19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

27 Қаз

ОҚО ШАРУАЛАРЫ МАҚТАНЫҢ ГЕКТАРЫНАН 24 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛУДА

Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы ауыл шаруашылығын оның ішінде мақта шаруашылығын дамытуға ең қолайлы аймақ болып табылады. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан еліміздегі ақ мақтаның негізгі отаны саналады. Өңірде биылғы жылы 109,6 мың га жерге мақта шиті егілсе, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 10,3 мың га артық. Қазіргі таңда түсімділігі орташа есеппен әр гектардан 24 центнерден  262,5 мың тонна шитті мақта немесе меженің 94,7 пайызы жиналды.
Мақта өңдеу ұйымдарында шитті мақта қабылдау бағасы алғашқы кезде 1 килограмы 160-165 теңгеден (2015 ж 1 кг бағасы 107 теңгеден басталған) басталып, бүгінгі таңда мақтаның 1 килограмы сортына байланысты 130-145 теңгеден қабылдануда.
Қазіргі таңда әр ауданның климаттық жағдайына байланысты  2-ші, 3-ші терім науқаны жүруде. Мақта жинау жұмыстарын қараша айының 1 онкүндігінде аяқтау жоспарлануда. Ал облыс бойынша мақта теретін 512 дана комбайн бар. Оңтүстік Қазақстанда мақта жинау жұмыстарының 65% комбайнмен теріледі.
Жалпы алғанда мақта – еліміздің экономикасын өркендету ісінде зор маңызы бар өте бағалы дақыл. 
Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлік қоғамдықдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.