16Қаңтар2018

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Жаңалықтар

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Энергетиктер күніне» арналған мерекелік салтанатты шарада сала мамандарын құттықтады.      «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел энергетикасының дамуына аса көңіл бөліп келеді. Өйткені энергетика саласы – кез-келген қоғамның, қарыштап дамып отырған елдің экономикасының алтын өзегі. Барлық салалардың өз деңгейінде өркендеуі, тіпті үйдегі жайлылық, жарық пен жылу да энергетикаға байланысты»,-  деді Жансейіт Қансейітұлы.       Өңір басшысы ТМД Құрмет энергетигі грамотасымен, ТМД Еңбегі сіңген энергетигі, Қазақстан энергетиктер қауымдастығының Еңбек сіңірген энергетигі, Қазақстан энергетиктер қауымдастығының Құрметті энергетигі төсбелгілерімен және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен осы салаға еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады. Сонымен қатар бірқатар мамандарға облыстық мәслихаттың Грамотасы және Алғыс хаттары табыс етілді.         Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарада жалпы саны 92 адам марапатталды.       Облыста  электроэнергияны өндіру тапшылығын  біршама азайту  мақсатында Шардара су электр станциясының  қуатын 100 МВт-тан  126 МВт-қа ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Ал, өңірде жаңғырмалы энергия көздерін дамыту бағытында 28 жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі анықталған. Оның ішінде 2014-2015 жылдары Сарыағаш ауданында қуаты  2 МВт болатын «Рысжан» шағын су электр станциясы мен Сайрам ауданында және Шымкент қаласында  қуаты  1 МВт болатын 2 күн электр станциясы пайдалануға берілді.        2009-2016 жылдары бюджет есебінен  облыстың аудан,…

Толығырақ ...

Бүгін жаңа жыл қарсаңында Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінде 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.  Салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, 96 отбасыға  пәтер кілтін табыстады.    7 қабатты қос зәулім тұрғын үйдің құрылысын  «Отау Строй» компаниясы жүргізген. Негізгі тапсырыс беруші -  «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы.   «Жаңа жыл қарсаңында қоныстанғалы отырған баспаналарыңыз құтты болсын. Бұл үйлерді мемлекет сіздерге делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсынып отыр. Ұзақ мерзімді жалға беріліп отырған баспаналардың  сатып алу құны да арзан. Мемлекеттің осындай ігі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.     Жаңа пәтерге жайғасқандардың басым көпшілігін көп балалы және мүгедек балалары бар отбасылар құрайды.  Сондай-ақ, жаңа қонысқа қол жеткізгендердің арасында жетім балалар мен оралмандар, мемлекеттік қызметкерлер мен  бюджеттік мекеме қызметкерлері де  бар. Мұндағы тұрғын үйлердің әр шаршы метрі үшін жылдық төлем 900 теңгеден аспайды. 20 жыл мерзім аяқталғанда пәтерлер азаматтардың меншігіне айналады.       Жалпы, «Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы мен "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" іске аса бастағаннан-ақ «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» Шымкент қаласында 2541 пәтерді  сатып алған.

Толығырақ ...

Күнгейлік қолөнершілер тәуелсіздіктің тойына тарту жасап отыр. Жергілікті шеберлердің жұмыла жасаған сый-таралғысы көрмеде ұсынылды. Қазима Үмбетәлиева — Түлкібастың тумасы. Қырық жылдан астам өмірін педагогика саласына арнаған зейнеткер қазір үйінде қол қусырып отырған жоқ. Туыс-жекжатпен жұмыла қазақтың қолөнерін дамытып, ұлттық нақыштағы тың туындыларды жасауға көшкен. Қазима Үмбетәлиева, кәсіпкер: «Мен үйдің төріне қойылатын тұмар жасадым. «Береке» деп аталады. Яғни, қара үй. Әрбір шаңырақ үшін бұл бұйымның маңызы зор, баспана береке-баққа толы болады деген мазмұнда. Ал ақ және қара жолақ — өмірдің қос арнасы, қос тарап, қос тағдыр деген сияқты. Ал өзге де әшекейлері бұл өмір ұрпақтармен сабақтасады деген үлкен оймен дайындалды.» Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне ұйымдастырылған көрмеде тұрмыстық заттармен қатар, сәндік қолданбалы бұйымдар да бар. Киім-кешек пен ішіктер де ерекше таныстырылды. Мың таспен көмкерілген әшекейлер алыстан-ақ көзге ұрады. Күмістен соғылған сағаттар мен сырғалар да көрменің төрінен орын алды. Ал тұрғындардың қызығушылығы әсіресе ұлттық, заманауи дүниелерге түскенін байқадық. Кәмила Байзақова, қала тұрғыны: «Дос-жаранмен қыдырып жүр едік, көрмеге бұрылып, қазақтың ұлттық білезік сырғаларынан көз ала алмай қалдық. Әшекейлері өте әдемі екен. Енді жаңа жылдық тарту ретінде құрбыларыма үлестіру үшін сатып алудамын». Айта өтетін ақпар, мерейтойлық мәдени шараға күнгейлік 40 қолөнер шеберінің еңбектері қойылды. Ал ұйымдастырушы тараптың сөзіне сенсек, арасынан көпшіліктің таңданысын тудырған тың туындылар…

