12Желтоқсан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Венгрияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, доктор Андраш Барани мен Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы Ференца Блауманнамен кездесті.

      Қос тарапты кездесу барысында ауыл шаруашылығы, көлік-логистика саласының даму қарқыны және облыстың экономикалық мүмкіндіктері турасында сөз қозғалды.

     Ауыл шаруашылығы саласында өсім индикаторы басым. Жылыжай бағытын дамытуда облыс елімізде көшбастап тұр, республикадағы жылыжайдың 91 пайызы Оңтүстікке тиесілі. Венгрия мемлекетінің осы салада тәжірибесі мол екендігі белгілі. Сондықтан өңірімізге инвестиция салу арқылы көп жетістікке жетуге болатынын жеткізген облыс басшысы екі ел арасындағы сауда-саттықты арттыра отырып, мәдени байланысты да жандандыру қажеттігін алға тартты.

     «Мажарстандық түркітанушы ғалым, қоғам қайраткері Иштван Қоңыр Мандоки барлық саналы ғұмырын мажар және күллі түркі халықтарының қандас, туыс жұрттар екендігін дәлелдеуге арнаған ғалым. Ол өз еңбектерінде түркі халықтарының салт-дәстүрін, мәдениетін, ұлттық ділін зерттеп, тың жаңалықтар ашқан. Міне, сол жолды жалғастыра отырып туыстас елдер ретінде бірлесе отырып мәдени іс-шараларды қолға алуымыз керек. Мәселен, келер жылдан бастап бүкіл түркілердің астанасы атанған Түркістан қаласында жоспарланған ауқымды жобаларға мажар халқы да үлес қосуға ниетті» деді облыс әкімі Ж.Түймебаев.

       Еліміздің барлық қалаларында болған қонақтар келер жылы Оңтүстікте Венгрияның құрметті консулдығын ашуды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде, өңірдің әлеуеті, өсу қарқынын зерделей келгендегі шешімі екенін жеткізді. Сондай-ақ білім саласында тәжірибе алмаса отырып мажар жастарының Оңтүстік Қазақстандағы ЖОО білім алуына мүмкіндіктер қарастырылса деген ойларын да жеткізді.

     Айта кетейік, екі ел арасындағы қарым қатынас жыл сайын нығая түсуде. Венгрия мен Қазақстан арасында тауар айналымы 2015 жылдың алғашқы 4 айында 29,3 млн АҚШ долларын құраған. Қазақстан экпортының негізгі компонентері минералды отын, химиялық тыңайтқыш, жабдықтар мен механизмдер болып табылады. Сондай-ақ, қос елдің арасында энергетикалық, парламентаралық, мәдени-гуманитарлық байланыс тығыз орнаған.
 
 Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев өз саласының дамуына үлес қосқан білім, денсаулық және мәдениет салаларының қызметкерлеріне жалпы 110 адамға Түркия Республикасында тәжірибе алмасу үшін жолдама тапсырған болатын. Елге оралған делегация мүшелері Аймақтық коммуникациялар орталығында брифинг өткізді. 
 
   Алған әсерлерін журналистермен бөліскен Мәдениет басқармасы басшының орынбасары Асылхан Темірханұлы Стамбул қаласында көне жазбалар кітапханасына барғанын мақтанышпен жеткізді. Онда 11 ғасырдан бері жиналған 200 мыңға жуық қолжазба сақталып тұр. Арасында қазақ жеріне қатысты дүниелер де бар. Келісім барысында Түркия тарапы құнды мәліметтерді бөлісуге дайын екенін жеткізіпті.  
 
  Білім басқармасының бөлім басшысы Әлібек Кенжебаевтың айтуынша, Түрік елінде білім беру жүйесі Қазақстандағыдан өзгеше. 18 миллионнан астам оқушысы бар мемлекетте мектептер 12 жылдық, үш буынға бөліп оқытады. Біздегідей бастауыш сыныптары деп бөлінгенімен қалаларда 1-4 сынып оқушылары өз алдына бір мектепте білімін ұштайды. Сол секілді 5-8 сынып шәкірттері мен 8-12 сыныпқа баратындар да бөлек-бөлек білім ұяларында дәріс алады. Оқушылардың білім деңгейлері де бағамен өлшенбейді. 
 
