26Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі «25 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес,  27 қараша - «Бірегейлік пен бірлік» күніне орай, өзге ұлт өкілдері арасында түрлі іс-шаралар өтті.
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына  арналған  «Играй, гармонь!» фестивалі өтті, деп хабарлайды ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы, ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі. Жас ерекшеліктеріне қарамай, барша үміткерлерге қатысуға мүмкіндік берілген фестивалге 16 азамат өтінім берген. Байқауға қатысушылар  гармон, баян, аккордеон аспаптарын қолдану арқылы елді  патриоттыққа, отансүйгіштікке шақыратын туындыларды  орындады. Іс-шараның мақсаты - этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру, қазақстандық біртектілік пен бірлікті  нығайту, патриотизмді дамыту, халқымыздың рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз ету болып табылады. Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді этнос өкілдері қатысты. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіндегі жеті тұғырды нәтижелі іске асыруды өздеріне мерейлі міндет санайтын ассамблея мүшелері Ұлт жоспарындағы қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды іс-шарамен тығыз байланыстырады. Облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі дәл осындай игі шараларды жалғастыра бермек.  
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі «25 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес, 23 қараша - «Шекара» күніне орай облыстың барлық әскери бөлімдерінде шеру болып өтті.
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы Мырзакент 2037 әскери бөлімшесі  Мемлекеттік шекара күні  мерекесіне орай шеру ұйымдастырды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Еліміз Тәуелсіздік алғалы Мемлекеттік шекара инфрақұрылымдарын жетілдіріп, шекарашы әскерилеріміз техникалық құралдармен жабдықталып, контрабандалық сауда тасымалы, есірткі трафигі мен заңсыз келді-кеттілерді реттеп отыр. 350 мыңнан аса тұрғыны бар Мақтарал ауданы облыс орталығынан шеткері, аумағының басым бөлігі шекарада орналасқандықтан «Мемлекеттік шекара күні» мерекесін ерекше атап өтті.  «Құрметті шекарашылар! ҚР Мемлекеттік шекара күнімен шын жүрекпен құттықтаймын. Халықтың тыныштығы үшін түн ұйқыларыңыз төрт бөлініп, ыстық-суықта ел іргесін күзетіп жүрген мына сіздер - еліміздің қырандарысыздар! Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңізде әрқашан табыстан табысқа жете беріңіздер!» - деп құттықтады Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков. Сондай-ақ, ерлік көрсетіп, белсенді еңбек етіп жүрген бірнеше сарбаз және «Жас шекарашылар» клубының бірнеше оқушылары Мақтарал ауданы әкімінің, 2037 әскери бөлімшесі басшысының, Ардагерлер одағы төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.  
Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалында «Кентау қаласының инвестициялық мүмкіншілігі мен тартымдылығы» тақырыбы бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.  Жиындағы алғы сөзді алған ОҚО ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров пен Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қаланың мол мүмкіншіліктерін атап өтті. Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары Н.Ташимов Кентау қаласында өз кәсібін ашамын деушілерге жасалынған толық жағдайлар мен жеңілдіктер жайында баяндама жасады. Сондай-ақ Кентау қаласының өзге аудандардан ерекшеліктерін атап өтіп, индустриалды аймақтағы мол мүмкіншіліктерді талдап берді. Жиынға келген кәсіпкерлер тарапынан ұсыныстар айтылып, пікір алмасты. Айта кетейік, Кентау қаласында 25 гектар жер телімін құрайтын индустриалды аймақ құрылған болатын. Онда өз өндірісін ашамын деушілерге барлық жағдайлар жасалынған. Ең тиімдісі электр жүйесі ең төменгі бағада беріледі. Кентау өндірісті қала. Өз кәсібін ашқан кәсіпкер кадр мәселесінен тапшылық көрмейді. Себебі қалада техникалық мамандықтарды даярлап жатқан 5 оқу орындары бар. Кентау - табиғаты қолайлы, өндіріске жайлы қала.   
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-ның ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шымкент қаласындағы облыстық жеңіл атлетикалық спорт кешенінде этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті. Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов спорттың тек денсаулық кепілі ғана емес, түрлі этностар арасындағы ынтымақтастықты, достықты нығайтатынын айтты. Спартакиадаға облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің және ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер және блогерлер клубының мүшелерінен құрылған 9 команда қатысты.

