23Қазан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

12 Қар

Қазақстандықтар ислам облигацияларын пайдалана алады

Қазақстандықтар 2015-жылы ислам облигацияларын пайдалана алады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен оныншы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына арналған брифинг барысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов хабарлады.
- 2012-жылы орналастырылған Қазақстан даму банкінің сукугі өте сәтті болды деп ойлаймын. 2012-жылы ҚДБ құны 240 миллион малазия ринггитіне тең (шамамен 76,7 млн. USD) «Сукук «әл-Мурабаха» ислам облигацияларын шығаруға мәміле жасаған ың өңірдегі бірінші эмитент болды. Шығарылымның 62% шетелдік инвесторлар арасында таратылды.
ҚДБ қағаздары Малайзия қор биржасында күні бүгін Эрбис Бихат Банкі сияқты құралдармен қатар қолданылады. Өздеріңіз білесіздер, биылғы қазан айында Қаржы министрлігі 14 жылдық үзілістен кейін құны 2,5 млрд доллар болатын суверенді облигацияларды орналастырды. Айта кетейін, тапсырыстар кітабы барынша толды - 11 млрд доллардан асты. 10 жылдық қағаздар бойынша кірістер 4% болса, 30 жылдық қағаздар бойынша 5% құрады. Мұндай суверенді облигациялар біздің елімізде бірінші рет шығарылып отыр, - дедіҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.
Оның айтуынша, егер бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттің сыртқы қарызы ІЖӨ 2,5% аспаса, онда алдағы бес жылда Қазақстан Үкіметі, квазимемлекеттік сектор және жекеменшік секторы суверендік және квазисуверендік облигациялар мен жекеменшік секторының облигацияларын тарту жөніндегі құралдарды белсенді түрде пайдалана алады.
- Сондықтан да 2015-жылы осы жолда жақсы мүмкіндіктер болады, қалай болғанда да бізде ислам облигацияларын шығаруды реттеу саласындағы заңдылықтар дайындалып та қойылды, - деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстан келесі жылы суверенді сукукті шығаруды көздеп отыр.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.