  Ал, Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Айсұлу Дауренбекова Түркиядағы ауруханалардың барлығында хирургиялық оталар жасала бермейтінін айтады. Тіпті кейбірінде бір жылда санаулы ғана ота жасалуы мүмкін. Оның себебі жеке клиникалар көп. Бәсекелестікке жоғары, қызмет көрсету де соған сай дамыған. 
 
  Топ жетекшілерінен өзге делегация мүшелері де алған әсерлерімен бөлісті. Олар өз салалалры бойынша түбі бір Түркия мамандарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік сыйлаған облыс әкіміне алғыстарын білдірді. Аталған салалар бойынша байланыс бұдан кейін де жалғасын табатынына сенімді. 
 
   Айта кетейік, 14-21 желтоқсан аралығында Стамбул қаласында облыстық медицина саласының 50 қызметкеріне арналған мастер-класстар мен оқыту семинарлары өткізілді. Оқыту Стамбулдың ең үздік клиникалары Okan Üniversitesi Hastanesi, Yeditepe Üniversitesi Hastanesi, Acıbadem Hastanesi базаларында жүргізілді. Семинарлар мен мастер-кластардың негізгі бағыты – жүрек пен қантамыр аурулары, онкологиялық дерттер, ана мен балаға медициналық жәрдем көрсетудің біріктірілген моделін енгізуге бағытталды. Оның ішінде: жіті миокард инфаркті, жіті инсульт және жарақат кезіндегі медициналық көмек көрсету және онкологиялық ауруларды басқаруда, босандыру мен балалар қызметінде медициналық көмек көрсету қамтылды. Сондай-ақ аталған клиникалардың жұмыс менеджментімен, дәрігерлерді дайындау әдісімен таныстыру жүргізілді. Мастер-кластар барысында облыстық дәрігерлер көрсетілген бағыттар бойынша оталар мен манипуляцияларды және науқастарды жүргізу тәртібін үйренді. Оқытудың қорытындысы бойынша барлық мамандар арнайы сертификаттарға ие болды.
 
