16Қаңтар2018

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Жаңалықтар

Түркістан қаласында еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесіне тарту ретінде халық игілігіне жаңадан 264 пәтерлі 9 қабатты екі және 5 қабатты екі тұрғын үй тапсырылды. Жаңадан бой көтерген «Отырар» шағын ауданындағы қоныс тойға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, түркістандықтарды Егемендігіміздің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, тұрғындарға пәтер кілтін табыстады. «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында түркі дүниесінің орталығы саналатын көне Түркістанда бірқатар жұмыстар атқарылуда.  Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, кезекте тұрған көптеген азаматтар баспаналы болары сөзсіз. Дәл қазірдің өзінде осы шағын ауданда  8 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.  Келешекте жаңа ауданда мемлекет есебінен 100 көпқабатты үй және әлеуметтік нысандар салу жоспарланып отыр. Бұл ширек ғасырда Елбасының көрегенді саясатының арқасында қол жеткізген жетістіктің бір парасы ғана», - деді облыс әкімі. Айта кетейік, аталған шағын аудандағы 5 қабатты қос үйдің құрылысы облыс бюджеті есебінен жүргізілсе, 9 қабатты екі үй «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-ның есебінен салынған. Сонымен бірге, жаңадан бой көтерген тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымдарының құрылысына 586,6 млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілген. Бүгінгі таңда Түркістан қаласында тұрғын үй алу үшін 4232 азамат өтініш білдірген. Олардың ішінде 3019 әлсіз топтағы, 203 жетім балалар болса, 1010 мемлекет қызметкері мен 10-нын үйі апатты жағдайдағы азаматтар құрайды.    

Толығырақ ...

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі «25 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес, 11 желтоқсан – «ЭКСПО «жасыл» технологиялары»күніне орай, Мақтарал ауданының Жетісай қаласында «EXPO 2017 – болашақ бағдары» атты ақпараттық авто шеру өтті. 2017 жылы Астананың төрінде ел тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі өтеді. «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған бұл шараға әлемнің түпкір-түпкірінен мыңдаған адамдар келіп, арнайы орталықта өз жетістіктерін паш етпек. Бүгінде осы аталаған көрмеге аудан тұрғындарын қатыстыру және жарнамалау үшін аудан әкімдігінде біршама іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі бүгін 9-желтоқсан күні Мақтарал аудандық «Кәсіпкерлік бөлімі» және Мақтарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен 9-желтоқсан күні Жетісай қаласында «EXPO 2017 – болашақ бағдары» атты ақпараттық авто шеру өтті. Тізілген көліктер көк байрақты көкке желбіретіп, Жетісай қаласының«Жеңіс» алаңынан бастап, қаланың барлық орталық көшелерінде жүріп өтті. Аталған шараға қала, кент және ауыл округ әкім аппаратының кәсіпкерлік саласына жауапты мамандарының қатысуымен «Астана ЭКСПО-2017» эмблемасы бар автокөліктерімен, Жетісай қаласы бойынша халыққа «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін жарнамалау және аудан тұрғындарын көрмеге қатысуға шақыру үшін ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.    

Толығырақ ...

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және «Ұлы Даланың 25 жұлдызды күні - Білім» акциясы аясында Отырар ауданының Арыс ауылында «Биібі – Ажар» балабақшасы ашылды. Тәуелсіздік мерекесіне тарту ретінде ашылған балабақшаның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады. Құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп, ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай отанын сүюге, ата-анасын сыйлауға, өз елін қадірлеуге баланы кішкентай кезінен бастап баулу керек. Бүлдіршіндердің тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлетін болсақ, болашақта білім мен тәрбие егіз болып, елдің болашағын көркейтетін азаматтар өсіп шығады. Бүгінгі күні «Балапан» бағдарламасымен ауданымызда 20 мемлекеттік, 5 жекеменшік балабақшалар өз жұмыстарын жасауда. Бүгінгі балабақшаның ашылуы және қуаныштарыңыз құтты болсын!» деді. Балабақшаның ашылу сәтінде ауыл ақсақалдары мен аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш салтанатты түрде лентасын қиса, Мырзахмет Темірбеков ақ батасын берді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен қолға алынға «Балапан» бағдарламасы аясында жұмысын бастаған балабақшада 2 топта 50 бүлдіршін тәрбиеленеді. Жалпы, Отырар ауданы  бойынша 38мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесінде 2960 бала, оның ішінде 13 мектеп жанындағы шағын орталықта 515 бала тәрбиеленуде. Мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшамен қамтылу деңгейі  «Балапан» бағдарламасы бойынша –85,8% құрады.    

Толығырақ ...

Таяуда Оңтүстік Қазақстан облысына Түркия Республикасының «TRT AVAZ» халықаралық телеарнасының түсіру тобы арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, жалпы аймақтың даму көрсеткіштері мен Түркістан туралы фильм түсірді. Оңтүстік Қазақстан облысы туралы арнайы бағдарлама әзірлеп жүрген шығармашылық топ өңіріміздің экономикалық даму, индустрия және туризм салалары бойынша үш бағыттағы жұмыстарының жайын жер-жаһанға көрсетпек. Өңірімізге жасаған сапарында «TRT AVAZ» телеарнасының шығармашылық ұжымы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтан сұхбат алды. Онда әкім өлкемізді дамытудағы болашақ жоспарларымен бөлісіп, 300 миллион көрермені бар телеарна арқылы түркі бауырлас елдерді Қазақстанның оның ішінде қонақжай Оңтүстіктің туристтік мекендерін тамашалауға шақырды. «TRT AVAZ» халықаралық телевизиясы Түркия Республикасының 7 тілде, соның бірі қазақ тілінде хабар тарататын ең ірі телеарнасы болып табылады. Еуропа мен Орта Азия аумағына тарайтын, яғни олар бауырлас мемлекеттер - Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан сынды сегіз елге хабар таратады. Онда аталған республикалардың ұлттық дәстүрлері мен өнері, деректі фильмдері мен музыкалық бағдарламалары көрермен назарына ұсынылады.  Халықаралық түрік телеарнасымен Қазақстан тарапы 2012 жылдан бері тығыз жұмыс істеп келеді. Аталған телеарнадағы жаңалықтар циклының үздіксіз жүруіне еліміздегі «Қазақстан» ұлттық арнасының ұжымы ұдайы көмектесіп келеді. 

Толығырақ ...

Бүгін  «Rixos» қонақ үйінің «Назарбаев холл» залында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілдігінің таныстырылымы өтті. Кездесуге облыс әкімі аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері, жергілікті сарапшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов кіріспе сөз сөйлеп, институт өкілдігінің республика бойынша алғашқы болып өңірімізде ашылу маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Е.Карин аймақтық  өкілдіктің ашылуы өңірлік зерттеулерді жүргізуге, әдіснамалық және әдістемелік көмек көрсетуге, жергілікті сарапшылар қауымдыстығымен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретіні туралы айтып өтті. Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының өкілі болып Б.Орманов тағайындалды. Аталған жиында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері А.Жолдыбалина, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Саясаттану және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі С.Мәжінбеков баяндама жасады. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты мен қоғамдық-саяси ахуал және оның даму үрдісін талдау мен болжау жөнінде баяндамашыларға сұрақтар қойып, сарапшылар және жоғары оқу орындарының оқытушылары пікірлерін ортаға салды.  

Толығырақ ...