16Қаңтар2018

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Жаңалықтар

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев мәлім етті. Оның айтуынша, 2017 жылдың ақпан айында күнгейде «Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасының ашылу салтанаты басталып, жыл соңына дейін түрлі айдарлармен түркі әлеміне қатысты іс-шаралар өтеді. Солардың бірі наурыз айында барша түркі жұртшылығымен бірлескен Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін атауға болады. Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында түркі тілдес театрлар фестивалі, ТҮРКСОЙ-дың ХХ опералық фестивалі, түркі әлемінің кітап көрмесі мен мәдениет пен өнер универсиадасы және  Орта Азия  халықтарының қолонер фестивалі сынды көптеген халықаралық дәрежедегі  іс-шаралар да бар.  Өздеріңізге мәлім, 2016 жылы желтоқсан айының 1-2 күндері Әзербайжанның Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешімі қабылданған болатын. Баспасөз мәслихатында Түркістан қаласының әкімі Түркі әлемінің мәдени астанасының белгісін облыс әкіміне арнайы келіп табыстағанын жеткізді. Жалпы ТҮРКСОЙ кеңесі өнер  мен  мәдениет саласындағы  тұлғаларды  дәріптеу  мақсатында  әр жылдарды  олардың  атымен  жариялай  отырып,  түрлі  мәдени  шараларды  тұрақты  өткізіп  отыруды  дәстүрге  айналдырған. 2012 жылдан  бастап  ТҮРКСОЙ түркі  әлемі  қалаларының  бірін  түркі  әлемінің  астанасы  деп  жариялап  келуде.  Кеңес ең  алғашқы мәдени 2012 жылды елордасы -  Астана  қаласына берсе,  2013  жылы  -  Эскишехир, 2014 жылы  - Қазан, 2015 жылы  - Мары,  2016 жылы  -…

Толығырақ ...

Мақтаралда спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар 73 424 адамды құрап отыр. Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында аудандық Спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен спортшыларды марапаттау рәсімі болып өтті. Іс-шараға аудан әкімі Ғ.Исмаиловтың өзі қатысты. «2016 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға аудандық бюджеттен жалпы 328 млн. 779 мың теңге қаралған. 2016 жылдың соңына дейін бөлінген қаржыны 100% игеру көзделуде» - дейді аудандық Спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Жандарбек Татеев. Оның айтуынша, ауданда мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелерінде 140 қызметкер жұмыс істесе, олардың 78-і спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар және аталған спорт мекемелерінде спорттың 16 түрі дамытылып, ондағы 157 топта 78 жаттықтырушы 2334 спортшымен жұмыс жүргізіп жатыр екен. «Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында 174 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 34 518 адам қатысты. Оның ішінде ауылды жерлерде 143 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 28 168 адам қамтылған. Ағымдағы жылды ауданда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 73 424 адамды құрап, аудандағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 23,9 пайызға жетіп отыр» - дейді бөлім басшысы. Сондай-ақ, биыл ауданымызда 790 спорт нысандары тіркелген екен (2015 жылдың қорытындысы – 782 спорт нысаны). Бүгінгі таңда, Республикалық бюджет есебінен Жетісай қаласында футбол және волейбол алаңдары салынып жатқанын да бөлім басшысы еске салды. Жалпы, іс-шарада аудан…

Толығырақ ...

БүгінТүлкібас  ауданының  орталығы Т.Рысқұлов ауылында халыққа қажетті, оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, ауыл арасындағы байланысты арттыру мақсатында Арыс өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілді. Көпір салуға аудандық бюджеттен 8 млн 300 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын мердігер «Жигита» жүргізіген.  Сонымен қатар,  Майлыкент ауылдық округіне қарасты Бақыбек ауылынан келетін оқушылар үшін қыр жотасына төмен түсу үшін баспалдақта ел игілігіне берілді. Мұнан басқа, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байдланысты Шардара ауданында да  зәулім спорт кешені пайдалануға берілді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Тұрсынқұл Байтұрғанов тұрғындарға құттықтау сөз сөйлеп, жаңа ғимараттың ішінен спорт саңлақтары шығуын тіледі. Спорт  кешені Шардара   қаласында   орын  тепкен.  Жалпы құны - 367 млн. теңге.  260 орындық.  Кешенде  спортшыларға  барлық жағдай жасалған. Жаңа қонысқа №2 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы келіп жайғасты. Мұнда жеткіншектер  бокс, рим күресі, таэквон-до сынды спорттың 9 түрі бойынша жаттығатын болады. Спорт кешені ашылысымен-ақ алғашқы ойындар басталып кетті. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыс кубогі үшін турнир өткізді. Тартысты өткен палуандар сайысына  10-ға жуық аудан -  қаланың  спортшылары  қатысты. Жас палуандар сайысында Шардара ауданының спортшылары командалық есеп бойынша  І орынды жеңіп алды. ІІ  орынды Түркістан  қаласынан келген спортшылар еншілесе, ІІІ орын шымкенттіктерге тиді. Бабы мен бағы қатар шапқан жеңімпаздарға қаржылай …

