30Сәуір2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Облыс

ОҚО-да сүтті бағыттағы мал шаруашылығы Украин технологиясы бойынша дамитын болады. Бұл туралы Украин делегациясының Оңтүстік Қазақстанға жасаған сапары кезінде белгілі болды. Аталған елдің «Dairy Global Experts», «АгроКлимат Украина», сондай-ақ, Украинаның Голштинский қауымдастығы мен Сүт өндірушілер қауымдастығы сынды ірі ұйымдарынан келген мамандар оңтүстікқазақстандық сала жетекшілерімен тәжірибе алмасып, жаңа технологияны қолданысқа енгізудің тетіктерін қарастырды. Мұнан бөлек, кездесуде тауарлы-сүт фермаларының бірыңғай орталығы мен шаруаларды жергілікті асыл тұқымды ірі қаралармен қамтамасыз ететін кешеннің жұмысын жүйелеуге бағытталған кеңес беру орталығын ашу мәселесі де қаралды. Сондай-ақ, ұжымдық үлгідегі отбасылық шаруашылықтарда сүтті бағытты дамытудың механизмдері талқыланды. Іс-шара барысында делегаттар «Максимум» АИО-ның ұйымдастыруымен өткен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығындағы семинар кеңеске қатысты. ОҚО-да сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту тақырыбына арналған жиында украиндық мамандар тауарлы-сүт фермаларын құру мен оны дамытудың қыр-сырымен бөлісті. Жиын соңында сүт шаруашылығы саласындағы әлеуетті жобаларды жүзеге асыру бойынша «Максимум» АИО және «ҚазАгроҚаржы» АҚ компанияларымен бірлесіп жұмыс жасау жолдары талқыланды. Шардара су қоймасының жанында жылына 1200 тонна балық өңдейтін екі зауыт іске қосылады. Бұл туралы «Хабар» агенттігінің таратқан сюжетінен мәлім болды. Кәсіпорынның өнімдері ішкі нарықтан бөлек, сырт елдерге де экспортталады деп күтілуде. Шардараның көксеркесіне, әсіресе, Еуропа елдерінде сұраныс жоғары көрінеді. Шардарада дәл осындай тағы екі зауыт бұрыннан жұмыс істеп келеді. Олар жылына шамамен 3 мың тонна балық…

Толығырақ ...

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері Нұрлан Кеңесов пен Әсет Байсынов Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасарлары болып тағайындалды. 32 жастағы Қарағанды облысының тумасы Нұрлан Кеңесов Ұлыбританияның Imperial College London жоғары оқу орнын және АҚШ-тың Дьюк Университетінің Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебін тәмәмдаған. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің түлегі. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы лауазымынан бастап стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары лауазымына дейін көтеріліп, мемлекеттік қызметтің барлық сатыларынан өткен. «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Инновациялық комитет төрағасы орынбасары болып қызмет атқарған. Осы лауазымда облыс әкімі аппаратының талдау жұмыстарына сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін арттыру мен халыққа қызмет көрсету мәселелерімен айналысатын болады. 34 жастағы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Шардара қаласының тумасы Әсет Байсынов «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» аясында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселелерімен айналысатын болады. Мемлекеттік және жергілікті басқару және халықаралық даму саясатының магистрі. АҚШ-тың Дьюк Университетінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Мемлекеттік қызмет өтілі 10 жылдан астам, оның ішінде 5 жылдан астам уақыт басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Экономика және бюджеттік жоспарлау, білім және ішкі істер министрліктерінде, Премьер-Министр Кеңсесінде, Мемлекеттік қызмет істері агентігінде…

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Қаныбеков пен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Б.Сопбеков бастаған жұмыс тобы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында және Шымкент қаласының жолдарын 2015-2016 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдерде күтіп ұстау жұмыстарымен айналысатын мекемелердің дайындық жұмыстарымен танысты. Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автомобиль жол ұзындығы 786 шақырымды құрайды. Оның 636 шақырымын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ОҚОФ, 182 шақырымын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын атқарып жатқан «Дена Рахсаз/Саргин», «Корпорация Синохайдро», «Тодини/Импреджило/Аккорд» және «АКМ – Планум» мердігер мекемелері 2015 – 2016 жылға қыс мезгілінде күтіп ұстау жұмыстарын атқарады. Бүгінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ОҚОФ республикалық манызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарына қажетті 11450 м3 инертті материалдар, 250 т тұз дайындалған. Арнайы жол техникаларының саны 59 бірлік. Қосымша аталған мекеме «Шымкентдорстрой» ЖШС, «Ақ жол» ЖШС, «Наурыз-25» ЖШС мердігер мекемелерімен келісім – шартқа отырған. Аталған жұмыстарды «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС, «Байтерек-Л.Б» ЖШС және «Югдорстрой» ЖШС атқарады. Бүгінгі таңда қала бойынша 84 арнайы қар күреу және құм себу техникасы әзірлікте тұр. Сонымен қатар, қар күреу жұмыстары барысында 12 бортты техника мен 2 грейдер де пайдаланылатын болады. Инертті материалдардың жалпы қоры: 20000 м3 құм, 3000 т тұз. Сондай-ақ, Шымкент қаласында кернеуі 220 және 500 кВ болатын электр…