   Сонымен қатар, білім және мәдениет салаларының қызметкерлері де халықаралық деңгейде тәжірибе алмасып, аса пайдалы мағлұмат алып қайтты. Оның ішінде білім қызметкерлері Стамбул мен Анкара қалаларының мектептері мен бала бақша жұмыстарымен танысты.
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кентау қаласында жаңа өндірістік кәсіпорын өз жұмысын бастады. Жаңа жобаның лентасын Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабайұлы, «Alageum Electric» холдингтік компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы Қожабаев Сейдулла қиып, кәсіпорынның қызметкерлерін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Үдемелі Индустриялды Инновациялық даму бағдарламасы аясында еліміз бойынша қаншама кәсіпорындар іске қосылып жаңа жұмыс орындары ашылып жұмыссыз азаматтарға қуаныш сыйлады.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.10.2014 жылғы №337 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үдемелі Индустриялды-Инновациялық Даму бағдарламасы аясында жүзеге асқан «Электродеталь» ЖШС-нің «0.4.6.10.35 кВ жиынтық-тарату жабдықтар және электр  техникалық қондырғылар шығару» жобасы индустриаландыру картасына енген.
Кентау қаласы әкімдігінің 4 наурыз 2013 жылғы №93 қаулысымен, қаламызда жалпы алаңы 25,0 га жер телімінде индустриалды аймақ құрылды. Бүгінгі таңда индустриялды аймақта 5 жоба орналастырылып, 1998,5 млн.теңге инвестиция тартылуда.  4,3 га жер теліміне инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында мемлекет тарапынан 1 419,3 млн теңгеге инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді.
Іске қосылған жаңа жобаның сметалық құны 867 млн.теңгені құрап, өндірістік кәсіпорын соңғы типтік үлгідегі құрылғылармен жабдықталып, индустриялды аймақтан 1,6 га жер теліміне орналастырылған.  Аталған кәсіпорында көршілес Еуропа елдерінен, Австрия, Германия, Италия, Түркия елдерінен шығарылған плазмамен кесу машинасы, беттерді игіш электромеханикалық орталық, гидравликалық пресстер, электромеханикалық револьверлі координатты тесу пресі, орау станогтары, магнитті сымдары тегістеу стөлі орамдарына арналған гидравликалық пресс, белсенді бөлшектерін престеу жүйесі, май дайындауға арналған қондырғысы сынды құрылғылар жұмыс жасауда.
«ЭлектроДеталь» ЖШС «Кентау трансформатор зауыты» АҚ қажетті 35-110 кВ күштік майлы трансформаторлардың металл құрастырылымдары, 3(10)-35 кВ шкафты бұйымдар мен қосалқы стансалардың металл құрастырылымдары, 35-110 кВ күштік майлы трансформаторларының жоғары және төменгі кернеуінің орамдары шығаратын болады. Қазіргі таңда аталған кәсіпорында 50 жұмысшы жұмыс жасауда.
«ЭлектроДеталь» кәсіпорны жылына 1400 дана шкафты бұйымдар мен қосалқы стансалардың металл құрастырылымдарды шығаруды жоспарлап отыр.
Бүгін Шымкентте жаңа форматта жұмыс істейтін почта бөлімшесі ел игілігіне пайдалануға берілді. Тұтынушыларға қызмет көрсету принциптері жетілдірілген «Қазпочта» АҚ-ның жаңартылған Орталық операция учаскесінің ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып,ұжым қызметкерлерін заманауи талаптарға сай жабдықталған почта бөлімшесінің ашылуымен құттықтады. «Облысымызда осындай жаңартылған жүйеде Қазпочта» АҚ  20 бөлімшесінің  жұмыс жасап  тұруы компания  басшылығының жаңа жыл  қарсаңындағы тартуы деп  есептейміз», - деді өңір басшысы Жансейіт  Қансейітұлы. Соңғы кездері заманның сұранысына сай өркениетті елдердің үлгісіне өтіп, 160 қызмет түрін көрсетуге көшу  үлкен жетістік. Мұндай жаңашыл бағыттағы жұмысты Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазпочта» филиалында еңбек ететін 1400-ге жуық маман жүргізіп жатыр. Жаңартылған Орталық операция учаскесі клиенттерге қолайлы болу үшін бірнеше аумаққа бөлінген: почталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғалар үшін операциялық зал, корпоративті клиенттерге қызмет көрсету бойынша орындар, сәлемдемелер супермаркеті, қызмет көрсету орны мен айырбастау пункті. Орталық залда келушілерге қызмет көрсету форматы өзгертіліп, қолайсыз кабиналар орнына сәлемдемелер супермаркеті жұмыс істейді. Бұл формат компанияның өндірістік шығындарын қысқартуға айтарлықтай үлесін қосады, тұрғындардың өту қабілетін жоғарлатады, тұтынушылар  үшін – сәлемдемелерді алу және жіберу уақытын қысқартады. Айта кетейік, пошталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғалар үшін операциялық зал аптасына 6 күн қызмет жасайды: жұмыс күндері сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін. Сонымен қатар аптасына 5 күн коорпоративті клиенттерге қызмет көрсету бойынша жеке орындар жұмыс жасайды. Жұмыс кестесі: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін. Өздігінен қызмет көрсету орнында постаматтар, банкоматтар және төлем терминалдары қойылған. Ал, айырбастау пункті аптасына 7 күн жұмыс жасайды сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін. Сәлемдемелер супермаркеті жұмыс күндері сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күні сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін елге қызмет етеді. Бұдан бөлек,  облысымыздың 10 аудан  орталығында модернизацияланған жедел басқару орталықтары жергілікті тұрғындардың жұмысын жеңілдететін болады. Сондай-ақ  халыққа  қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 43 жаңа автотранспорт пайдалануға берілді.
 
