 9 айында бюджеттің шығыстары 99,2%-ға атқарылды немесе 354,7 млрд.теңге игерілді. Әлеуметтік салаға бөлінген қаржының биылғы жылдың 9 айында 235,7 млрд.теңгесі игерілді. Атап айтқанда, білім беру саласына биылғы жылы 188,2 млрд.теңге бөлінсе, оның 9 айда 147,2 млрд.теңгесі игерілді, өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға өсіп отыр. Денсаулық сақтау саласына 2015 жылы 75,8 млрд.теңге қаралса, оның 9 айда жұмсалғаны 56,8 млрд.теңгені құрады. Ал мәдениет пен спортқа және ақпараттандыру саласына биылғы жылы 23,2 млрд.теңге бөлінсе, 9 айда 19,1 млрд.теңге игерілді, яғни өткен жылға қарағанда 0,7 млрд.теңгеге көп жұмсалып отыр.

Оңтүстік Қазақстанда жалпы 3152 көпқабатты тұрғын үй болса, олардың бүгінгі таңда кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасына 2549 тұрғын үй тіркелген. «Өңірлердің дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту мақсатында биыл 38 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен. Олар Түркістан қаласындағы 4 үй, Сарыағаш ауданында 2, Шымкент қаласындағы 32 көпқабатты тұрғын үйлер. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 310,352 млн. теңге бөлінген. Алайда, Шымкент қаласындағы ұсынылған 32 үйлердің ішінде қарсылық білдірген 9 көпқабатты үйлердің орнына белгіленген қаржы 12 үйге ауыстырылды. Нәтижесінде, Шымкент қаласында 32 үйдің орнына 35 үй жөндеуден өткізіліп, жылдық көрсеткіш 38 үйден 41 үйге артып отыр.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.