23Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

10 Там

«Мемлекеттік қызметтер туралы» жаңа заң жобасы халықаралық стандарттарға жауап береді - БҰҰ ДБ өкілі

«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасы халықаралық талаптарға жауап береді. Бұндай пікірді Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламсының тұрақты өкілі Екатерина Паниклова білдірді.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет саласын дамыту» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» барысында «Мемлекеттік қызметтер туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

«Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесіне соңғы уақытта аса зор назар аударылып келеді. Бұл аса маңызды мәселе. Сонымен қатар, Қазақстанда электрондық қызмет көрсетулер саласында, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында тиімді шаралар жүзеге асып жатқанын атап өту керек. Бұдан бөлек, ҚР Президентінің мемлекеттік қызмет сапасын арттыру турасындағы соңғы жүктеген тапсырмалары да республиканың өз азаматтарының жағдайларын жақсартуға ұмтылыс прогресін білдіреді», -дейді Е.Паниклова.

Оның айтуынша, жаңа әзірленген заң жобасы мемлекеттік қызмет жүйесін тұжырымдамалы түрде аса жоғары жауапкершілікті жүктейді және ол халықаралық стандарттарға жауап беретін болады.

Тоқтала кететін жайт, заң жобасымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында тұтынушылардың заңды мүдделері мен құқықтары бұзылған жағдайда ол бойынша шағымдар қарау институтын енгізу де көзделеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламентіне талаптар арта түседі, соның ішінде әрбір азаматты мемлекеттік қызмет стандарттары жобасын талқылауға тарту шаралары қаралады.

1 пікір

  • Пікір жазу Баймұрат 13 Желтоқсан 2012 Баймұрат

    Құрметті: Аса құрметті Байменов Алихан Мұхамедиярұлы! Жаңа жобада Мемлекеттік қызметте ерен еңбегі үшін "Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгі және мүлтіксіз қызмет үшін еңбек өтілі 15 жыл деп жоспарланған. Сұрағым- Қолданыстағы заңның 16 бабында көрсетілгендей Мемлекеттiк органдарда кемiнде 20 жыл жұмыс стажы бар мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер тестiлеуге жатпайды дегеніміз 15 жылға өзгертілеме екен?

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.