16Қаңтар2018

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі «25 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес 7 желтоқсан – «Нұрлы жол» күніне орай, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу бітіріп, бүгінгі таңда түрлі салада қызмет етіп жүрген «Болашақ» халықаралық стипендианттарының  жастармен кездесуі өтті. Қазақстан Республикасында 1993 жылы жастардың білімін жетілдіріп, тәжірбиелі маман даярлау мақсатында Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы елімізде сәтті жүзеге асып келеді. Бүгінгі таңда оңтүстік қазақстан облысында 12 болашақ түлегі мемлекеттік қызметте басшылық лауазымда еңбек етуде. Солардың бірқатары Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті. Шетелде білім алып, бүгінде мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген азаматтар шәкірттер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді. «Болашақ» бағдарламасының жай-жапсары, шетелде оқудың мүмкіндіктері жайлы сөз қозғап, оқушыларды шетелдік білім жүйесінің қыр-сырымен қанықтырды. Айта кетейік, «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстанның кадрлар даярлауда әлемдік жүйеге табысты кірігуіне мүмкіндік берді. Ол құрылғалы бергі 23 жылда 9339 жоғары білікті маман даярланыпты. Дені инженерлер, ұстаздар мен дәрігерлер, мемлекеттік және шығармашылық сала өкілдері. Солардың 98 пайызы жұмысқа орналасқан. Биыл «Болашаққа» қабылдаудың талабы біршама өзгерді. Шетелде білім алатын оқу орнын таңдауға ерекше назар аударылып отыр. Алдағы жылы бұл бағдарламамен сот қызметкерлері және «Астана» халықаралық қаржы орталығының менеджерлері білім алатын болады.

Толығырақ ...

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте  қаладағы ең ірі  сауда және ойын-сауық орталығы болып табылатын «ShymkentPlaza» кешенінің ашылу салтанаты өтті. Заманауи үлгіде бой көтерген кешеннің  ашылу рəсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен елімізге танымал бірқатар азаматтар жəне өңіріміздің кəсіпкерлері қатысты. Шымкенттіктердің қуанышымен бөлісе келген өңір басшысы Ж.Түймебаев барша тұрғындарды Тəуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойымен құттықтады. «Бұл орталықтың ашылуы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында үлкен оқиғаға баланып отыр. Мұны Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін жерлесіміз кәсіпкер Серік Төлбасов мырзаның керемет сыйы деп айтуға болады. Осындай ғимараттар көп бола берсе, қаламыздың сәні кіріп, әрлене түседі. Халқымыздың демалатын орны молая береді. Бұл да болса Елбасымыздың кәсіпкерлікке жасаған қамқорлығының арқасында іске асып отырған дүние», - деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.  Аталған  орталықтың құрылысына  жеке инвестиция жұмсалған.  Халықаралық деңгейдегі ерекше орталықта 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып отыр.    Жалпы аумағы 48 мың 400 шаршы метрді құрайтын сауда ойын-сауық орталығы Шымкент қаласындағы ең ірі сауда орталықтарының біріне айналып отыр. Жобаның құрылысы әлемдік деңгейдегі ірі сауда орталықтарының жобалық авторлары болған әйгілі ұлыбританиялық – Benoy архитектуралық компаниясының әзірлеуімен іске асырылғанын да айта кеткен жөн.     Енді мұнда «Chopette», «Orchestra», «New Yorker», «Lichi» сынды әлемдік брендтердің өнімдері саудаланады. Сондай-ақ орталыққа келушілер  әйгілі «KFC» және «Hardees» тамақ…

Толығырақ ...

