19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

28 Қаз

ОҚО ӘКІМІ Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-ДЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы Муса Йылдызбен кездесті. Басқосуға аталған оқу орнының Президенті Уәлихан Әбдібеков пен университеттің бірінші Вице президенті Мехмет Куталмыш та қатысты.
Кездесуде тараптар бауырлас елдердің ынтымақтастығы туралы әңгіме өрбітіп, бұл жұмыстарды одан әрі дамыту жайын сөз етті.
Қос мемлекеттің білім, ғылым, медицина, кәсіпкерлік сынды көптеген салаларда бірлескен жобалар жасауы қажеттігіне тоқталған мәртебелі меймандарға, өз кезегінде, аймақ басшысы алғысын білдіріп, қонақжай Оңтүстік өңірі туыстық қатынасқа қашанда дайын екенін жеткізді.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің негізі білім мен мәдениет ордасы саналатын тарихи көне қала Түркістан қаласында 1991 жылдың 6 маусымында «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Түркістан Мемлекеттік университеті» болып қаланған.
1992 жылы 31 қазанда Түркия және Қазақстан Республикаларының Үкіметтері арасында қол қойылған келісім негізінде «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ–түрік университеті» деген атаумен Түркия жәнеҚазақстан Республикаларының ортақ халықаралық мемлекетаралық университетіне айналды.
1993 жылы 30 маусымда Алматыда қол қойылған Ынтымақтастық келісім мен қосымша жарғыға сәйкес университеттің басқару қызметі Үкіметаралық Өкілетті Кеңестің құзыретіне беріліп, 1994-1995 оқу жылынан бастап жаңа атаумен студенттер қабылдана бастады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жоғары білім беру саласында үкіметаралық және трансшекаралық ынтымақтастықтың туын желбіретіп, құрылуы туралы келісімге және халықаралық заң шеңберінде өз жұмысын жалғастырып келе жатқан дербес жоғары оқу орны болып табылады. 2008 жылғы Өкілетті Кеңес құрамындағы өзгерістерден кейін, 2009 жылы 22 қазанда ҚР Үкіметі мен ТР Үкіметі арасында екіжақты қол қойылып, екі елдің Парламентінде бекітілген соң, 28 наурыз 2012 жылы күшіне енген «Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызметінің шарттары туралы» келісім негізінде университеттің дербес әрі халықаралық мәртебесі екі ел үкіметінде бекітілді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жарғысы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметімен 1993 жылдың 30 маусымында бекітілді және 2012 жылы қайтадан жаңартылып бекітілді.
2010 жылы Болон Декларациясының негізі болып табылатын университеттердің Ұлы Хартиясының мүшесі болды. 2012 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметтері арасындағы «Қожа Ахмет Ясауиатындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызмет шарттары» туралы келісімі бекітілді.
2014 жылы Мемлекеттік аккредациядан 30 мамандық толығымен Қазақстанда танылатын Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі Қазақстандықтәуелсіз агенттігінің аккредациясынан өтті. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – Қазақстанмен Түркия Республикаларының халықаралық дәрежеге ие ортақ мемлекеттік университет. Университет халықаралық мемлекетаралық трансшекаралық жоғары білім беру жүйесіндегі ынтымақтастықтың көрінісі болып табылады.
Қазіргі таңда әлемде мемлекетаралық дәрежеге ие университеттер саны санаулы ғана. Трансшекаралық жоғары білім беру жүйесі, негізінен жекеменшік жоғары оқу орындары тарапынан жүргізілуде.
Жекеменшік мекемелер тарапынан ашылған халықаралық жоғары оқу орындары орналасқан елдердің ұлттық заңнамалары аясында білім беретін болса, ал, мемлекеттердің екі жақты өзара келісімдері бойынша ашылған «мемлекетаралық университеттер» халықаралық құқық пен арнайы келісім шеңберінде қызмет атқаратын дербес мекеме болып табылады.
Университет халықаралық келісімге сәйкесТүркия және Қазақстан Үкіметтері тарапынан жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер арасынан тағайындалған 10 (он) мүшеден құрылған Өкілетті Кеңес тарапынан басқарылады. Кеңес мүшелерінің 1 (біреуі) Түркия Республикасының Президенті тарапынан Өкілетті Кеңес Төрағасы болып, ал 1 (біреуі) Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан Өкілетті Кеңес төрағасының орынбасары болып тағайындалады.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.