12Желтоқсан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласына арнайы келген еліміздің бас урологы, медицина ғылымдарының докторы,  профессор, «Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ бас директоры М. Алшынбав, Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының академигі М.Зельцер,  Кардиология және ішкі аурлар Ғылыми зерттеу институтының  директоры, профессор С.Беркінбаев,  Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі ұлттық орталық директоры, Ж.Баттақованы  қабылдады - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Білікті дәрігерлердің Оңтүстікке жасаған іс-сапарының негізгі мақсаты -республикадағы ер азаматтардың денсаулығының қазіргі жағдайын баяндау, урологиялық ауруларды ерте кезеңде алдын алу және халықтың өз денсаулығына қатысты мәдениетін  қалыптастыру. Сондай-ақ  жергілікті дəрігерлермен  тəжірибе бөлісіп, біліктілігін көтеру.
«Бүгінде халық  денсаулығы медициналық проблема шеңберінен шығып, мемлекет пен жеке тұлғаның ықпал етуін талап етіп отырған әлеуметтік мәселеге айналды.  Түрлі аурулардың белең алуына жергілікті ақ халаттылар да бей-жай қарап отырған жоқ. Дегенмен өздеріңіздей білікті мамандармен тәжірибе алмасып шеберліктерін шыңдап жатқанығы қуантарлық жайт»,-деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы. 
Тәжірибелі дәрігерлер ерлер денсаулығы жайында  Шымкентте шеберлік сыныптарын өткізіп жатқандықтарын  жеткізді. 
Білгенімен бөліскен ақ халаттылар қазіргі таңда ерлер арасында простатит, жыныс безінің зарарсыз гиперплазиясы, эректильдік дисфункцияға жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары көп кездеседі дейді. Өкінішке қарай, отбасын құрған әрбір бесінші ер азамат белсіздікке ұшырайды екен. Әйелдерге қарағанда,  ер азаматтар  дәрігерге  3 есе  сирек   қаралады,  осыған байланысты  аурудың ерте сатысында  қаралмай, асқындырып алады.  Нәзік жандылармен  салыстырғанда  еркектер 3 есе  жоғары  жүрек ишемиялық ауруына ұшырайды және 6 есе  жоғары  қан диабетімен ауырады. Соңғы 5 жылда еркек безі обырының нәтижесіндегі өлім-жітім көрсеткіші сүт безі обырының нәтижесіндегі өлім-жітім көрсеткішімен салыстырғанда екі есеге артқан.  
Сондай-ақ кездесуде Алматы қаласынан келген профессорлар жергілікті мамандармен бірігіп жағдайы ауыр бірнеше науқасқа жаңа технологияның көмегімен сәтті ота жасағандықтарын  баяндады. Танымал дәрігерлер облыстық клиникалық  аурухана мамандарының біліктілігін жоғары бағалап отыр. 
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына ҚР Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері екі күндік жұмыс сапарымен келді.
Мемлекет және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша арнайы өңірімізге келген делегаттарды облыс әкімі Жансейіт Түймебаев күтіп алды. Жұмыс тобының құрамында комитет мүшелері сенаторлар И.Адырбеков, М.Алтынбаев, Н.Әбіқаев, С.Жақсыбеков, Л.Қиынов, Г.Ким бар. 
Жұмысшы топ ең алдымен Қазақстан Қарулы Күштерінің Шымкент гарнизонында  болып, жеке құрамның күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, авиациялық базаның әскери бөлімдеріндегі жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуын, Су-25, МиГ-29 ұшақтары мен Ми-17, Ми-171Ш және Ми-35М тікұшақтары тұрған әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін көріп шығып, Шекара қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мәселелерін зерделеді.  
Сенаторлар сонымен қоса, радиотехникалық және зениттік зымыран есептоптары мен әскери авиация экипаждарының жауынгерлік мүмкіншіліктерін тамашалады.
Шымкент гарнизонының жұмысымен танысқан жұмысшы топ Әуе қорғанысы күштерінің Шекара қызметі және әуе қозғалысы органдарымен өзара іс-қимылдың жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.  
Осы күні, делегаттар ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің жұмысымен танысты. Онда олар жауынгерлік қызметі мен әскердің жеке құрамына жүктелген құқық қорғау міндеттерін және техниканың, қару-жарақ пен қорғау құралдарының жаңа үлгілерін аралап көрді. «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының жауынгерлік әдіс-тәсілдерінен қойылымдар тамашалап,  Ішкі әскердің 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жаужүрек 17 жауынгерінің ескерткішіне тағзым жасады.
Айта кетейік, Дариға Назарбаева бастаған жұмысшы топ облысқа жасаған екі күндік сапарында  С.Рахимов атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінде және Оңтүстік Қазақстан аумағындағы кедендік бекеттердің жұмысымен танысу жоспарлануда.

Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен Шымкентте «ForteBank» филиалы ашылды. Шара барысында облыс басшысы мен «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Мағжан  Әуезов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

              Айта кетейік, аталған меморандум банк пен әкімшіліктің өзара байланысын бекітіп, аймақтың дамуына, қаржылық қызметтер мен әлеуметтік  жобаларды жүзеге асыру арқылы жергілікті халықтың игілігі мен өмір сапасын жақсартуға себепші болады.

           Облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы   жаңа қаржы иниститутының заман талабына сай ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатын көтеруде үлес қосатынына  сенім білдірді. 

           «Еліміздегі қаржы институттарының ішінде  «ForteBank» АҚ  алар орны ерекше. Сондықтан оңтүстік кәсіпкерлерімен өзара бірлескен жобалар жасауға,  облыстағы  өнеркәсіп пен шағын және орта  бизнес саласына несиелік жәрдем жасауға септігі тиеді деген сенімдемін» - деді Жансейіт Қансейітұлы.

           Өз кезегінде, мәртебелі меймандар да аймақ басшысына алғысын білдіріп,  бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

           Екіжақты келісімге орай алдағы уақытта көрсетілер қызмет түрлерінің арнасы кеңіп, қаржылай қолдау жасау жалғасын табатын болады.

           Еске салсақ, 2016 жылы құрылысы басталған банк ғимараты 10 ай ішінде  пайдалануға берілді. Нысанның жалпы аумағы 3 300 шаршы метрді құрайды.

              Бүгінгі таңда республика бойынша 2 млн астам клиентке қызметін ұсынып отырған аталған қаржы ұйымының облысымызда 280 мыңнан астам тұтынушысы бар. Сондай-ақ 5000-ға тарта заңды тұлғалармен жұмыс істейді.  Шымкенттегі бас кеңседен бөлек облыс аумағында 7 бөлімшесі жұмыс атқаруда. «ForteBank» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалында 220 адам қызмет атқарады.

           "Forte Bank" акционерлік қоғамы 20 жылдан астам еліміздегі үздік 10 банктің  қатарында қаржылық қызметін ұсынып келеді. Қаржы ұйымының республика бойынша 19 облыстық филиалы, 150 бөлімшесі бар. 

           Оӊтүстік Қазақстан облысында "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы шеӊберінде кәсіпкерлердіӊ банктегі кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау бағытымен "Forte Bank" АҚ арқылы жалпы кредит сомасы 4 522,2 млн. теӊгені құрайтын 39 жобаға қолдау көрсетілген.

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысындағы шардаралық диқандар  инновациялық әдіспен пияз егу жұмыстарын бастады. Бес жылдан бері пияз егу жұмысымен айналысып келе жатқан «Тұрар» шаруа қожалығы биылғы жылы 35 гектар алқапқа дән сеуіп жатыр. «Ранко» деп аталатын жаңа тұқым сортын егіп жатқан диқандар мұның өнімі бітік боларына сенімді.  Өткен жылы шаруалар еккен пияздың гектарына 80 тоннадан өнім алса, биыл гектарына 100 тоннадан астам өнім алуды жоспарлап отыр.  

Айта кетейік, пияз тұқымын бір мезетте бірнеше жұмысты атқаратын жаңа заманауи техникамен сеуіп жатыр. Яғни, техника, біріншіден арасы 3 см-ден тұқым тастаса, екіншіден, тамшылатып суғаратын су түтігін қоса көмуде.  Сондай-ақ, бір гектар жерге  6 келідей тұқым кетсе, жоғары сортты тұқымның бір келісі 64 мың теңге тұрады. Жерді жыртудан бастап, жиын-терім науқанына дейінгі жалпы шығынның көлемі әр гектарға 1 млн. 300 мың теңгеден жұмсалады екен. Алайда, түскен өнім кеткен шығынды еселеп жабады дейді диқандар.

Шардара ауданындағы Жаушықұмның жуасы жалпақ жұртқа жақсы таныс. Тіпті, 2013 жылы Мәскеуде өткен жәрмеңкеге «Тұрар» шаруа қожалығы 20 тонна өнім апарып ұсынған болатын.