16Қаңтар2018

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Теріскейде тағы бір жаңа балабақша ашылды. Созақ ауданыныңорталығы Шолаққорған ауылында жеке кәсіпкер Б. Досаев 75 орындық «Шұғыла» балабақшасын ашты. Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі М. Исаев: «Созақ аудан білім беру саласына көп көңіл бөліп келеді. Заман талабына сай соғылған бұл ғимарат ел игілігіне қызмет ететін болады. Тәуелсіздік мерекесіне тарту болған балабақшаның ашылуы құтты болсын» деп барша жиналған қауымды құттықтады. 350 шаршы метр аумақты алып жатқан балабақша ғимараты заман талабына лайықталып, бүлдіршіндердің жас ерекшелігіне сай жабдықталған. Ойын бөлмесі, жатын бөлме, медициналық кабинетпен қамтылған. Жеке кәсіпкер Б. Досаев: «Заман талабына сай оқу және тәрибе жұмыстарына жаңаша көңіл бөлініп отыр. Мектепе дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие беру мақсатында бөбекжай аштық. 75 орындық балабақшада 22 адамды жұмыспен қамтып отырмыз»- дейді. Айта кету керек Созақ ауданында мемелекеттік «Балапан» бағдарламасының орындалуы 86,3 пайызды құрап отыр. Жалпы, Созақ ауданы бойынша 36мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесінде 3525 бала, оның ішінде 11 мектеп жанындағы шағын орталықта 420 бала тәрбиеленуде. Мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшамен қамтылу деңгейі «Балапан» бағдарламасы бойынша – 84,5% құрады. Ауданда 13469 оқушыны қамтыған 35 мектеп  жұмыс істейді. Ауданның барлық мектебінде телефон орнатылып, Интернет жүйесіне қосылған. Мектептер 1389 бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 9 оқушыдан келеді.    

Толығырақ ...

Екі күнге жалғасатын шарада өңірдегі жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, құрылыс заттары салаларының 70-тен астам кәсіпорындарының отандық өнімдері қойылды.  Отандық тауар өндірушілер көрмесіне облыс әкімі Ж.Түймебаев және «Туған жерді түлету – перзенттік парыз!» атты шарасына қатысушылар - ҚР Парламенті депутаттары, орталық органдар мен ұлттық компаниялар, мәдениет қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша қатысушыларды Егемендігіміздің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, ширек ғасырда өңірдің жеткен жетістіктерін баян етті. «Жалпы, әлемдік дамудың күрделі кезеңдеріне қарамастан, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендікпен жүргізіп жатқан дана саясаты арқасында, тарихы қысқа мерзімде еліміз әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамып, әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енді.  Оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысының жетістіктері де орасан.  Мәселен, 25 жыл ішінде жалпы өңірлік өнім 1,5 млрд.теңгеден 2,5 трлн. теңгеге дейін өссе, ондағы өнеркәсіптің үлесі 15 пайыздан 28 пайызға дейін артты. Осы қарқын ағымдағы жылы да сақталып, 10 айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 643,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді»,- деді Жансейіт Қансейітұлы. Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп өнімдерін  өндіруде өсу қарқыны бойынша республикада 3-ші орынды иеленген. Сондай-ақ, облыста тоқыма, мұнай өңдеу, машина жасау, фармацевтика, медициналық құрылғылар жасап шығару, құрылыс материалдары және басқа да саларда жаңа өнім түрлерін өндіру қолға алынған. Бүгінгі көрменің маңызы ерекше. Мұнда облыс…

Толығырақ ...

