16Қаңтар2018

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кентау қаласында жаңа өндірістік кәсіпорын өз жұмысын бастады. Жаңа жобаның лентасын Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабайұлы, «Alageum Electric» холдингтік компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы Қожабаев Сейдулла қиып, кәсіпорынның қызметкерлерін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Үдемелі Индустриялды Инновациялық даму бағдарламасы аясында еліміз бойынша қаншама кәсіпорындар іске қосылып жаңа жұмыс орындары ашылып жұмыссыз азаматтарға қуаныш сыйлады. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.10.2014 жылғы №337 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үдемелі Индустриялды-Инновациялық Даму бағдарламасы аясында жүзеге асқан «Электродеталь» ЖШС-нің «0.4.6.10.35 кВ жиынтық-тарату жабдықтар және электр  техникалық қондырғылар шығару» жобасы индустриаландыру картасына енген. Кентау қаласы әкімдігінің 4 наурыз 2013 жылғы №93 қаулысымен, қаламызда жалпы алаңы 25,0 га жер телімінде индустриалды аймақ құрылды. Бүгінгі таңда индустриялды аймақта 5 жоба орналастырылып, 1998,5 млн.теңге инвестиция тартылуда.  4,3 га жер теліміне инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында мемлекет тарапынан 1 419,3 млн теңгеге инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді. Іске қосылған жаңа жобаның сметалық құны 867 млн.теңгені құрап, өндірістік кәсіпорын соңғы типтік үлгідегі құрылғылармен жабдықталып, индустриялды аймақтан 1,6 га жер теліміне орналастырылған.  Аталған кәсіпорында көршілес Еуропа елдерінен, Австрия, Германия, Италия, Түркия елдерінен шығарылған плазмамен кесу машинасы, беттерді игіш электромеханикалық…

Толығырақ ...

Бүгін Шымкентте жаңа форматта жұмыс істейтін почта бөлімшесі ел игілігіне пайдалануға берілді. Тұтынушыларға қызмет көрсету принциптері жетілдірілген «Қазпочта» АҚ-ның жаңартылған Орталық операция учаскесінің ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып,ұжым қызметкерлерін заманауи талаптарға сай жабдықталған почта бөлімшесінің ашылуымен құттықтады. «Облысымызда осындай жаңартылған жүйеде Қазпочта» АҚ  20 бөлімшесінің  жұмыс жасап  тұруы компания  басшылығының жаңа жыл  қарсаңындағы тартуы деп  есептейміз», - деді өңір басшысы Жансейіт  Қансейітұлы. Соңғы кездері заманның сұранысына сай өркениетті елдердің үлгісіне өтіп, 160 қызмет түрін көрсетуге көшу  үлкен жетістік. Мұндай жаңашыл бағыттағы жұмысты Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазпочта» филиалында еңбек ететін 1400-ге жуық маман жүргізіп жатыр. Жаңартылған Орталық операция учаскесі клиенттерге қолайлы болу үшін бірнеше аумаққа бөлінген: почталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғалар үшін операциялық зал, корпоративті клиенттерге қызмет көрсету бойынша орындар, сәлемдемелер супермаркеті, қызмет көрсету орны мен айырбастау пункті. Орталық залда келушілерге қызмет көрсету форматы өзгертіліп, қолайсыз кабиналар орнына сәлемдемелер супермаркеті жұмыс істейді. Бұл формат компанияның өндірістік шығындарын қысқартуға айтарлықтай үлесін қосады, тұрғындардың өту қабілетін жоғарлатады, тұтынушылар  үшін – сәлемдемелерді алу және жіберу уақытын қысқартады. Айта кетейік, пошталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғалар үшін операциялық зал аптасына 6 күн қызмет жасайды: жұмыс күндері сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін. Сонымен қатар аптасына 5 күн коорпоративті клиенттерге қызмет көрсету бойынша жеке…

Толығырақ ...