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «ЕХРО-ның жаңа жылдық алауы» Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев балаларды мерекемен құттықтап, Елбасының атынан 200 балаға планшет пен жылы сырт киімдер табыстады.
   Сонымен қатар, әкім осындай сыйлықтарды мерекеге қатысқан Қазақстанның  11 миллионшы  қазағы  Қазығұрт  ауданының  тумасы  Әбдірахым  Мұхтар   мен  17  миллионшы  азаматы   Сайрам  ауданынан  келген  Есқараев  Алтынбекке сыйлады.
   «Жаңа жыл – бұл бәріміз үшін ерекше мереке. Мұндай ұмытылмас сәттерде біз өткен жылға алғыс айтып, болашаққа жақсы жоспарлар құрып, қиялға ерік береміз. Сендер бір жасқа есейдіңдер. Саналарың өсіп, білімдерің тереңдеді. Үлкен өмірге қанат қағып келесіңдер. Бүгін де сендер күткен жылдан ең қымбат тілектеріңді тілейсіңдер. Жақсылыққа сеніңіздер. Ешуақытта армаңдарыңыз алдамасын. Адамдар шын тілеп, сол үшін талмай ізденсе, білім алса арманы орындалады. Сендер де алға қойған мақсаттарыңа жету үшін талпыныңдар»,-деді аймақ басшысы.
   Жаңа жылдық шыршаға қатысқан балаларға телеэкран арқылы Мемлекет басшысының арнайы құттықтауы көрсетіліп, «Балаларды ғылымды біліп тануға жетелейік» кітабы мен түрлі тәттілер үлестірілді. ЭКСПО-2017 жаңа жылдық алауымен басталған шырша мерекесі театрландырылған қойылыммен  жалғасты.
   Елбасының балаларға арнаған жаңа жылдық сыйлығын аудан, қаладағы жетім, ата – анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар мен мүмкіндігі  шектеулі  және әлкуметтік аз  қамтамасыз  етілген  және  көп  балалы  отбасы  балалары  арасынан  оқуда  жетістіктерге  жеткен  4 мыңға жуық белсенді жасөспірім алып отыр.
   Айта кетейік, екі күн бұрын облыстың аудан, қалаларынан жиналған балалар Шымкент қаласының көрікті жерлері мен тарихи орындарына саяхат жасады.
   2016 жылды оңтүстікқазақстандық оқушылар толымды жетістіктермен қорытындылап отыр. Олар халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауына және спорт пен өнер сайыстарына қатысып, облыстың 150-ге жуық оқушысы жеңімпаз атанды.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тікелей бастамасымен әрбір ауданды жекелей дамытудың жаңа концепциясы дайындалып жатыр. Барлық саланы қамтитын жобаны облыстық әкімдікте алғаш болып Төлеби ауданының әкімі Б.Парманов таныстырды. Ауданның 2017 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму концепциясында барлық сала негізінен 3 бағытқа біріктіріліп, дамытылмақ. Облыс әкімінің орынбасарлары мен тиісті басқармалардың қатысуымен жасалған ауқымды құжат аудан халқының әлеуметтік, тұрмыстық, қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, сәулет, коммуналдық, кәсіпкерлік сынды өзге де шаруашылық салаларында кездесетін өзекті мәселелердің толық шешімін табуға бағытталған.
Бүгінгі өткен жиында аймақ басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық потенциалдарын толық іске асырып, халықтың әл ауқатын арттыру негізінде жасалған даму тұжырымдамасы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп пен туризм саласы сынды 3 бағыт бойынша іске асырылатынын атап өтті. «Оңтүстік өңірі аграрлы аймақ болған соң концепцияның маңызды және үлкен бағытының бірі ауыл шаруашылығы саласын дамыту болып табылады. Бұл бағытта су шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, үй шаруашылығын және сервистік қызмет көрсету қолға алынады»,-деді әкім.
Ауыл шаруашылықтың дамуына негізгі серпіліс беретін фактордың бірі жерлерді заманауи үнемдеу және жаңа технологияны қолдану арқылы суландыру. Өз кезінде бұл қарқынды технологияларды пайдалана отырып бау, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіруге, өнімділігі жоғары мал азықтық дақылдарын дайындауға, елді мекендерді ағын сумен толық қамтуға мүмкіндік береді. Мәселен, аудандағы суармалы жерді толық сумен қамту үшін үш кезеңде жұмыс жүргізіледі. Бірінші 9 каналды су құбырына ауыстырып жерлерді тамшылатып суғару жүйесіне көшіру. Екінші кезеңде 23 каналға лоток салу немесе бетонмен қаптау жұмыстары жүргізілсе, үшіншіден су деңгейінен биік орналасқан жерлерді су сорғыштар арқылы суландыру. Нәтижесінде суармалы жер көлемі 16000 гектарға жетсе, жеміс-жидек 2200 гектардан 10 мың га дейін ұлғайады. Ал өнім көлемі 12 мың тоннадан 60 мың тоннаға өседі деп күтілуде.
Ал өсімдік шаруашылығын дамыту мақсатында ауданда 158,5 гектарға жаңа бау егілсе, оның 108 га қарқынды бау болмақ. Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамыту бағытында мал бордақылау және ет өнімдерін қайта өңдеу, сүт фермаларын дамыту және сүт өнімдерін қайта өңдеу мен қымыз өндіру кластерін құру жұмыстары жүргізіледі. Мал бордақылау бағытында келер жылы жоба құны 125 млн. теңге болатын 3 агроқұрылым яғни, 670 бастық мал бордақылау алаңы іске қосылады. Сүт фермаларын дамыту және сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша 36 млн. теңгеге 135 басты сүт фермасы ал, тәулігіне 2 тонна сүт өнімдерін қайта өңдейтін цех іске қосу жоспарлануда. Келер жылы сауынды бие басын көбейтіп, өндірілетін өнім көлемін 2610 тоннаға дейін жеткізу мақсатында 75 азамат 454 млн. теңге көлемінде несие алуға ниет білдірген. Тұжырымдаманың екінші бағыты кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында 2017 жылы 104 жоба іске асырылады. Индустриалды - инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде келер жылы жоба құны 1 млрд. 100 млн. теңгеден асатын 3 жобаны енгізу жоспарланып отыр.
Оңтүстіктің туристік индустриясын дамыту үшін концепцияның үшінші бағытында ауданда туристік демалыс аймақтарын дамыту көзделген. Бұл бағытта ауданда эко туризм, зиярат ету, сауықтыру, жоғары сервистік қызмет пен көпшілікке арналған демалыс орындар салынбақ. Атап айтқанда, замануи «Қасқасу» тау-шаңғы курорты, «Тау самалы» демалыс аймағы мен тау шаңғы базасы және саумалмен емдеу орталықтарының құрылысы жүргізіледі. Тау шаңғы спорты өңірдегі отандық туризм индустриясында бәсекеге қабілетті және қызмет сапасын жақсартуға, яғни өңірдің қарқынды дамуына импульс береді, жаңа жұмыс орындар ашылады, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытумен бірге Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға үлесін тигізеді. Жыл бойы туристік қызмет көрсететін халықаралық деңгейдегі тау шаңғы курорты аумағында қонақ үйлер, мейрамханалар, арқан жолы, бассейн және т.б. нысандар салу жоспарланған. Ал «Тау самалы» демалыс аймағында салынып жатқан этноауылдарда салт дәстурге сәйкес киіз үйлер безендіріліп, ұлттық қолөнер бұйымдар жасалынып, ұлттық тағамдар дайындалады. Бұл бағытта тұрғындарды ұйымдастырып, несиелер алу жолдары қарастырылуда. Ауданда ең алдымен туристтік сервистік қызметтерді жақсарту қажет. Осы жұмыстар нәтижесінде туристік демалыс аймақтар санын 48 -ден 60- қа көбейтіп, келуші туристер саны 26 мыңнан 55 мың адамға өсіру жоспарлануда. Сондай-ақ, концепцияда ауданның инфрақұрылымын дамыту мен абаттандыруына баса көңіл бөлінген. Облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген мәжілістің күн тәртібінде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жайы мен қысқы жылыту маусымының өту барысы қаралды.
 

Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов апта басында белсенді жастарды қабылдап, сый-сияпат тапсырды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудан көлемінде жастар қозғалысына жыл бойы белсене араласып, үздік нәтиже көрсеткен жастарды анықтап, қоғам алдында беделін артыру мақсатында 5 қараша мен 15 желтоқсан арасында «Жетістігі мол жастар – болашақ кепілі» атты байқау ұйымдастырылған болатын. Сол байқау бойынша арнайы құрылған комиссия үміткерлердің тапсырған материалдарына сараптама жүргізіп, 5 номинация бойынша үздіктерді анықтаған еді.
       -Жастарға өнегелі тәрбие беріп отыру – аға буынның басты міндеті. Мемлекетіміз жастар игілігі үшін қажетті нәрсенің бәрін жасап келеді. Біздің жастарымыздың түрлі бағдарламалар бойынша алыс, жақын шет елдерде білім алып келіп жатқаны соның бір ғана мысалы деп айтсақ жарасады. Мені шардаралық жастардың белсенділігі қуантады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сіздер де қарқынды үлес қоса береді деп сенемін, - деді Болатбек Дүйсенбекұлы.
       Мұнан соң аудан басшысы белсенді деп танылған жастарға әртүрлі номинация бойынша марапаттар тапсырды. Атап айтар болсақ, «Үздік жастар ісінің маманы» номинациясын Қоссейіт ауылдық округі әкімі аппаратының инспекторы Нұржан Мейірбековке, «Үздік жастар ұйымы» номинациясын М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің педагог-психологы, «Жас қыран» жастар ұйымының жетекшісі Бекжан Еспановқа, «Үздік өзін-өзі басқару» номинациясын С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектбінің 8-сынып оқушысы Динара Ізғалиға, «Үздік жас ғалым» номинациясын Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектбінің химия пәнінің мұғалімі Жадыра Балтабаеваға, «Жылдың жас еріктісі» номинациясын «Қосейіт» жалпы орта мектебінің үйірме жетекшісі Қарашаш Серікбаеваға аудан әкімі салтанатты түрде табыс етті.
        Сондай-ақ, осы күні ынталандыру сыйлықтары да табыс етілді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бауыржан Шомпиев байқау қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Еңлік Қасенді, «Қоссейіт» жлпы орта мектебінің жастар ұйымының жетекшісі Бекмұрат Ергешовті, С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектебінің «Жасыма» жастар ұйымының жетекшісі Қыздығой Қайназарованы, №16 колледждің химия пәнінің оқытушысы Нұргүл Айтенованы, С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Бекзат Сырбекті, «Шардара» мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Мейіржан Әлиевті ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады.

