16Тамыз2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

15 Қаз

Облыс бюджеті жыл сайын 35 миллиард теңгемен толығатын болады

«ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес компанияларының барлық кеңселері осы жылдың соңына дейін Шымкентке көшіріледі. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтың «ҚазАтомӨнеркәсіп" ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдауында айтылды деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.  «Қазатомөнеркәсіптің» өндіруші кәсіпорындары кеңселерінің көшуі Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде іске асырылуда. Кеңселердің қоныс аударуы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді және кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін арттырады деп күтілуде. Нәтижесінде, жыл сайын облыс бюджеті 35 миллард теңгемен толығатын болады. Бүгінге дейін кәсіпорынның еншілес компанияларының үш орталық аппараты Оңтүстік Қазақстан облысына көшіп үлгерген. Жыл соңына дейін тағы бес бас кеңсе Оңтүстікке келіп, нәтижесінде 500 отбасы қоныс аударатын болады. «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның әкімшілік кеңсесі мен еншілес компанияларының ғимараты үшін Шымкент қаласының жаңа іскерлік орталығының маңынан көлемі 2,6 гектарды құрайтын жер телімі бөлінген. Жиында Б.Атамқұлов Елбасының «ҚазАтомӨнеркәсіптің» кеңселерін көшіру тапсырмасын қолдайтынын айтса, басқарма төрағасы А.Жұмағалиев осы көш барысында кәсіпорындарға көрсетіп отырған көмегі үшін облыс әкіміне алғысын білдірді. Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене қатысатынын атап көрсетті. Сонымен қатар, бұған дейін кәсіпорын иелігінде болған 12 әлеуметтік нысан ОҚО әкімдігінің балансына өтіп, оларды ұстап тұруға ұлттық компаниядан биыл 88 миллион теңге бөлу көзделіп отыр. Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» жаңа әлеуметтік нысандар құрылысы үшін облыс бюджетіне биыл 800 миллион, 2016 жылы 1 миллиард теңге бөледі. Компания мұнымен шектелмей, уран өндіруші өңірге қолдау көрсетуді жалғастыра бермек. Атап айтқанда, осы қазан айында «Қазатомөнеркәсіптің» еншілес кәсіпорны қаржысына салынып жатқан Созақ ауданының Тасты аулындағы 50 орындық балабақша құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, жиында ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы отандық өнімді сатып алу мәселесінде жоспардың 128 пайызға орындалғанын хабарлады. Жыл басынан бері «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы жергілікті кәсіпкерлер мен тауар өндірушілерден 5,9 млрд теңгеге өнім сатып алған.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.