Шағын футбол, шахмат, үстел теннисі, жеңіл атлетика, арқан тарту секілді спорт түрлерінен сынға түскен командалардың арасында иран этномәдени бірлестігі бас жүлдені жеңіп алса, славян этномәдени бірлестігі І орынға ие болды. Ал, ІІ орын өзбек ұлтының өкілдеріне бұйырса, ІІІ орын қырғыздардың еншісіне тиді. Жарыс барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйлыққа ие болды.
Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы өзге ұлт өкілдері тығыз орналасқан аймақ. Мұнда 20 астам этно-мәдени орталықтар мен аудан, қалалардағы филиалдары жұмыс істейді.  Ассамблея біздің отандастарымыздың бойында орта таптық психологиясын — жоғары ізгілік мәдениетіне ие, іскерлік пен жоғары өнімді еңбекке құлшынған патриот пен азаматтық психологиясын тәрбиелеуге өз үлесін қоса алады. Себебі, қазақстандықтардың әл-ауқаты неғұрлым жақсарған сайын мемлекет те соғұрлым ауқатты да күшті болады.
\- Интернетте немесе электронды т?рде пайдалануды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез «www.bnews.kz» веб-сайтыны? басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.
Сәрсенбі, 30 Қараша 2016 12:37

ШЫМКЕНТ ТАЗА ҚАЛАЛАР РЕЙТИНГІСІНДЕ

Қазақстандық "OlX" қызметі қалалар арасында «Идеал қалалар» атты зерттеу жұмыстарын жүргізді – деп хабарлайды  ҚазАқпарат  сайты.
 Бағалау тәртібі бойынша қоршаған орта тазалығы, коммуналдық қызметтер жұмысын және көше тазалығын негізге ала отырып, 1-ден 7 дейінгі көрсеткіш бойынша үздіктерді анықтады. Сауалнама нәтижесі негізінде Шымкент үздік 10 таза қалалар тізімінде 13.5 балдық бағамен төртінші орынға ие болды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Сонымен бірге, коммуналдық қызметтердің сапасы жағынан Астанадан кейін екінші орынға тұрақтады. Аталған интернет басылымы Шымқаланың жанға жайлы ауарайы, халықтың демалысына қолайлы саябақтар мен бақтар бар екендігін тілге тиек етті.  Айта кету керек, Шымкент - Қазақстандағы ең iрi үш қаланың бiрi. «Қазақстанда екi мегаполис - Астана мен Алматыны дамыту жоспарланған. Бұл екi қаламен қоса, Шымкент те мегаполистер қатарына қосылуы мүмкiн»,-деген сөзді осыдан бiраз жыл бұрын Оңтүстiкке келген сапарларының бiрiнде ҚР Президентi Н.Назарбаев айтқан болатын. Содан берi Шымкент үшiншi қала мәртебесiне қарай бой түзеп келедi.  Рас, соңғы жылдары қаланың ажарын аша түсетiн көптеген архитектуралық нысандар, тарихи-танымдық кешендер, заманауи ғимараттар бой көтердi. Зәулiм сарайлар, әсем гүлзарлар, демалыс орындары, әлеуметтiк нысандар, тiптi, тұтас жаңа шағынаудандар салынып, көпқабатты үйлер халық игiлiгiне берiлдi.
Сәрсенбі, 30 Қараша 2016 12:20

"Бір халық - бір ел - бір тағдыр"