Бүгін Оңтүстік Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Туған жерді түлету – перзенттік парыз!» салтанатты кездесуі өтті. Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен елімізге танымал көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен қазақ эстрадасында өзіндік орны бар өнер майталмандары және кәсіпкерлер сияқты  түрлі салада қызмет етіп жүрген 150-ден астам азамат қатысты. Тәуелсіздік тойында қастерлі Оңтүстіктің төрінде меценаттармен бас қосып, ортақ істі бірлесе жоспарлауды мақсат тұтқан өңір басшысы табанын жерге, арқасын елге тіреген азаматтарымыз әр қиырда аянбай еңбек етіп, абыройға бөленіп жүргенін облыс жұртшылығы мақтан ететінін жеткізді.  «Татулық пен тұрақтылықты ту еткен Қазақ елінің ендігі мақсаты – әлемде дамыған отыз елдің арасынан өз орнын табу. Бұл жолда Елбасының жанқиярлық ерлігіне ел болып бірлесіп қолдау білдіруіміз қажет. Сондықтан да қасиетті Тәуелсіздіктің тойында ел перзенттерінің басын қосып, ортақ ісімізді ойласып алуды көздеп отырмыз. Ұлт көшбасшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде жиі айтып, мемлекетті өркендету мақсатына лайықты үлесін қосқан кәсіпкерлерді назарынан тыс қалдырған емес. Бүгінгі басқосуымыз да Президент әкімшілігінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Ендеше «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» деп аталатын жиынымызға қош келдіңіздер!», - деді Ж.Түймебаев. Сонымен қатар, облыс басшысы барша жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтап, аймағымыздың өркендеп, дамуына сүбелі үлес қосқан көптеген кәсіпкерлерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен облыс әкімінің Алғыс…

Толығырақ ...

Шымкенттегі «Жеңіл атлетика спорт кешенінде» ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  2000-2001 жылы туған жасөспірімдер арасында «Оңтүстік Қазақстан облысының Кубогының» жалауы желбіреді.    Жарыстың шымылдығын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ашып берді.        «Жыл басынан бері облыс спортшылары спорттың 59 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, барлығы 1168 медаль жеңіп алса, осы уақыт мерзімінде Азия чемпионаттары мен Кубоктарында облыс спортшылары барлығы 117 медаль  ұтып алды. Ал Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында барлығы 90 медаль еншілесе, кеше ғана Бразилияда өткен жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетика шебері Жазира Жаппарқұлдың күмісі мен дзюдо шебері Галбадрах Отгонцэцэгтің қоласы облыстың спорт сүйер қауымын бір серпілтіп тастады», - деген облыс басшысы жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.        Кеше, 6 желтоқсан күні басталып, бүгін ресми түрде ашылған жарыс «Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен өтуде. Облыс кубогіне таласта спорттың 7 түрі - баскетбол, волейбол, грек-рим, еркін, қазақ күресі, дзюдо және жүзуден кіл мықтылар анықталып жатыр. Еске салсақ, 28 қараша мен 2 желтоқсан күндері «Оңтүстік Қазақстан облысының Кубогінің» бірінші кезеңі аудан, қалаларда өтіп, онда 2 мыңнан астам жасөспірім бақ сынады. Онда жүзден жүйрік шыққан 1600-ден астам спортшы бүгінгі ақтық екінші кезеңге қатысып жатыр.       Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында спорттың баскетбол түрінен 3 мыңнан астам…

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстанда «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ: ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫМЕН БІРГЕ  25 ЖЫЛ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына 26 мемлекеттен 120-дан астам белгілі ғалымдар, сондай-ақ, қазақстандық 30 университеттің ғалымдары бас қосты. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да өткен шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.  «Мәңгілік ел идеясының мәні мен мазмұнын жастарымыздың санасына сіңіре отырып, олардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, отаншылдық сезімді, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру біздің басты міндетіміз болып табылады. Мәселен, елімізде жыл сайын «Болашақ» бағдарламасы бойынша үш мыңнан астам жас шетелге білім алуға жіберілуде. Бұл мемлекеттің жас мамандарға жасап жатқан үлкен қамқорлығы деп білемін. Сондықтан шетелде, не болмаса, өзімізде білім алған білікті мамандар отанымыздың, оның ішінде Оңтүстік өңірінің өркендеп, дамуына атсалысулары керек. Бұл ретте, жас ғалымдардың дуальді оқу жүйесімен білім алуы маңызды», - деді аймақ басшысы.   Конференцияда Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы ҚР Тұңғыш  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі, Тәуелсіз Қазақстан мұраты - «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын жүзеге асыру, «Қазақстан -2050» стратегиясы – Қазақстанның әлеуметтік-азаматтық жүйесін жүзеге асырудағы жаңа саяси бағыт, Қазақстанның Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстары, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы тенологиялар мен техникалық дамудың өзекті мәселелері сынды тақырыптар талқыланды.  Халықаралық кездесу барысында аймақ басшысы аталған оқу орнының серіктестері болып…

Толығырақ ...