26Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

26 Жел

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ӘКІМ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов апта басында белсенді жастарды қабылдап, сый-сияпат тапсырды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудан көлемінде жастар қозғалысына жыл бойы белсене араласып, үздік нәтиже көрсеткен жастарды анықтап, қоғам алдында беделін артыру мақсатында 5 қараша мен 15 желтоқсан арасында «Жетістігі мол жастар – болашақ кепілі» атты байқау ұйымдастырылған болатын. Сол байқау бойынша арнайы құрылған комиссия үміткерлердің тапсырған материалдарына сараптама жүргізіп, 5 номинация бойынша үздіктерді анықтаған еді.
       -Жастарға өнегелі тәрбие беріп отыру – аға буынның басты міндеті. Мемлекетіміз жастар игілігі үшін қажетті нәрсенің бәрін жасап келеді. Біздің жастарымыздың түрлі бағдарламалар бойынша алыс, жақын шет елдерде білім алып келіп жатқаны соның бір ғана мысалы деп айтсақ жарасады. Мені шардаралық жастардың белсенділігі қуантады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сіздер де қарқынды үлес қоса береді деп сенемін, - деді Болатбек Дүйсенбекұлы.
       Мұнан соң аудан басшысы белсенді деп танылған жастарға әртүрлі номинация бойынша марапаттар тапсырды. Атап айтар болсақ, «Үздік жастар ісінің маманы» номинациясын Қоссейіт ауылдық округі әкімі аппаратының инспекторы Нұржан Мейірбековке, «Үздік жастар ұйымы» номинациясын М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің педагог-психологы, «Жас қыран» жастар ұйымының жетекшісі Бекжан Еспановқа, «Үздік өзін-өзі басқару» номинациясын С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектбінің 8-сынып оқушысы Динара Ізғалиға, «Үздік жас ғалым» номинациясын Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектбінің химия пәнінің мұғалімі Жадыра Балтабаеваға, «Жылдың жас еріктісі» номинациясын «Қосейіт» жалпы орта мектебінің үйірме жетекшісі Қарашаш Серікбаеваға аудан әкімі салтанатты түрде табыс етті.
        Сондай-ақ, осы күні ынталандыру сыйлықтары да табыс етілді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бауыржан Шомпиев байқау қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Еңлік Қасенді, «Қоссейіт» жлпы орта мектебінің жастар ұйымының жетекшісі Бекмұрат Ергешовті, С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектебінің «Жасыма» жастар ұйымының жетекшісі Қыздығой Қайназарованы, №16 колледждің химия пәнінің оқытушысы Нұргүл Айтенованы, С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Бекзат Сырбекті, «Шардара» мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Мейіржан Әлиевті ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады.

                                                                                                                       Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.