16Қаңтар2018

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Жаңалықтар

Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ОҢТҮСТІК» АИО төрағасы Арман Данаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жалпы сомасы 5 429,9 млн. теңге болатын 4 114 азамат жұмыс орны ашылатын 1 608 жоба қаржыландырылды. Аталған жобалар іске қосылған уақытта жыл сайын 23 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарлануда. Олар ауылшаруашылығы өнімдері, трактор, жиһаз, құрылыс заттары және т.б. Яғни, орталық индустриаландыру картасына енген 6 жоба, мал шаруашылығын дамыту бағытында 661, көктемгі дала жұмыстары бойынша 839, интенсивті бау шаруашылығы бойынша 2 жоба, ал ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша 3 жоба және басқа да бағыттарда 97 жобаға қаржылай қолдау көрсеткен. «Жалпы 2009-2016 жылдары «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымы бірлесе отырып жалпы құны 41 889 млн. теңгені құрайтын 13 921 жобаны қаржыландырды. Нәтижесінде 36 419 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2016 жылы орталық қаржыландырған жобаларының аудан, қала кесіндісі бойынша қазіргі таңда Ордабасы ауданы ең жоғарғы көрсеткішпен тіркеліп отыр. Яғни биыл аталған ауданда 1 214,0 млн. теңгеге 126 жоба несиелендірілген. Сондай-ақ, компания басшылығы алдағы жылға өз алдына бірқатар міндеттемелер мен жоспарлар қойып отырғандығын мәлім етті. Айтылған деректер бойынша, орталық қосымша екі жаңа бағдарлама әзірлеп ұсынуды жоспарлауда. Олар ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және бизнес инкубатор бағдарламалары. Оған қоса еңбек өнімділігінің сапасын арттыру мақсатында e-stable…

Толығырақ ...

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық акция аясында «Тәуелсіз Қазақстан»  пойызы Оңтүстіктің шығыс қақпасы саналатын Түлкібас станциясына аялдады. Құрамында министрліктердің жетекші мамандары, сарапшылар, заңгерлер, медицина қызметкерлері бар пойызды облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков бастаған аудан халқы ерекше ықыласпен қарсы алды. Онда штаб жетекшісі жергілікті тұрғындарға сапардың мақсатын түсіндіріп, жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.  Республикалық акцияда аудан бойынша медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету,сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және т.б салалар бойынша  қоғамдық қабылдаулар өткізіп, барлығы 120 адамға кеңес берілді.  Поезд делегаттарының қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жылдың белестері» атты дәріс өтті. Сонымен қатар, эномәдени орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен кездесулер өткізіліп,  онда тәуелсіздік жетістіктері жайы айтылды.  Акция барысында халықаралық «Батыс Европа-Батыс Қытай» күре жол бойына қойылған қоғам және мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың ескерткішіне делегаттардың қатысуымен гүл шоқтарын  қою рәсімі, Түлкібас аудандық Т.Рысқұлов атындағы тарихи-өлкетану мұражайының жұмысымен танысу іс-шарасы ұйымдастырылды. Осы күні Түлкібас поселкелік  емханада 147 тұрғын жетекші дәрігерлердің қабылдауында болса, «Тәуелсіз Қазақстан»  пойызының штаб жетекшісі бірқатар азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Тағылымы мол игі шарада аудан жастары «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында флэшмобы, аудан өнерпаздарының қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.   

Толығырақ ...

Таяуда Әзербайжанның Шеки шаһарында ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысы өтті. Онда ер түріктің бесігі атанған Қазақстанның Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешім қабылданды. Аталмыш жиынға ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Түркі Кеңесі, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы, Халықаралық Түркі Академиясы, Түркі мәдени мирас қоры секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиында көне шаһар - Түркістанды 2017 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы етіп бекіту жөнінде шешім қабылданды. Тұрақты Кеңестің 35-ші отырысының үйлестірушісі болу Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігіне жүктеліп, оның отырысы 2017 жылдың соңына қарай Түркістанда өтетін болып белгіленді. Бұған қоса, Әзербайжан Мәдениет және туризм министрлігінің ұсынысымен ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдерде 2017 жыл «Молла Панах Вагифты еске алу жылы» деп жарияланды. Отырыста ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасеинов түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) 20 жылдан астам уақыттан бері түркі тілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге танытуда тындырымды тірліктердің атқарылып келе жатқанын жеткізді. Сонымен бірге, ол ТҮРКСОЙ-дың ең сәтті жобаларының бірі ретінде 2012 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан түркі әлемінің мәдени астаналарын таңдау жұмысы екенін атап өтті.     Түркістанның мәдени астана атанатын жылында бірқатар шаралар ұйымдастырылып, іске асырылмақ. Атап айтқанда, түбі түркі тілдес халықтар Ұлыстың ұлы күні – Наурыз тойын мерекелеп, театр фестивалін өткізбекші. Кітап жәрмеңкесі мен…

