30Сәуір2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Руханият

Шымкент қаласындағы №6 автобуста Рамазанның құрметіне орай жолаушыларды тегін тасымалдайтын болды. Алланың сауабы үшін ораза айында жасалып жатқан шараларды Шымкент қалалық “А.Қаттани” мешіті және “Сейіткәрім қажы” мешіті ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушыларға Алла разы болсын. Каттани мешітінің сайты

Толығырақ ...

Қазақ қашаннан қыз баланың тәрбиесіне жіті мән берген халық. Қызды тәрбиелегеніміз, ұлтты тәрбиелегеніміз. Ұлт тәрбиесінің түзу болғаны керек. Кейінгі жылдары жастар өзге діннің ағымына шырмалып, есін жия алмай жүр. Еліміздің әр өңірінде жастарды мұсылмандыққа үйрететін медреселер баршылық. Алайда, қыздар медресесінің өз алдына қажет ететіні жөнінде айтылып келген. Жақында мұсылман жамағаты үшін жағымды жаңалық жетті. ОҚО Сарыағаш ауданында қыздар медресесі ашылды. Діни оқу ордасының көркемдігі сонша, мұндай медресе ТМД аумағында жоқ десіп қалды жиналған қауым. Жаңа медресенің ашылу салтанатына бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының өзі қатысты. Кездесу кезінде Бас мүфти шәкірттерге иманды болу, өзінің елін, тілін, туып-өскен жерін қадірлеуді мақсат етуге шақырды. Ол: «Біз әке тұрып бала сөйлемеуге дағдыланған халықпыз. Бүгінгі ашылған қыздар медресесі қаракөз қарындастарымызға тек Ислам ілімдерін үйретіп қана қоймай, елін сүйетін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ сабақтастығын қалыптастыруға қызмет етеді деген сенімдемін», - деді.  Қыздар медресесі - ТМД елдері ішіндегі еуропалық стандартпен салынған тұңғыш ғимарат. Мұнда екі жүзге жуық қыз бала діни сауатын аша алады. Медресенің жаттығу залы, 6 оқу сыныбы, асханасы, тігін үйрету шеберханасы бар. Ғимарат аумағы ауқымды, яғни 3 мың шаршы метр жерді алып жатыр.

Толығырақ ...

Әлеуметтік бастамалар орталығы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011 жылғы 4 қазандағы  қаулысымен құрылған. Орталық қазіргі таңда ОҚО ішкі саясат басқармасына қарайды. Құрылудағы басты мақсаты – қоғамдағы саяси ахуал бойынша халық арасында мемлекеттік идеологияны түсіндіру. Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал мәселелеріне талдау жүргізу, діни ахуалының күрделілігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, осы саладағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ету. Жақында облыс әкімдігінде  аталмыш орталықтың бір жылдық қорытынды есебі тыңдалды. Орталықтың негізгі міндеті діни экстремизм мен кереғар діни ағымдар, секталар, олардың қоғамға зияндылығы, әрі қауіптілігі тұрғысында халыққа кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізу, бейнефильмдер мен роликтер дайындап көрсету, оларға сараптама жүргізу екенін айтып өттік. Сондықтан өткен жылы электронды БАҚ-та 26 көрсетілім, халықпен 422 кездесу ұйымдастырып, 43 мыңнан астам жеке азаматтармен қабылдаулар жүргізілген. Сонымен қатар өзге дін ағымдарынан зардап шеккен, тіпті кәмелеттік жасқа толмаған 6 жасөспірімге, сосын 16-50 жас аралығындағылардан 94 адамға, 50 жастан жоғары 1 адамға психологиялық-оңалту көмегі көрсетіліпті. Қазір бұл мекемеде арнайы веб-сайт жұмыс істеп тұр, көпшілік осы сайт арқылы орталықтың қызметімен таныса алады, ой-пікірлерін жолдай алады. Және бұған дейін атқарылып жатқан жұмыстар "Сentre-uko.kz" порталына жазылады.  Әлеуметтік бастамалар орталығының есебін тыңдаған жиында облыс әкімі А.Мырзахметов дін саласындағы тұрақтылықты сақтау қоғамдағы маңызды міндеттердің бірі екендігін ескертіп өтті.   Мезгіл-ақпарат  

Толығырақ ...