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері мен Қытай кәсіпкерлері кездесті. Онда өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, облыста бірқатар зауыттар салу жайы сөз болды. Кездесу қорытындысы бойынша өңірде қант зауытын, целлюлозалық қағаз шығару комбинатын, әйнек пен шам және жарықтандыру жүйелерін шығаратын зауыттар салу бойынша келісімдер жасалды. Аталған жобаларды жүзеге асыру негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына 2 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылатын болады. Облыс басшылығы мен «Цзинь-Ту-Ди» қытай компаниясы жетекшілігінің арасында іскерлік кездесу өтті. Аталған компания Қытайда суды үнемдеуді ендіру технологиясы бойынша ірі компаниялардың бірі болып табылады. Кездесу барысында «Оңтүстік» Индустриалды аймағында зауыт құрылысын бастау туралы келісімге қол жеткізілді. Жаңа зауыт толық циклды тамшылатып суару құрылғыларының жабдықтарын шығаратын болады. Жобаға салынып отырған қаржының жалпы құны 28 млн. АҚШ долларын құрайды. Нысанның құрылысы екі кезеңде іске асырылатын болады. I кезең – 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталса, II-кезең 2017 жылы бітеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жергілікті шаруалардың ауыл шаруашылығы бойынша біліктілігін арттыру мақсатында зауыт аумағында оқу орталығын құру жоспарлануда. Сондай-ақ, өңір басшысы Шымкент қаласының бірқатар өндіріс және құрылыс нысандарын аралады. «Современные строительные изделия» ЖШС-нің өндірістік базасының жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорын әр түрлі темір құрылымдарды, сондай-ақ базальттық плиталар мен блоктарды шығарумен айналысады. Келесі нысан – Қ.Төлеметов көшесінің бойында салынып жатқан тұрғын үйлер болды. 7 қабатты көппәтерлі тұрғын…

Толығырақ ...

«Жасыл аймақ» бағдарламасының аясында облысымызда көшет отырғызу акциясы жалғасын табуда. Бүгін ағаш отырғызу шарасына облыс және қала әкімдіктерінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен еңбек ардагерлері қатысты. Әкімшілік-іскерлік орталығының маңы мен қала көшелеріне арша, емен және қарағайдың 800-ге жуық көшеті отырғызылды. Жыл соңына дейін қала бойынша 31 мыңнан астам түрлі-түсті қылқанды, декоративті және жай жапырақты ағаш түрлері егіледі деп жоспарлануда. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент жасыл қалаға айналмақ. «Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында көшет егу жұмыстары қаланың төрт бөлігінде жүргізілуде. Олар 1700 га алқапты алып жатқан «Айкөл», 385 га «Ақтас», 300-ге жуық га «Бөржар» мен 100 га «Қайнарбұлақ» учаскелері. Бүгінде осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында құрылған «Жасыл аймақ» мекемесінің мамандары қаланың батыс бөлігіндегі 2500 гектар алқапқа ағаш көшетін егу жұмыстарын бастады. Жасыл белдеуге желтоқсан айына дейін 3 млн. түп қарағаш егіледі. Бұл жұмыстарға 23 техника мен 120 жұмысшы жұмылдырылған. Нәтижесінде Шымкент қаласындағы жасыл желек 5 мың гектар алқапқа ұлғайып отыр. Егіліп жатқан көшеттің бәрі облыстағы тәлімбақтардан алынып отыр. Бұдан бөлек қаламызда аумағы 200 гектарды құрайтын қоғамдық бақ та құрылады. Бақта алма, шабдалы алмұрт секілді жеміс ағаштары өсіріледі. Бұл Қазақстанның өзге қалаларында әзірге баламасы жоқ бақ болмақ.  Облыста күріш дақылын 3,2 мың га алқапта ору жұмыстары толық аяқталып, гектарына 54 центнерден, барлығы 17,3 мың…

Толығырақ ...

Page 1 of 5