Толығырақ ...

Отырар ауданында жыл басында «Туған елге тағзым», «Онжылдықтар тоғысында» акцияларын бастау туралы аудандық ардагерлер кеңесі үндеу жолдаған болатын. Ауыл округтерін толығымен қамтыған шараға көптеген жаны жомарт, қолы ашық азаматтар атсалысып, ауданымызды көркейту жолындағы игілікті іске өз үлестерін қосты. Бүгін осындай игі істің бірі Отырар ауданының Көкмардан ауылындаөз жалғасын тауып,  Қазақстан Республбикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына күтпеген тарту болды.  Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтына дағдыландыру, бұқаралық спортты дамытуды мақсат тұтқан ауыл азаматтары көктемде білек сыбана кірісіп, күрес залының ірге тасын қалаған болатын. Жұдырықтай жұмылған ауыл азаматтарының еңбегі бүгін өз жемісін беріп, күрес залының ашылу салтанаты өтті. Күрес залының ашылу салтанатына аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, барша көкмардандықтарды ширек ғасырлық егемендігіміздің мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөзінде аудан басшысы «Елбасы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында халық денсаулығы, дене шынықтыру мен спорт, салауатты өмір салтына соқпай кеткен емес. Елбасы Қазақстан халқының кемінде 30 пайызы бұқаралық спортпен шұғылдануы қажеттілігін ерекше атап өткен. Аудан көлемінде «Тәуелсіздікке тарту» акциясы аясында атқарылып жатқан игі істердің көптігі көңіл қуантатыны жасырын емес. Сол атқарылып жатқан қыруар жұмыстардын басы қасында жүрген ауыл азаматтарына айтар алғысымыз шексіз» деп, өз ойын түйіндеді.  Салтанатты шараның лентасының қию құрметіне аудан әкімі Ерлан Айтаханов пен аудандық мәслихаттың депутаты Құттыбек Нұрқұлов ие болды. Шара…

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына 25 бірлік арнайы техника табысталды. Шараның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев берілген техникалармен аймақтағы автожолдарды күтіп ұстау жұмыстарын дер кезінде орындап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сапасының жақсаратынына сенім білдірді. Атап айтқанда, бұл күні 2 бірлік автогрейдер, 1 бірлік «Урал» қар тазалағыш шнекороторы, аспалы қосалқы жабдықтарымен 4 бірлік МТЗ-82 тракторы, 2 бірлік «КамАЗ» жүк көлігі, 13 бірлік «Газель» маркалы жол жөндеу қызметінің жүк көлігі, 1 бірлік Жол таңбалау көлігі (разметочная машина «Газель»), 1 бірлік NISSAN TЕRANO (қызметтік көлік) және 1 бірлік НИВА - 21214 қызметтік көліктері берілді. Жаңа техникаларды аралап көрген  аймақ басшысы өңіріміздегі барлық аудандарға берілетін техниканы қолдануда, әсіресе, қысқы мерзімде қауіпті саналатын Қазығұрт, Бәйдібек, Созақ, Түлкібас аудандарындағы асуларды үнемі назарда ұстап, қардан тазартып отыруды тапсырды. Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына» қарасты 4 330 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бар. Бүгінге дейін кәсіпорынның балансында жалғыз ғана техника болып, тиісті жұмыстар қосалқы мердігерлерді тарту арқылы және жалдаумен жүргізілген болатын.  Айта кету керек, 1991-1999 жылдар аралығында автомобиль жолдарының жағдайы көбінесе ағымдағы жөндеу жұмыстары есебінен күтіп ұсталған. Автомобиль жолдарын салуға және қайта жаңартуға мүлдем қаражат бөлінбеген. Жалпы, 2000-2015 жылдары облыс жолдарына 151 млрд. теңге бөлініп,…

Толығырақ ...