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бірлігіміз жарасқан-Мәңгілік ел» атты республикалық  айтыс басталды. Ақындардың басын қосқан дүбірлі додаға еліміздің айтулы 16 ақыны мен Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан елдерінің сөз дүлдүлдері де  арнайы шақыртылды. Атап айтар болсақ, бүгінгі жүйріктердің сөз сайысына Оңтүстік Қазақстан облысы атынан Ж.Наушабеков, К.Оралова, А.Жаппарқұлова, Н.Мейірманов,  Қ.Абзалов, Б.Байтуов, Н.Әнапия, Д.Полатбаев, Т.Түлеулиев, А.Ниязбектер қатысса, еліміздің бас қаласы Астанадан А.Тұрсынбаева, Ж.Бұлғақов,  ал, Қызылордадан М.Айтбай, Қостанайдан С.Әуезхан, Жамбыл облысынан Қ.Мырзахан, Қарағандыдан А.Жұмағұлов сынды біртуар ақындарымыз келіп бақ сынауда. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  орай, ұйымдастырылған аламан айтысқа облыс әкімдігінің екі жеңіл авто көлігі мен қаржылай жүлде қоры тағайындалып отыр. Ақындар айтысын облысымыздың тумасы, «Парасат» орденінің иегері, «АРА.kz» журналының бас редакторы, белгілі сатирик Көпен Әмірбек жүргізуде. Кіл мықтылардың айтыс аламанында қазылар алқасының төрайымы-  Қазақстанның Халық ақыны, Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтың және «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекова болса, қоғам қайраткері, ҚР Мәдениет қайраткері Оразкүл Асанғазы, Қазақстанның Халық ақыны, айтыскер ақын Әсия Беркенова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұт пен айтыскер ақын, сазгер Әбдіхалық Әбдірайымұлы сынды азаматтар қазылық етуде. Екі күнге жалғасатын суырып салма аламан айтысының мақсаты - Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен…

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аймаққа арнайы жұмыс сапарымен келген Түркия Республикасының дәрігерлерден жасақталған бір топ делегациясымен кездесті. Ерте жастағы балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту, нәрестелер өлім-жітімін төмендету мақсатындағы тәжірибесімен бөлісуге келген жұмысшы топқа Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түрік агенттігі (TIKA) ұйытқы болып, оны оқу бөлімінің бастығы Мустафа Хасим  бастап келіп отыр. Кездесуде тараптар бауырлас қос мемлекеттің қарым-қатынасы мен бірлескен жобалар жайын сөз етіп, бүгіннен басталатын шеберлік сабағының нақты міндеттері бойынша әңгімелесті. Атап айтқанда, 2-4 желтоқсан аралығында Түркиядан келген мамандар  облыстағы балалар мен босанатын әйелдерге медициналық көмек беру қызметінің дәрігерлеріне – неонатологтарға, офтальмологтарға, педиатрларға, акушер мамандарға, неонатальдық мейірбикелерге теориялық және практикалық дәрістер өтіп, біліктілігін жоғарылату бойынша арнайы оқыту курсынан өткізеді. Шеберлік сабағына 30-ға жуық маман қатысады деп жоспарлануда. Облыстық балалар клиникалық ауруханасының халықаралық технологиялар орталығының базасында өтететін шарада жаңа туған балаларда кездесетін түрлі шұғыл жағдайлар (асфиксия, тыныс алу жеткіліксіздігі) кезінде тиімді реанимациялық көмекті сапалы жүргізе білуге, науқас және дені сау жаңа туған балаларға мамандандырылған күтім жасауға, ерте жастағы балалардағы көрудің бұзылыстарын уақтылы анықтауға оқыту бағдарламалары жоспарланған. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері жаңа туған балаларға реанимациялық көмек көрсету бойынша заманауи симуляциялық манекендерге тәжірибе жасап дағдыланады. Осындай оқыту бағдарламасымен таныстырған түркиялық дәрігерлер мұндай тәжірибе алмасу шараларының бұған…

Толығырақ ...