24Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

11 Қаң

«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ БІР ЖЫЛДА 35 МИЛЛИОННАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылы қазақстандықтарға 35 миллионнан астам қызмет көрсетті, оның 33 миллионнан астамын мемлекеттік қызметкөрсету дирекциясы көрсетсе, 1,3 миллионнан астамын «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясы көрсеткен, сондай-ақ 703 мыңнан астам қызмет жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласы бойынша көрсетілген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, тек қана «Connection Point» өз өзіне қызмет көрсету секторы арқылы жыл бойы 8 миллионнан астам кеңес беріліп, қызмет көрсетілген. «Бүгінде біз мемлекеттік қызметтерді алу үшін барынша қолайлы жағдай жасау, оларды оңтайландырып, автоматтандыру мүмкіндіктерін қолданудамыз. Осылайша, әрбір бөлімде азаматтар өз бетінше электрондық анықтамаларды алып, баланы балабақша кезегіне қойып, айыппұлдар мен баж салықтарын төлей алатын өз өзіне қызмет көрсету секторлары жұмыс істеуде. Ол үшін оларға осы жерде, яғни мемелекеттік корпорацияның ғимаратында берілетін электрондық цифрлық қолтаңбасы болса болды», деп қосты Құмарғалиев.
Айта кетерлігі, жыл бойы 3,5 млн. астам қазақстандықтар қолтаңбаның электрондық нұсқасына ие болды.
Сондай-ақҚазақстанда көлікті қайта ресімдеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері көрсетілетін, автокөлік иелеріне арналған 12 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істеуде. Жыл басынан бері мамандандырылған ХҚКО-ларда миллиондай автокөлік қайта тіркелген, ал жүргізуші куәліктерін 253 мыңнан астам адам алған.
Құмарғалиевтің айтуынша, мемлекеттік корпорацияның бөлімдері жоқ шалғай елді мекендерде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. «Шалғай елді мекендердегі тұрғындардың уақыты пен қаражатын үнемдеу мақсатында, біздің қызметкерлер қажетті жабдықтармен оларға өздері баруда. Шығу кестесі тоқсан сайын аудандық әкімшілікпен бірлесіп құрылып, жергілікті БАҚ-та жарияланып отырады», -деп қосты ол. Жыл басынан бері мобильдік ХҚКО 13 мыңнан астам шығуларды ұйымдастырып, 500 мыңға жуық қызмет көрсеткен.
Естеріңізге сала кетсек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осы жылдың сәуір айында құрылған, оның құрамына 4 РМК - «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» кірді. Қазіргі кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында 21 мыңнан астам адам жұмыс істеуде. Қазақстан бойынша мемлекеттік корпорацияның 530 мемлекеттік қызмет көрсететін барлығы 362 фронт-офисі жұмыс істейді. Осы ретте, 2017 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы көрсетілетін қызметтер саны тағы 53-ке артпақ. 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.