12Желтоқсан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

13 Нау

Шымкент қаласының әкімі баспасөз мәслихатын өткізді

Облыс әкімдігі жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. «ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және қаланың даму концепциясының жүзеге асырылуы» жөнінде баяндаған қала әкімі БАҚ өкілдеріне қалададағы іске асырылған мемлекеттік  бағдарламалардың негізгі көрсеткіштерін, сонымен қатар, «Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Тұжырымдамасы» аясында атқарылатын негізгі мәндеттерді де атап көрсетті.

      Қала әкімінің баяндамасынан мәлім болғандай, өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі  289 миллиард теңгені құрап, 3,7 пайызға өссе, ауылшаруашылық өнім көлемі 9 пайызға,  инвестициялар көлемі 2 пайызға артты. Осыған орай, мемлекет басшысы және облыс әкімдігі тарапынан қойылған міндеттерді іске  асыру мақсатына Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы дайындалды.

      Қазіргі таңда өзекті тақырып ретінде қала аумағына қосылған елді мекен тұрғындарын толғандыратын ауыз су, электр, газбен қамту, жол мәселелерін шешу туралы жоспар әзірленіп, жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осының дәлелі ретінде
2016 жылы 8 елді мекенге ауыз су, 5 елді мекенге кәріз, 5 елді мекенге электр, 2 елді мекенге газ тартылады. Нәтижесінде, ауыз сумен қамту
85 пайыздан 88 пайызға, кәріз 41-тен 47 пайызға көтерілсе, электрмен қамту көреткіші 86-дан 88 пайызға, отындық газ тарту пайызы 67-дан
69 пайызға ұлғаяды.

      Мұнан тыс шаһарда жарықтандыру, абаттандыру, транспорт саласы бойынша да жүйелі жоспарлар жасалынуда. Мәселен, тұрғын үй құрылысын дамыту үшін аз уақыт ішінде 1 260 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Тағы бір айта кетерлігі, қала мектептерінде оқушылар үшін электронды бақылау жүйесі орнатылуда. Биыл өнеркәсіп саласында 29 жобаны іске асырып, 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Одан бөлек, инвесторларды ынталандыру мақсатында Тассай және Жұлдыз елді мекендерінен 2 индустриялды аймақ құрылмақ.

      Елдегі үшінші ірі қалаға айналу үшін қаламыздағы ең тартымды салаларға инвестициялар тарту басты назарда. Бұл бағытта отандық және шетел инвесторларын тарту үшін кемінде жылына 20 жобаны іске асыру көзделуде. Биыл «Shymkent PLAZA» сауда кешені ашылмақ.

      Шымкент - жылыжайлар отаны. Осы мүміндікті пайдалана отырып, ендігі жерде тамақ өнеркәсібін ұйымдастыруға қала аумағынан арнайы
136 гектар жер телімін беру жоспарлануда. Одан бөлек, жалпы 1100 гектар жерге көкөніс және бақша, жылыжай, өсіру секциясы ұйымдастырылмақ. Бұл жерлерге қызығушылық танытқан кәсіпкерлер болса, жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетіледі.

      Баспасөз мәслихаты аясында қала әкімі БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына да жауап берді. Бұл қатарда, қала аумағына жаңа қосылған елді мекендерде жоспарланған инженерлік-инфрақұрылымдық өзгерістер жайы да тілшілер қауымының басты сауалына айналды.

      - Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өткен жылы 5 елді мекенге кәріз жүйесі тартылған болса, биыл тағы 5 елді мекенде бұл мәселе толық шешімін табатын болады. Ал, «Құрсай» шағынауданындағы қалыптасқан электр жарығының жеткіліксіздігі де назарда тұрған дүние. Бастапқы жоба бойынша мұнда 700 үйді қамтуға лайықталған подстанция қою жоспарланған. Ал бүгінде ондағы шаңырақтың саны 2300-ден асып жығылады. Сол себептен де, бұл мәселеге назар аударып, алдағы уақытта жобаға қажетті өзгерістер енгізілетін болады, - деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

      Сондай-ақ, тілшілер қауымы асфальт жолдарын бұзып, қайта салып жататын құзырлы мекемелердің жұмысына алаңдаушылық білдірді. Бұл ретте қала әкімі құбырларды жаңарту бағытында ауқымды жұмыстарды қолға алған «ҚазТрансГазАймақ» АҚ басшылығымен арнайы кездесіп, құзырлы кәсіпорынға көлік жолдарын сапалы әрі белгіленген уақытында қайта қалпына келтіруді тапсырғанын жеткізді. Ал қалаішілік бағыттағы жолаушы тасымалдаушы қоғамдық көліктердің қызметіне көңілі толмайтын тілшілерге қала әкімі алдағы уақытта белгіленген нақты міндеттерді таныстырды.

      -  Қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту бағытында биыл муниципальді автопарк қызметі іске қосылады. Яғни, бюджеттен дотация беру арқылы қоғамдық көлік қызметі заман талабына сай, бірыңғай үлгідегі тәртіпке келтіріледі. Электрондық билет жүйесін жүзеге асыру мақсатында бүгінде әлемдік аренада танымал болған қос бірдей мекемемен келіссөздер жүргізілуде, - деді шаһар басшысы.

Тілшілердің қойған өзге де сауалдарына қала әкімі нақты жауап берді.

 

shymkent.gov.kz

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.