Толығырақ ...

Өңірдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан оңтүстікқазақстандықтардың бір шоғыры Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында мемлекеттік деңгейдегі марапаттауларға ие болды деп хабарлайды saq.kz ақпараттық агенттігі. Ел үшін еткен еңбегі еленгендердің қатарында облыстық мәслихаттың депутаты Серікжан Сейітжанов та бар. Мерейтой қарсаңында «САУТС ОЙЛ» ЖШС-нің президенті ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.  Бір ғана саланың өркендеуіне үлес қосып қана қоймай, көптеген игі істерге мұрындық болып жүрген азаматтың бұл жетістігіне шын тілектестігін білдіріп, қуанышымен бөлісіп жатқандардың қатары қалың. Бұған дейін де елге сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, «Құрмет» орденімен, «Алтын жүрек» сыйлығымен марапатталған болатын. Еліміз үшін мәртебесі биік мерейтойда марапатқа ие болған атпал азаматтың алдағы соны жоспарлары да көп. Келер жылы облыс орталығынан Қазақ инновациялық университетін салмақ ниеті бар екен. Білім мен ғылымның өркендеуіне барынша қолдау білдіріп жүрген С.Сейітжановтың бұл жобасының да елімізге тигізер пайдасы мол болмақ. Болашақ жастардың қолында, демек білімді жастардың көп болуы үшін тер төгіп жүрген қайырымды азаматтың бұл еңбегі қандай мақтауыңызға да лайық.

Толығырақ ...

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге, түрлі деңгейдегі басшыларға әрқашан халық үшін жұмыс істеу керектігін айтып келеді. Бұл дүниеде халық ризашылыған асқан бақыт жоқ. Сол себепті, Елбасы 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарының 5-ші бағытында халыққа есеп беретін мемлекет құру қажеттілігі туралы тапсырма берді. Осы тапсырмаға сәйкес, «Нақты 100 қадам» ұлт жоспарының 94 қадамы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында «Ашық әкімдік» жобасы жүзега асты. Аталған жоба бойынша барлық аудан басшылары халық алдында есеп беріп, есептерін өз аудандарының ресми сайттарына, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жариялауы тиіс. Бұл есеп халыққа қолжетімді болғаны маңызды. Жақында Қазығұрт ауданы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында Тәуелсіздіктің 25 жылдығында аудан жетістіктерін жариялады деп хабарлайды Rgmedia.kz сайты. Қазығұрт ауданының бюджеті 115 пайызға бір-ақ артты. Биыл ішкі кіріс түсімі 1424,8 млн. теңгені құрап, ширек ғасырда 116 есеге көбейген. Жапы өңірлік өнім 74,2 млрд. теңгеге жетіп, 30,6 есеге өсті. Әрине, айтқанға оңай. Әйтпесе, мұндай көрсеткішке қол жеткізу үшін сырттан инвестиция тартқан өте маңызды. Инвестиция – кіріс көзі, даму кепілі. Осы мақсатта Қазығұрт ауданы Тәуелсіздік жылдары 30 млн. теңге маңында инвестиция тартса, биыл бұл көрсеткіш жалпылай алғанда 14 млрд. теңгеге дейін жетті. 25 жыл ішінде ауданға жалпы 102 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған.  Қазығұртта жұмыс істейтін шағын және…

Толығырақ ...