2016 жылдың қараша айының 28 күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ОҚО, Түлкібас аудандық білім бөлімінің, мәдениет және тілдерді дамыту және "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Түлкібас ауданы Тастұмсық ауылдық округіне қарасты Лермонтов атындағы жалпы орта мектебінде "Бір халық - бір ел - бір тағдыр" атты түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен мәдени іс-шара өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектаева қатысып, халықты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, еліміздің 25 жылда жеткен жетістікері мен толағай табыстары, бағындырған биік белестері жөнінде айтып өтті. Славян, өзбек, түрік этномәдени орталықтарының өнерпаз жастары халық алдында түрлі ұлт өкілдерінің билерін, әндерін, өлеңдерін айтып концерттік бағдарлама құрды. Іс-шара барысында дастарханға қойылған өзге ұлт өкілдерінің тағамдарынан түрлі дәмдер ұсынылды.
Сонымен қатар, Түлкібас аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында "Спорт бізді біріктіреді" атты ұранымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында "Көңілді старт" атты түрлі спорттық ойындардан жарыс өткізілді. Атаулы іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектаева ашып беріп мүмкіндігі шектеулі балаларды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, жеңіске жетулеріне сәттілік тіледі. Майлыкент ауылдық округінің әкімі К. Жартыбаев және "Нұр Отан" партиясының Түлкібас аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі А. Бегалиев балақайлармен бірге түрлі көңілді спорт түрлеріне қатысып, мүмкіндігі шектеулі балалардың қуанышымен бөлісті. Айта кетейік, қайырымдылық іс-жоспарына орай Түлкібас ауданындағы Майлыкент ауылдық округ әкімі К.Жартыбаевтың ұйымдастыруымен округке қарасты аз қамтамасыз отбасыларына дастархан жайып, ұн таратты. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектаева қатысып, мерекеге орай қалың жұртшылықты мерекемен құттықтады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Түлкібас аудандық мәслихаты және "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен аудандық мәслихатының депутаты Е. Оспановтың қолдауымен "Азаматтық қоғам" атты қайырымдылық іс-шарасы өтті. Аудан көлемінен мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған, тұрмыстық жағдайы төмен, көп балалы отбасыларынан жиырма бес жас Шымкент қаласының көрікті жерлеріне экскурсияға барып келді. Жастар Шымкент қаласындағы Жануарлар саябағы, Тарихи өлкетану мұражайы, Дендросаябақ, Бәйдібек ата ескерткішіне және т.б қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасады. 
 
Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Түлкібас ауданының іс-шара жоспарына сәйкес, аудан орталығы Т. Рысқұлов ауылында Майлыкент ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне құрмет көрсетілді. «Шамшырақ» қоғамдық саяси газетіне биыл сексен бес жыл толуына орай аудан әкімі құтықтап, марапаттады. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектаева, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы З. Мырзабаев, жергілікті БАҚ өкілдері, ҮЕҰ-дар мен Қоғамдық бірлестіктер мүшелері қатысты. Іс-шара қайырымдылық акциямен жалғасты. Акция барысында аз қамтамасыз етілген жанұяларға ұн таратылды. Іс-шараның мақсаты «Азаматтық қоғам» оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың алатын орны ерекше екендігін айта отырып құрмет көрсетілді. 
Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болып, бірқатар шаруа қожалықтар мен әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Ең алдымен, өңір басшысы Ақжар ауылдық округінде орналасқан «Агрофуд-Қазақстан» ЖШС-нің бау-бақша алқабын көріп, алғашқы көшетті отырғызды.Биылғы жылы 280 гектар жерге жаңа технологиямен қарқынды бау өсіруді қолға алған серіктестік келер жылы өнім алуды жоспарлап отыр. Жобаның  инвестиция көлемінің жалпы құны 3 млрд. 400 млн. теңге.
Серіктестік  басшысының айтуынша, бірінші жылы гектарына 10 тонна өнім алу көзделіп, 4 жылдан кейін 1 гектарына 40-50 тонна  өнім жинау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, кәсіпкер алдағы жылдары өсірілген жемістерді сақтайтын тоңазытқыш қойма салуды және өнімдерді қайта өңдеу жұмыстарын қолға алмақ. Тамшылатып суару әдісі қолданылатын бауда жергілікті 200-ге тарта азамат жұмыспен қамтылатын болады.
Мұнан соң, аймақ басшысы «Жібек жолы» кеден бекетінің жұмысымен танысты. Онда аудан әкімі Қ.Әбдуәлиев аудандағы барлық кеден бекеттері маңында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын баяндады. Күніне 10-15 мың жолаушы өтетін кеден бекетінде келушілер үшін барлық жағдай жасалу қажеттігін айтқан облыс әкімі көрші елмен қарым-қатынастың одан әрі жақсарып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол «Жібек жолы» кеден бекеті арқылы жеңіл автокөліктер өткізу мәселесі шешілгенін, алдағы уақытта автобустар қатынасы да шешімін табатынын жеткізді.
Жұмыс сапары барысында әкім бастаған жұмысшы топ «Жабай ата» шаруа қожалығына қарасты жылыжай жұмысын көрді. Заманауи озық технологияларды пайдалана отырып, тұрғындарды сапалы көкөніспен қамтамасыз етіп отырғанын айтқан шаруа қожалық иесі жергілікті 75 азаматты жұмыспен қамтыған.
Оның айтуынша, бүгінде мұнда 450 мың көшет отырғызылып, оның әр түп көшетінен 4-6 келіге дейін өнім алынуда. Көлемі 15 гектер болатын жылыжайда қызанақ пен қияр өсіріледі. Өндірілген жалпы өнім 2250 тонна, ал өнімдер Қазақстан нарығы мен  Ресей федерациясына жіберілуде.
Осы күні Ж.Түймебаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, пайдалануға берілген сыйымдылығы  100 мың томға дейін жететін орталық кітапхананың ашылу рәсіміне қатысты. Тұрғындардың қуанышымен бөлісе келген әкім барша сарыағаштықтарды мерейлі мерекемен құттықтады.
Аталған мәдениет нысанында оқырмандар мен қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. 7 мыңға жуық оқырманы бар кітапханада бүгінде 47 мың кітап қоры бар. Жаңа кітапхана ғимараты екі қабатты. Үш оқу залы мен кітап қорын сақтайтын 1 зал және қызметкерге арналған 7 бөлме бар. Айта кетейік, жалпы аудан бойынша кітап қоры 632 мың болатын 57 кітапхана халыққа қызмет етуде.
Сарыағаш ауданына жасаған сапарының соңында облыс әкімі жергілікті активпен кездесіп, ауданның даму басымдықтарын талқылады. Онда аудан әкімі Қ.Әбдуәлиев Сарыағаштың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтіп, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатындағы жобаларымен бөлісті.
Жиында Жансейіт Қансейітұлы шешімін таппай отырған мәселелердің де бар екенін атап өтіп, оны ашық айтып, шешу жолдарын қарастыруды ескертті. Мәселен, индустрияландыру картасы аясында ауданда 1,7 млрд.теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба іске қосылса, оның ішінде «Сарыағаш құс» кәсіпорыны тоқтап қалған. Ал құрылыс заттарын шығаратын «С-Дем» кәсіпорны 50 пайыз қуаттылықпен ғана жұмыс істеп тұр. Аудан әкімдігі тарапынан кәсіпорындарға мониторинг жүргізу жұмыстары өз деңгейінде атқарылмағанын айтқан аймақ басшысы биыл аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі  9 пайызға, өндеу өнеркәсібі 14 пайызға кемігенін атап өтті.
Сонымен қатар, әкім білім, денсаулық сақтау, құқық бұзушылық бағыттарында да тиісті жұмыстардың жүргізілмегендігінен көрсеткіштердің төмен екенін, осы саладағы жұмыстарды барынша жандандыру қажеттігін ескертті. Шипалы суымен танымал ауданға еліміздің барлық облыстарынан және шетелдерден көптеген туристер мен демалушылар келетінін мысал ретінде келтірген Ж.Түймебаев ондағы санитарлық тазалық пен ретсіз саудаға және көгалдандыру жұмыстарына баса назар аудару қажеттігіне тоқталды.
«Ауданда қоқыс тастайтын 26 орын белгіленген, алайда, аудан әкімдігі тарапынан жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты, елді мекендерде  бей-берекет қоқыс орындары көптеп орын алуда. Сонымен қатар, мұндағы проблемалардың бірі ретсіз орналасқан базарлар.  Мәселен, аудандағы 13 базардың 7-уі заң талаптарына сәйкес келмейді»,- деді облыс әкімі.
Жиынды қорытындылаған Ж.Түймебаев Сарыағаш ауданының мүмкіндігі кейбір аудандармен салыстырғанда өте жоғары екенін айтып, осы әлеуетті барынша пайдалана отырып, аудан экономикасын көтеру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