Оңтүстік" қаржы орталығы төменгі пайызбен 1608 жобаны қаржыландырған. Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ОҢТҮСТІК» АИО төрағасы Арман Данаев есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру мақсатында құрылған "Ашық әкімдік" жобасына сай мәлімдеді деп хабарлайды rgmedia.kz сайты. Оның айтуынша, жалпы сомасы 5 429,9 млн. теңге болатын 4 114 азамат жұмыс орны ашылатын 1 608 жоба қаржыландырылды. Аталған жобалар іске қосылған уақытта жыл сайын 23 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарлануда. Олар ауылшаруашылығы өнімдері, трактор, жиһаз, құрылыс заттары және т.б. Яғни, орталық индустриаландыру картасына енген 6 жоба, мал шаруашылығын дамыту бағытында 661, көктемгі дала жұмыстары бойынша 839, интенсивті бау шаруашылығы бойынша 2 жоба, ал ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша 3 жоба және басқа да бағыттарда 97 жобаға қаржылай қолдау көрсеткен. «Жалпы 2009-2016 жылдары «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымы бірлесе отырып жалпы құны 41 889 млн. теңгені құрайтын 13 921 жобаны қаржыландырды. Нәтижесінде 36 419 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2016 жылы орталық қаржыландырған жобаларының аудан, қала кесіндісі бойынша қазіргі таңда Ордабасы ауданы ең жоғарғы көрсеткішпен тіркеліп отыр. Яғни биыл аталған ауданда 1 214,0 млн. теңгеге 126 жоба несиелендірілген. Сондай-ақ, компания басшылығы алдағы жылға өз алдына бірқатар міндеттемелер мен жоспарлар қойып отырғандығын мәлім етті. Айтылған деректер бойынша, орталық қосымша…

Толығырақ ...

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Forte Bank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Мағжан Әуезовпен кездесті.  Басқосуда тараптар екі жақты әріптестік жайын талқылап, аталған банктың облыс көлемінде атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы уақытта әкімдікпен бірлесе атқаратын шаруалары туралы әңгімелесті.  Өз кезегінде, М.Әуезов аталған банк жетекшілігімен шағын және орта бизнес бойынша несие беру бағдарламасының түзіліп жатқанын баяндаса, Ж.Түймебаев шағын кәсіп түрлері дамып келе жатқан өңірдегі азаматтар үшін бұл  жақсы мүмкіндік екенін айтты.  Айта кету керек, «Forte Bank» акционерлік қоғамы 20 жылдан астам уақыттан бері еліміздегі үздік банктер қатарында банк қызметін ұсынып келеді. Банктің республика бойынша 19 облыстық филиалы, 150 бөлімшесі бар. Таяуда Шымкент қаласында банк филиалының жаңа ғимараты ашылып, халыққа қызмет көрсете бастайды деп күтілуде.  Оңтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің банктегі кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау бағытымен «Forte Bank» АҚ арқылы жалпы кредит сомасы 4 522,2 млн. теңгені құрайтын 39 жобаға қолдау көрсетілген. 

Толығырақ ...

Бұл туралы Төлеби ауданының әкімі Бұхарбай Парманов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында хабарлады Тәуелсіздік жылдарындағы Төлеби ауданындағы жетістіктерді баяндаған Б.Парманов аудандағы жергілікті бюджет көлемі осы жылдар ішінде 16 есеге өсіп, бүгінгі таңда 11 млрд. теңгеден астам қаржыны құрағанын айтты. Сәйкесінше, ішкі кіріс түсімі де көңіл қуантады. Егемендік алған кезеңде аудандағы ішкі кіріс көлемі 240 млн. теңгеден 1 млрд. теңгеге жетіп, 4,5 есеге өскен.  Сонымен бірге, Тәуелсіздік жылдары ауданда 29 жаңа білім ғимараттары салынған. Жалпы, Төлебиде бүгінгі таңда 68 мектеп болса, 1991 жылдан бері соның 53-і күрделі жөндеуден өтіп, ыңғайластырылған мектептер саны қысқарып, типтік білім мекемелер саны 57-ге жеткен. Баспасөз мәслихатында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда 2012-2015 жылдары жалпы 13 млрд. 233 млн. теңгені құрайтын 35 жоба мақұлданып, іске асырылғандығы туралы айтылды. «Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде ауданның 51 елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылыстары жүргізіліп, орталықтандырылған ауыз сумен аудан халқының 93,7 пайызы, газдандыру жұмыстары бойынша 55 елді мекеннің бүгінгі таңға 36 ауылы немесе 82 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр», - деді аудан басшысы. Сондай-ақ, БАҚ өкілдерімен болған кездесуде Б.Парманов Төлебидегі жұмыссыздық деңгейі 6 пайыздан 4,9 пайызға түсіп, жылма жыл ауданның жұмыссыздық деңгейі төмендеп келе жатқаны туралы мәлімдеді. Мәселен, жыл басынан бері ауданда 2 мыңнанастам жаңа жұмыс орны…

Толығырақ ...