24Мамыр2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

15 Қаз

"Тірлігім алға басқандықтан, жұмысшылардың қатарын көбейтпекпін"

Кентау - бұрыннан өндіріске жақын қала. Қала халқы ежелден еңбекқор, егін егіп, мал бағып, енді бірі өндірісте кәсіп етіп жүрген жандар. Қаланың көркі де жыл сайын көріктене түскендей. Кентау қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер, асхана меңгерушісі Башарат Гайбишева былай дейді:

-         Өзімнің мамандығым педагог. Алайда тоғыз жылдан бері асхана ашып, осы кәсіптен нан тауып келемін. Біздің асханамыз мекемелердің қасында орналасқандықтан, көбінде қызметкерлердің түскі асын дайындап берумен шектеледі. Әзірге қарамағымда үш адам бар, оның біреуі –аспаз, екіншісі ыдыс жуушы, үшіншісі аспаздың көмекшісі. Аспаздың та өнер. Егер бармағыңнан бал татып тұрмаса, күнделікті тұтынушыларды тарту оңай емес. Себебі, маңайымызда асхана көп. Бәсеке жеткілікті, қалайда нарыққа бейімделу мақсатында тамағымызды дәмдендіріп ғана қоймай, асхананың тазалығына, дизайнына, жиһаздық интерьерлеріне мән беру керек. Бұл нарық талабы. Осындай талғамдылықтың арқасында шығар, қазір біздің ас бөлмемізде келімді-кетімді адамдар күннен күнге көбейіп келе жатыр. 

Асханаға күніне 40-50 адам келеді. Ас-ауқат ішетін орын болғандықтан тамақтың сапасы, дәмі, асхананың  іші-сырты мұнтаздай таза болуы керек. Сондықтан барлығын жаңарту мақсатында, әрі асхананы кеңейту үшін қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына барып, несие алу жөнінде өтініш жаздым. Көп ұзамай «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» екінші бағыты бойынша құжаттарым мақұлданып, үш миллион теңгеге қол жеткіздім.

Алған қаржыға асханаға тоңазытқыш, мұздатқыш, басқа да қажетті құрал-жабдықтар сатып алдым. Сонымен бірге есік-терезелерін пластикпен жаңартып, күрделі жөндеу жүргізгендіктен асханамыз  тартымды бола түсіп, адам танымастай өзгерді. Бұрынғыға қарағанда қазір адам аяғы саябырсымайтын болды.  Бірінші және екінші тамақ береміз, әрі арзан бағада ұсынамыз.

Ісіміздің алға басуына жәрдемші болған «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына алғысымды айтамын. Болашақта алған несиені өтеп болған соң, қайтадан базар маңынан асхана ашу ойымда бар. Жұмысшылардың да санын көбейтіп, аспаздардың қатарын көбейтпекпін. Бұл күндері отағасы екеуміз төрт баламды осы кәсібіммен бағып отырған жағдайымыз бар.  

 

Дайындаған Қ.Ахметова

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.