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «ЕХРО-ның жаңа жылдық алауы» Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев балаларды мерекемен құттықтап, Елбасының атынан 200 балаға планшет пен жылы сырт киімдер табыстады.    Сонымен қатар, әкім осындай сыйлықтарды мерекеге қатысқан Қазақстанның  11 миллионшы  қазағы  Қазығұрт  ауданының  тумасы  Әбдірахым  Мұхтар   мен  17  миллионшы  азаматы   Сайрам  ауданынан  келген  Есқараев  Алтынбекке сыйлады.    «Жаңа жыл – бұл бәріміз үшін ерекше мереке. Мұндай ұмытылмас сәттерде біз өткен жылға алғыс айтып, болашаққа жақсы жоспарлар құрып, қиялға ерік береміз. Сендер бір жасқа есейдіңдер. Саналарың өсіп, білімдерің тереңдеді. Үлкен өмірге қанат қағып келесіңдер. Бүгін де сендер күткен жылдан ең қымбат тілектеріңді тілейсіңдер. Жақсылыққа сеніңіздер. Ешуақытта армаңдарыңыз алдамасын. Адамдар шын тілеп, сол үшін талмай ізденсе, білім алса арманы орындалады. Сендер де алға қойған мақсаттарыңа жету үшін талпыныңдар»,-деді аймақ басшысы.    Жаңа жылдық шыршаға қатысқан балаларға телеэкран арқылы Мемлекет басшысының арнайы құттықтауы көрсетіліп, «Балаларды ғылымды біліп тануға жетелейік» кітабы мен түрлі тәттілер үлестірілді. ЭКСПО-2017 жаңа жылдық алауымен басталған шырша мерекесі театрландырылған қойылыммен  жалғасты.    Елбасының балаларға арнаған жаңа жылдық сыйлығын аудан, қаладағы жетім, ата – анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар мен мүмкіндігі  шектеулі  және әлкуметтік аз  қамтамасыз  етілген  және  көп  балалы  отбасы  балалары  арасынан  оқуда  жетістіктерге  жеткен  4…

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тікелей бастамасымен әрбір ауданды жекелей дамытудың жаңа концепциясы дайындалып жатыр. Барлық саланы қамтитын жобаны облыстық әкімдікте алғаш болып Төлеби ауданының әкімі Б.Парманов таныстырды. Ауданның 2017 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму концепциясында барлық сала негізінен 3 бағытқа біріктіріліп, дамытылмақ. Облыс әкімінің орынбасарлары мен тиісті басқармалардың қатысуымен жасалған ауқымды құжат аудан халқының әлеуметтік, тұрмыстық, қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, сәулет, коммуналдық, кәсіпкерлік сынды өзге де шаруашылық салаларында кездесетін өзекті мәселелердің толық шешімін табуға бағытталған. Бүгінгі өткен жиында аймақ басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық потенциалдарын толық іске асырып, халықтың әл ауқатын арттыру негізінде жасалған даму тұжырымдамасы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп пен туризм саласы сынды 3 бағыт бойынша іске асырылатынын атап өтті. «Оңтүстік өңірі аграрлы аймақ болған соң концепцияның маңызды және үлкен бағытының бірі ауыл шаруашылығы саласын дамыту болып табылады. Бұл бағытта су шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, үй шаруашылығын және сервистік қызмет көрсету қолға алынады»,-деді әкім. Ауыл шаруашылықтың дамуына негізгі серпіліс беретін фактордың бірі жерлерді заманауи үнемдеу және жаңа технологияны қолдану арқылы суландыру. Өз кезінде бұл қарқынды технологияларды пайдалана отырып бау, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіруге, өнімділігі жоғары мал азықтық дақылдарын дайындауға, елді мекендерді ағын сумен толық қамтуға мүмкіндік береді. Мәселен, аудандағы суармалы жерді толық сумен қамту үшін үш кезеңде…

Толығырақ ...

Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов апта басында белсенді жастарды қабылдап, сый-сияпат тапсырды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудан көлемінде жастар қозғалысына жыл бойы белсене араласып, үздік нәтиже көрсеткен жастарды анықтап, қоғам алдында беделін артыру мақсатында 5 қараша мен 15 желтоқсан арасында «Жетістігі мол жастар – болашақ кепілі» атты байқау ұйымдастырылған болатын. Сол байқау бойынша арнайы құрылған комиссия үміткерлердің тапсырған материалдарына сараптама жүргізіп, 5 номинация бойынша үздіктерді анықтаған еді.        -Жастарға өнегелі тәрбие беріп отыру – аға буынның басты міндеті. Мемлекетіміз жастар игілігі үшін қажетті нәрсенің бәрін жасап келеді. Біздің жастарымыздың түрлі бағдарламалар бойынша алыс, жақын шет елдерде білім алып келіп жатқаны соның бір ғана мысалы деп айтсақ жарасады. Мені шардаралық жастардың белсенділігі қуантады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сіздер де қарқынды үлес қоса береді деп сенемін, - деді Болатбек Дүйсенбекұлы.        Мұнан соң аудан басшысы белсенді деп танылған жастарға әртүрлі номинация бойынша марапаттар тапсырды. Атап айтар болсақ, «Үздік жастар ісінің маманы» номинациясын Қоссейіт ауылдық округі әкімі аппаратының инспекторы Нұржан Мейірбековке, «Үздік жастар ұйымы» номинациясын М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің педагог-психологы, «Жас қыран» жастар ұйымының жетекшісі Бекжан Еспановқа, «Үздік өзін-өзі басқару» номинациясын С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектбінің 8-сынып оқушысы Динара Ізғалиға, «Үздік жас ғалым» номинациясын Ш.Уәлиханов атындағы жалпы…

Толығырақ ...