            Мұхтар Әуезов Қызыл көпірге қашан келген?                                                (Эссе)   Әлі есімде. 2006 жылдың күз айында «Манкент» шипажайында Шымкенттен келген Назарбек деген  ақсақалмен бір дастарханда дәмдес бола отырып  таныстым..... -   Ленгер қаласындағы көмір шахтасында ұзақ жылдар қызмет жасадым. Сол жақтан зейнеткерлікке шықтым. Ленгер қаласы мен үшін ыстық. Ол қалада ұзақ жыл тұрдым. Халқы өте меймандос. Биік тау мен әсем бұлақтар қоршаған Ленгер қаласы қазақтың Швецариясы сияқты Ленгер қаласының өзі бір тарих. Ол жерде көмір шығады. 1869 жылы Ресейдің ғалымдары осы жерден кен орнын тапты.  Сонау Николай Патша заманында да бұл жерде көмір казылған. 1918 жылы Кенес үкіметі кұрылғаннан кейін Ленгер  шахтасы елімізге үлкен қызмет жасады. 1935 жылы Ленгір шахтасы деп жарияланды.   -   1980 жылы Н.Ә.Назарбаев Ленгір сайлау округі бойынша СССР Жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланды. Оны біреу біледі,  біреу білмейды, – деп қария адал көңілімен әңгіме айтты. Аты Назарбек екен. Әңгімені жақсы айтады екен. -   Қай оқуды бітірдің! – деп сұрақ  қойды. -   КазГудың журналистика факультеті. -   Жақсы ... Жақсы. -   Сәбит, Ғабиттер сендерге дәріс берді ме? -   Жоқ. -   Мұхтар Әуезовтің менің ауылыма келгенін өз көзіммен көрдім.Ол кезде мен 28 жастағы жігіт едім. Ұлы жазушы ғой. Үш рет ауылыма келді. Бір кітабына қолтаңба жазып қалдыра алмағаныма өкінемін. Мен…

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында археолог-ғалымдар баға жетпес көмбе тапты! 2600 күміс теңге мен алтын бұйымдар құмыраға салынып, тандыр пешке тығылған. Әлкей Марғұлан атындағы археология институты ғалымдары мемлекеттік «Ғылыми қазына» бағдарлама аясында бірнеше жылдан бері қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан еді. Табылған құнды жәдігерлер әсіресе, Қазақ хандығының қаржы-экономикалық саясатын зерттеуге мүмкіндік береді, - дейді мамандар. Тарихи жазбаларда "Испиджаб" деген атпен танымал болған қала орнында қазба жұмыстары біраздан бері жүріп жатыр. Ғылыми топ бұл көмбені тәуліктің жұмыс аяқталған тұсында тауыпты. Мамырдың 6-сы күні тереңдігі 3-4 метрлік қазаншұңқырдан күміс теңгелер, ертеңінде алтын бұйымдар аршылып алынған.   Жанна СҮЛЕЙМЕНОВА, АРХЕОЛОГ:  - Табылған кезде, «алтын көрсе періште жолдан таяды» дейді, бірақ бізде ондай не жоқ. Сондықтан барлық табылмаларды орнында суретке түсіріп, мамандар шақырылып, орнында алып, акт жасалынды. Бұйырып тұр ғой, бұйырған нәрсе кетпейді деген.   Жергілікті кәсіпкерлердің бірі бұл жерде сауда орталығын салмақшы болған. Іргетас үшін шұңқыр қазылғанда құнды жәдігерлер көріне бастаған. Орта ғасырларға тиесілі монша іргесінен табылған көмбенің қазақ тарихы үшін орны ерекше, - дейді ғалымдар.    Бауыржан БАЙТАНАЕВ, Ә. МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:  - Бұл Сайрамның қазақ хандығына кірген кездегі жасалған теңгелердің уақытысын қамтиды. Бұл қазына, екіншіден, қазақ хандығында болған экономикалық жағдайды және тарихи болған жағдайды сипаттайтын жаңадан табылған күміс қазына,…

Толығырақ ...

Page 2 of 2