12Желтоқсан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

17 Қар

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ТАНЫСТЫРУҒА АРНАЛҒАН БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТТІ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, жергілікті мәслихат депутаттарының, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының, жастар ұйымдарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз туры ұйымдастырылып өткізілді.
Қонақтарды облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов пен БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья В.Мирошников ғимараттың холында қарсы алды.
Іс-шараны ашу барысында Н.Шәріпов қонақтарға сот ғимараты туралы және облыс соттарындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен кейінгі кездерде сот жүйесіне енгізілген жаңа технологияларға қатысты статистикалық мәліметтерді келтіріп, қысқаша айтып берді.
Төраға өз сөзінде Тәуелсіздік алған уақыттан бері еліміздің сот жүйесінің де өз дамуында биік белеске көтеріліп, өркениетті елдер дәрежесіне көтерілу мақсатында жүйелі, сатылы түрде реформалар жүргізілгенін, Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген тапсырмалардың сот жүйесіне қатысты 10 қадамының қазіргі таңда толықтай орындалғанын, сондай-ақ, аталған реформалардың негізгі діңгегі, өзегі сот жүйесінің халыққа қызметінің сапасын биік дәрежеге көтеріп, сот процестерінің ашықтығын, жариялығын қамтамасыз ету, сот қаулыларының заңмен көзделген мерзімдерде орындалуын қамтамасыз ету екендігін атап өтті.
Облыстық соттың татуласу рәсімдері бойынша үйлестіруші судьясы Н.Биболов пен ОҚО сотының жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің хатшысы, ардагер судья М.Әміров қонақтарды облыстық сот ғимаратында жұмыс істеп тұрған медиаторлар және адвокаттар кабинеттерімен таныстыра отырып, татуласу рәсімдерінің артықшылықтары мен облыс бойынша оны қолдану барысы туралы айтып, осы бағыттағы жұмыстардың статистикалық мәліметтерін айтып берді.
Облыстық соттың жауапты мамандары шақырылғандарды сот отырысын аудио-бейне жазу жүйесінің (АБЖ) жұмысымен таныстырып, оны қолданудың артықшылықтары мен қолайлылығын көрсетті. Іс-шара облыстық соттың кіші мәжіліс залында бір кесе шай үстінде жалғасып, осы жерде орнатылған монитордың көмегімен «Сот кабинеті» инновациялық сервисі мен толықтай жаңа технологияларды қоланумен жұмыс атқарып отырған кеңсенің жұмысы көрсетілді.
Баспасөз турына қатысушылар кездесудің өзектілігін атап өтіп, таныстырылған сервистер осындай тәжірибе және пікір алмасулардың нәтижесінде халық арасында кеңірек танылып, «Сот кабинетін» пайдаланушылардың саны едәуір арта түсетінін айтты.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.