19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

27 Қаз

САРЫАҒАШТА 320 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Халыққа ақпарат таратуда ашықтық, мөлдірлік пен жариялықты көздейтін «Ашық әкімдік» жобасы аясында Сарыағаш аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі ауданда балабақша ашылғанын, оның құрылысына нақты қанша қаржы кеткенін, қандай бағдарлама аясында салынғанын, аудандағы балаларды балабақшамен қамту деңгейі туралы ақпаратты онлайн түрде Сарыағаш ауданы әкімдігінің ресми сайтында дер кезінде жариялады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жуырда ғана Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесінің аясында Сарыағаш қаласының Самал мөлтек ауданындағы №30 бөбекжай балабақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Нысанның ашылу рәсіміне аудан басшысы Қ.Әбдуалиев, «Нұр Отан» Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Тұрсындаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сүлейменовтер қатысып жаңа ғимараттың лентасын қиды.
Балабақша 320 орындық, құрылыс  жұмыстары 2014 жылы басталып 2015 жылы тапсырылған. Республикалық бюджеттен 529 млн 988 мың теңге қаржыға салынған. Заманауи үлгіде салынған балабақшада толық құрал-жабдық, бүлдіршіндерге арналған жиһаздармен қамтамасыз етілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында берген тапсырмасына сәйкес «Балапан» бағдарламасы бойынша Сарыағаш ауданы аумағында 28 мемлекеттік, 162 жекеменшік балабақша мен 30 шағын орталық жұмыс істеп, аудан бойынша балаларды балабақшамен қамту деңгейі 83,4 % құрап отыр.
Балабақша ашылғаны туралы жаңалықтан тек Сарыағаш ауданының тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының басқа да аудандары онлайн режимде хабардар болды. Яғни, осы арқылы басқа да аудандар Сарыағаш ауданына бақылау жасай алады. Бұл Елбасы Н.Назарбаевтың «Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарының 94 қадамының шеңберінде іске асқан «Ашық әкімдік» жобасының аясында жүзеге асуда.  

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.