 

29 қараша күні "1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне" орай "Мәңгілік ел" жастар форумы өткізілді. Іс-шара басы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл, Желтоқсан оқиғасына 30 жыл, Төлеби ауданына Төле Әлібекұлының есімі берілгеніне 25 жыл, Халық ақыны Қазанғап Байболұлына 125 жыл, Жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа 170 жыл толуына арналған 170 адамнан құрылған флэшмоб биімен ашылып, атаулы даталарға мерейтойларымыздың аттары жазылған әуе шарлары ұшырылды. Іс-шара барысында Аудан әкімі Б. Парманов "Жастар алеясындағы" көрмені тамашалап, үздіктер қатарында жүрген жастарымызды марапаттады. Іс-шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Сонымен қатар, "1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне" орай "Менің Тұңғыш Президентім" атты тақырыпта Жайдарман КТК сайысының 1/4 финалдық ойындары болып өтті. Ереже талаптарына сәйкес 1 кезеңнен тұратын (әуенді сәлемдесу) бойынша аудан аумағынан 14 құрама топ қатысып, өз өнерлерімен, астарлы әзілдермен барша көрермендерді тәнті етті. Сайыс қорытындысы бойынша 12 құрама топ келесі 1/2 жартылай финалдық ойындарына жолдама алды.
"ҚР Тәуелсіздігіне - 25 жыл" толуына орай аудан, қалалардағы "Жастар ресурстық орталығы" КММ қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу, патриоттыққа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кіші футболдан аудандық ашық біріншілік болып өтті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті.
2016 жылдың 29 қарашасы күні Созақ ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» 25 жұлдызды күн аясында 29 қараша – «Ядролық қарусыз әлем» күнінде 3 іс-шара өткізілді. 
Олар: 1. Созақ Жастар Ресурстық Орталығы-ның ұйымдастыруымен «ХХІ ғасыр - соғыссыз әлем» тақырыбында дөңгелек үстел. Дөңгелек үстелге аудан жастары қатысып, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – Қазақстанның жаңа бейбіт бастамасы», «Ұлы Отан соғысының сабақтары және қазіргі әлем», «Ядролық қарусыз әлем – адамзат амандығының міндетті шарты» тақырыптарында баяндамалар жасалып, жастар өз пікірлерін ортаға салды.
2. Қыземшек кенті әкімі аппаратының (Кыземшек Акимат Сузакский Район) ұйымдастыруымен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты фотокөрмесі. Фотокөрмені Қыземшек кентінің әкімі Шекербек Ошақапов ашып, кент тұрғындарына Қазақстан әлемдегі төртінші ракета-ядролық әлеуеттен ерікті түрде бас тартқан ел екені, ядролық қару зардаптары таныстырылып, ядролық қаруы бар елдер Қазақстаннан үлгі алып, әлемді ядролық қарусыздандыруға атсалысуы тиіс екендігі айтылды.
3. Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің (Созақ Аудандық Білім Бөлімі) ұйымдастыруымен «Шолаққорған» жалпы орта мектебінде «Азат елдің ұландары» атты жоғары сынып оқушылары арасында әскери сайысы өткізілді. Оқушыларды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мақсатында өткізілген әскери сайысқа қатысушыларға аудан әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков сәттілік тіледі. Оқушылар түрлі әскери жаттығулар бойынша өз өнерлерін көрсетті. 
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесін лайықты атап өту рәсімі алдағы күндері өз жалғасын табатын болады.
 

 

Page 1 of 19