                                                                                                                       Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Шымқаладағы дендросаябаққа облыстың бұрынғы әкімі Асанбай Асқаровтың аты берілдеі деп хабарлайды rgmedia.kzақпараттық агнеттігі. Шымқаланың мақтанышына айналған флора әлемі -дендросаябақты   қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың  атына беру мәселесі біраздан бері айтылып жүрген еді.  Жақында алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында аталған мәселе  бірауыздан оң шешімін тапты. Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны енді Оңтүстік Қазақстан облысының дамуы мен гүлденуі жолында  орасан еңбек еткен тұлға -   Асанбай Асқаровтың есімімен аталмақ. 

Айта кетейік, Асанбай Асқаров 1978 жылдан 1985 жылға дейінгі аралықта Оңтүстік Қазақстан облысы обком партиясының бірінші хатшысы қызметін атқарған. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшының іскерлігімен қалада көптеген әлеуметтік құрылыстар жүріп, шағын аудандар бой түзеген. Облыс орталығында көпшіліктің көз қуанышына айналған дендросаябақ та тұғырлы тұлғаның тікелей атсалысуымен халық игілігіне берілген болатын. 1979 жылы қазіргі саябақтың орны қоқыс үйіндісі болған. Аз уақыттың ішінде сол кездегі облыс басшысы қоқыс алаңына Қазақстандағы алғашқы дендросаябақты құрып, жасыл желекке айналдырады.  Бүгінде демалыс орнында 500 мың-нан астам ағаш түрлері бар. Шөптесін өсімдіктер саны -1млн.360 мың.

