19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында медиацияны дамытуды ҚХА қызметінің маңызды бағыттарының бірі ретінде белгілеп берді.
Соған сәйкес ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы облысымыздың аудан, қалаларында арнайы семинарлар ұйымдастырып келеді. Бүгін Мақтарал ауданында өткен семинарға ОҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Хасан Бациев, облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, аудандық соттың судьялары, ауыл әкімдіктерінің заңгерлері мен кәсіби емес медиаторлары қатысты. 
Жиында «Медиация туралы» Заңның талаптары кеңінен түсіндіріліп, оны дамытудың жолдары ортаға салынды. 
Елімізде  дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде 2011 жылдың  28 қаңтарында  Қазақстан Республикасының «Медиация туралы»  Заңы жария етілді.
Аталған Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын  азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан, сондай ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және де сотқа дейінгі дауларды шешуге, сонымен қатар атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар бойынша қолданылады. Әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделеріне қатысты, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын дауларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы істер бойынша қолданылмайды. Сондай-ақ медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, жүргізу қағидаттары  мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін анықтайды.
«Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға», бітімгер  деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден- бір жолы болмақ, яғни  тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілген келіссөз рәсімі. Медиация деген сөздің  мағынасын  екі  жақты татуластыру рәсімі  деп түсіндіруге болады.
Айта кету керек, «Қоғамдық келісім» КММ-да техникалық құралдармен, әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген медиация кабинеті ашылып, жұмыс істеуде. Жыл басынан 326 адамға кеңес беріліп, қабылдауға келген 19 азаматқа кәсіби медиаторлар құқықтық жәрдем көрсетті. Медиаторлар туралы дерекқор түзіліп, 4 медиация орталығымен байланыс орнатылды. Кәсіби емес медиаторлардың біліктілігін арттыру үшін 10 аудан, қалада семинарлар ұйымдастырылды. Облыстық сотпен, әділет департаментімен, нотариаттық палатамен және адвокаттар алқасымен өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум түзілді.
 
 
 

 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.