12Желтоқсан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Қазақстан

Қазақстандықтар 2015-жылы ислам облигацияларын пайдалана алады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен оныншы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына арналған брифинг барысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов хабарлады. - 2012-жылы орналастырылған Қазақстан даму банкінің сукугі өте сәтті болды деп ойлаймын. 2012-жылы ҚДБ құны 240 миллион малазия ринггитіне тең (шамамен 76,7 млн. USD) «Сукук «әл-Мурабаха» ислам облигацияларын шығаруға мәміле жасаған ың өңірдегі бірінші эмитент болды. Шығарылымның 62% шетелдік инвесторлар арасында таратылды. ҚДБ қағаздары Малайзия қор биржасында күні бүгін Эрбис Бихат Банкі сияқты құралдармен қатар қолданылады. Өздеріңіз білесіздер, биылғы қазан айында Қаржы министрлігі 14 жылдық үзілістен кейін құны 2,5 млрд доллар болатын суверенді облигацияларды орналастырды. Айта кетейін, тапсырыстар кітабы барынша толды - 11 млрд доллардан асты. 10 жылдық қағаздар бойынша кірістер 4% болса, 30 жылдық қағаздар бойынша 5% құрады. Мұндай суверенді облигациялар біздің елімізде бірінші рет шығарылып отыр, - дедіҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов. Оның айтуынша, егер бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттің сыртқы қарызы ІЖӨ 2,5% аспаса, онда алдағы бес жылда Қазақстан Үкіметі, квазимемлекеттік сектор және жекеменшік секторы суверендік және квазисуверендік облигациялар мен жекеменшік секторының облигацияларын тарту жөніндегі құралдарды белсенді түрде пайдалана алады. - Сондықтан да 2015-жылы осы жолда жақсы мүмкіндіктер болады, қалай болғанда да бізде ислам облигацияларын шығаруды…

Толығырақ ...

Қазақстандық әуе тасымалы 2020-жылға қарай батыста өндірілген 61 ұшақты сатып алмақ, деп хабарлады бүгін ОКҚ-де ҚР Инвестиция және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек. - 2020-жылға қарай батыста жасалған 61 әуе кемесін сатып алу жоспарлануда, содан кейін «Эйр Астана» авиакомпаниясындағы ұшақтардың орташа жасы 6 жыл, «Скатта» - 15 жыл болады. Нәтижесінде қазақстандық авиакомпаниялардың ұшу географиясын кеңейту мүмкін болады, - деді Жеңіс Қасымбек ОКҚ өткен брифинг барысында. Оның айтуынша, 2020-жылға дейін Қазақстаннан ұшып шығатын 75 жаңа халықаралық әуе қатынасын ашу жоспарлануда, сонда олардың жалпы саны 128-ге жететін болады. Министрлік өкілінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері қазақстандық авиакомпаниялар паркі 8 әуе кемесімен толыққан, оның ішінде «Эйр Астана» 5 борт, «Бек Эйр» - 2 және «Скат» - 1 ұшақ сатып алған.    

Толығырақ ...

«Индустияландыру картасы аясында 2010-2013 жылы және 2014 жылғы І жартыжылдықта машина жасау саласында жалпы сомасы 200,8 млрд теңге болатын 70 жаңа жобалар іске асырылды», - деді Әсет Исекешев. Мұның арасында, 2014 жылғы І жартыжылдықта тағы 4 жоба басталды: Қостанай облысында TOYOTA FORTUNER автомобильдері шығарыла басталды, Қарағанды облысында шарлы крандар шығаратын зауыт, СҚО-нда энергетикалық қазандық жабдығын шығаратын өндіріс және ШҚО-нда электр сүзгілері, жеңдей сүзгілер, циклондар, скрубберлер мен дымқыл көмірді қоректендіргіш шығару зауыты іске қосылды.  Министрдің айтуынша, 2013 жылы Индустрияландыру картасы аясында машина жасаушы жаңа кәсіпорындар сомасы 119,5 млрд теңгенің өнімін шығарды. Бұл машина жасаудың жалпы көлемінің шамамен 14%-ын құрайды  

Толығырақ ...

Өнімділік 2020» бағдарламасының негізгі мақсаты - еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен экономиканың басымды секторларындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру. Бұған қолдаудың әртүрлі құралдарын пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Мысалы, «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ы «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жасау үшін төлем» құралы арқылы жалпы сомасы 57.5 млн теңгеге бағдарламаның 49 қатысушысын қолдады. «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ы жалпы сомасы 15 млрд. теңгеге 12 жобаны қаржыландыруды мақұлдады, мысалы, «Кентау трансформатор зауыты қаржыландырылды. «Инновациялық гранттар» құралы бойынша «ТДҰА» АҚ-ы жалпы сомасы 28.9 млн. теңгеге 8 жобаға қолдау көрсетті. «ҚИДИ» АҚ-ы да қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, 89 семинар өткізілді және өнеркәсіптік кәсіпорындарда 21 кездесу өткізілді. 

Толығырақ ...

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары ауқымында Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болу, сондай-ақ қала жұртшылығымен кездесу жоспарлануда.

Толығырақ ...