20Тамыз2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссияның 1 029 байқаушысы ОҚО сайлау учаскелерінде жұмыс істеді. Сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссияның облыстық филиалының байқаушылары күні бойы 1 029 сайлау учаскесінде жұмыс істеді. Олар ауруханалар, тергеу изоляторлары мен перзентхана сияқты мекемелерге ғана бармады.

«Негізінен жұмыс үшін студенттерді таңдадық. Оларды оқытып, заңға, олардық құқықтары мен міндеттеріне үйреттік. Қалағандары біздің қатарымызға қосылды», - деді Сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссияның облыстық филиалының төрағасы Досыбай Шерімқұлов.

Ол сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссиясы сайлау алдында да жұмыс істегенін айтты. Осы уақытта оларға сайлау үдерісіндегі заңбұзушылықтар туралы 20-ға жуық арыз-шағым келіп түскенін айтты. Әр арыз тиісті органдарға - облыстық сайлау комиссиясына, прокуратура немесе сотқа жіберілді.

«75 сайлау учаскесін өзіміз тексердік. Сайлауға қалай дайындалып жатқандарына назар аудардық. Өйткені кей жерде үміткерлердің тізімі болмады немесе толық болмады. Осының барлығын реттеуге тырыстық», - деді Досыбай Шерімқұлов. Еске сала кетейік, ОҚО-да  1 317 225 сайлаушы тіркелген . Сайлау барысын 7 978 оңтүстікқазақстандық, 13 шетел байқаушылары бақылауда. 

Қазақпарат

Облыс әкімдігі жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. «ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және қаланың даму концепциясының жүзеге асырылуы» жөнінде баяндаған қала әкімі БАҚ өкілдеріне қалададағы іске асырылған мемлекеттік  бағдарламалардың негізгі көрсеткіштерін, сонымен қатар, «Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Тұжырымдамасы» аясында атқарылатын негізгі мәндеттерді де атап көрсетті.

      Қала әкімінің баяндамасынан мәлім болғандай, өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі  289 миллиард теңгені құрап, 3,7 пайызға өссе, ауылшаруашылық өнім көлемі 9 пайызға,  инвестициялар көлемі 2 пайызға артты. Осыған орай, мемлекет басшысы және облыс әкімдігі тарапынан қойылған міндеттерді іске  асыру мақсатына Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы дайындалды.

      Қазіргі таңда өзекті тақырып ретінде қала аумағына қосылған елді мекен тұрғындарын толғандыратын ауыз су, электр, газбен қамту, жол мәселелерін шешу туралы жоспар әзірленіп, жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осының дәлелі ретінде
2016 жылы 8 елді мекенге ауыз су, 5 елді мекенге кәріз, 5 елді мекенге электр, 2 елді мекенге газ тартылады. Нәтижесінде, ауыз сумен қамту
85 пайыздан 88 пайызға, кәріз 41-тен 47 пайызға көтерілсе, электрмен қамту көреткіші 86-дан 88 пайызға, отындық газ тарту пайызы 67-дан
69 пайызға ұлғаяды.

      Мұнан тыс шаһарда жарықтандыру, абаттандыру, транспорт саласы бойынша да жүйелі жоспарлар жасалынуда. Мәселен, тұрғын үй құрылысын дамыту үшін аз уақыт ішінде 1 260 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Тағы бір айта кетерлігі, қала мектептерінде оқушылар үшін электронды бақылау жүйесі орнатылуда. Биыл өнеркәсіп саласында 29 жобаны іске асырып, 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Одан бөлек, инвесторларды ынталандыру мақсатында Тассай және Жұлдыз елді мекендерінен 2 индустриялды аймақ құрылмақ.

      Елдегі үшінші ірі қалаға айналу үшін қаламыздағы ең тартымды салаларға инвестициялар тарту басты назарда. Бұл бағытта отандық және шетел инвесторларын тарту үшін кемінде жылына 20 жобаны іске асыру көзделуде. Биыл «Shymkent PLAZA» сауда кешені ашылмақ.

      Шымкент - жылыжайлар отаны. Осы мүміндікті пайдалана отырып, ендігі жерде тамақ өнеркәсібін ұйымдастыруға қала аумағынан арнайы
136 гектар жер телімін беру жоспарлануда. Одан бөлек, жалпы 1100 гектар жерге көкөніс және бақша, жылыжай, өсіру секциясы ұйымдастырылмақ. Бұл жерлерге қызығушылық танытқан кәсіпкерлер болса, жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетіледі.

      Баспасөз мәслихаты аясында қала әкімі БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына да жауап берді. Бұл қатарда, қала аумағына жаңа қосылған елді мекендерде жоспарланған инженерлік-инфрақұрылымдық өзгерістер жайы да тілшілер қауымының басты сауалына айналды.

      - Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өткен жылы 5 елді мекенге кәріз жүйесі тартылған болса, биыл тағы 5 елді мекенде бұл мәселе толық шешімін табатын болады. Ал, «Құрсай» шағынауданындағы қалыптасқан электр жарығының жеткіліксіздігі де назарда тұрған дүние. Бастапқы жоба бойынша мұнда 700 үйді қамтуға лайықталған подстанция қою жоспарланған. Ал бүгінде ондағы шаңырақтың саны 2300-ден асып жығылады. Сол себептен де, бұл мәселеге назар аударып, алдағы уақытта жобаға қажетті өзгерістер енгізілетін болады, - деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

      Сондай-ақ, тілшілер қауымы асфальт жолдарын бұзып, қайта салып жататын құзырлы мекемелердің жұмысына алаңдаушылық білдірді. Бұл ретте қала әкімі құбырларды жаңарту бағытында ауқымды жұмыстарды қолға алған «ҚазТрансГазАймақ» АҚ басшылығымен арнайы кездесіп, құзырлы кәсіпорынға көлік жолдарын сапалы әрі белгіленген уақытында қайта қалпына келтіруді тапсырғанын жеткізді. Ал қалаішілік бағыттағы жолаушы тасымалдаушы қоғамдық көліктердің қызметіне көңілі толмайтын тілшілерге қала әкімі алдағы уақытта белгіленген нақты міндеттерді таныстырды.

      -  Қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту бағытында биыл муниципальді автопарк қызметі іске қосылады. Яғни, бюджеттен дотация беру арқылы қоғамдық көлік қызметі заман талабына сай, бірыңғай үлгідегі тәртіпке келтіріледі. Электрондық билет жүйесін жүзеге асыру мақсатында бүгінде әлемдік аренада танымал болған қос бірдей мекемемен келіссөздер жүргізілуде, - деді шаһар басшысы.

Тілшілердің қойған өзге де сауалдарына қала әкімі нақты жауап берді.

 

shymkent.gov.kz

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы мен Қаратау ауданының әкімдері Бауыржан Қалжанов пен Ғалым Исмаилов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мүлікті жария ету жөніндегі жұмыстардың 2015-2016 жылдардағы атқарылу барысын баяндап берді. Қаратау ауданының әкімі Ғ.Исмаиловтың мәліметінше, өткен жылы мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияға құны 5 млрд. 600 млн. теңгеден асатын 514 өтініш келіп түсіп, оның 391-не (4 млрд. 107 млн. теңге) мүлікті жария етуге шешім шығарылған. Заңдастырылған мүліктердің 95 пайызы тұрғын үйлер болса, қалғаны коммерциялық нысандар.

«Мүлікті заңдастыру аясында 2016 жылдың басынан бері құны 1 млрд. 215 млн. теңге болатын 162 өтініш түсті. Оның 161-і тұрғын үй болса, 1-уі коммерциялық нысан. Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия құны 571 млн. теңгеден астам соманы құрайтын 87 өтінішті (тұрғын үйлер) жария етуге шешім шығарды. 27 өтініштің мүліктері заң аясында жария етуден бас тартылса, қалған 48 өтініш бүгінгі таңда аталған комиссияның қарауында», - деді аудан басшысы. Ал Әл-Фараби ауданына мүлікті жария ету аясында 2014-2016 жылдар аралығында құны 3 млрд. 497 млн. теңге болатын 179 өтініш түсіп, оның 107 (құны – 1 млрд. 250 млн. теңге) өтініші комиссия шешімімен жария етілген. Қазіргі таңда 17 өтініш комиссиямен қаралу үстінде дейді Б.Қалжанов.

Айта кетейік, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енген «ҚР азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

  Жалпы қалалық сенбілікке облыс және қала әкімі аппаратының басшылары, мәслихат депутаттары, басқармалар  мен бөлім басшылары, қала тұрғындары белсене қатысты.

     Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та көшет отырғызып, қала тұрғындарын тазалыққа шақырды. Қаланың әрбір тұрғыны тазалыққа көңіл бөлуі тиіс. Бәрі де тазалықтан басталады. «Бір тал кессең, он тал ек» деген бабалар сөзін естен шығармауымыз керек.

      Облыс және қала әкімінің басшылығымен, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары және қалалық әкімі аппараты қызметкерлері «Орталық» саябақта 100 дана түрлі-түсті қылқан жапырақты және жай жапырақты 500 дана аққайың көшетін, 500 дана раушан гүлін және 30 түп Қырым қарағайын отырғызды.

Алғашқы тазалық шарасының бір ерекшілігі – аналар мерекесі қарсаңында қаланы абаттандыруға тек ер-азаматтар үлес қосты.

      Сондай-ақ, «Тарихи-мәдени этно саябағы» аумағында 2630 дана қылқан жапырақты ағаш, «Тәуелсіздік» саябағына 250 дана аққайың, 100 дана қылқан жапырақты ағаш, «Жеңіс» саябағына 250 дана аққайың отырғызылды. Бұл жұмыстарға арнайы 26 дана техника жұмылдырылды.

shymkent.gov.kz