 Шымкентте «Жастар ресурстық орталығы»  ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі мен облыс әкімінің жүлдесі үшін республикалық «Жайдарман» ойыны өтті. Жаңа ғимаратты аралап көрген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жастар ұйымдарының алдағы  жұмыс жоспарымен танысты.   
    «Бүгінде өңірімізде 800 мыңға жуық  жастар бар. Яғни  облыс халқының 30 пайызын жастар құрайды.  Бұл үлкен күш. Сондықтан дәл осындай орталықтардың 16-сын іске қосып отырмыз. Алдағы уақытта жастар белсенділігі арта түседі, бірігіп, бірлесіп жұмыс істейміз деген сенімдемін», - деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.   
    Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы алаңы – 1979,9 шаршы метрді құрайды.  Бірінші қабатында фойе мен 8 жұмыс бөлмесі орналасқан. Күрделі жөндеуден өткен 600 орындық концерт залы заманауи кейіпте  қайта жабдықталған.   
   Аталған  орталық  жастардың жобалары мен бастамаларын сүймелдеуді, волонтерлік қозғалыс пен жастардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға күш салмақшы. Сондай-ақ жастардың рухани, мәдени және шығармашылық әлеуеттерін жандандыруды, өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен отбасыларға психологиялық көмек көрсетуді жүзеге асырады. 
   Жаңа ғимараттағы жастармен жүздесу соңы облыс әкімінің кубогы үшін  дәстүрлі түрде өткізілетін «Жайдарман» ойынына ұласты. Әзіл сайысының көркін республиканың түкпір-түкпірінен келген үздік командалар қыздырды. Атап айтсақ, Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Тараз, Жетісай қалаларынан келген әзілкештер көрерменге керемет күлкі сыйлады.  
    Жарыс қорытындысы бойынша 1-орын яғни 300 мың  теңгелік сыйақы жетісайлық «Сырдария» командасына бұйырды. Шымкенттік «Байдың балалары» командасы 2-орыннан көрініп, 200 мың теңгелік сыйақыны иемденді. Ал талдықорғандық «Шапалақ» командасы үздік үштіктің қатарынан табылып, 100 мың теңгелік қаржылай сыйлық табысталды.  Айта кетейік, жарыс жеңімпазына өңір басшысы Жансейіт Түймебаев кубогты арнайы табыс етті.  
Бүгін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі мемлекеттік мекемесі заман талабына сай жаңа техникамен толықты. Сала мамандарына  жаңа техниканың кілтін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы табыстады. 
  «Төтенше жағдайлардың алдын алып, тер төгіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті базасы жыл санап жақсара түсуде. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен биыл 269 миллион теңге қаражат бөлінді. Бүгін де, міне, жұмыстарыңызға аса қажетті 7 көліктің кілтін тапсырғалы отырмын. Келесі 2017 жылы осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, бұл мақсатта облыс бюджетінен 427 млн теңге қарастырылуда», - деді  өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы.
   Шара барысында облыс әкімі екі қызметкерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттаса,  қос өрт сөндірушіге  грамота табыс етті. Көп қабатты үйлерде қандай да бір төтенше жағдайлар орын алған жағдайда  жаңа үлгідегі заманауи өрт сөндіру автосатылары жоғарыға көтеріліп, тілсіз жауды сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге үлкен септігін тигізері сөзсіз. Ең басты міндет -  халықты және облыс аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау.
     Бұл мақсатта  өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі мемлекеттік мекемесінде 181 бірлік  өрт сөндіру техникасы бар. Оның 121-і өрт сөндіру,  22- сі арнайы, 38 бірлігі  көмекші автокөліктер.  Осы техникалардың 93-і  20 жылдан астам уақыт пайдаланылыпты. Жаңа техникаларға қол жеткізген мамандар облыс әкімдігінің қолдауына ризашылық білдірді.
 
 
Page 1 of 8