12Желтоқсан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Өнер

Биыл композитор Өмірбек Байділдаевтың туғанына 80 жыл толды. Музыка әлеміне іңкәрлік сезіммен келіп, бар ғұмырын қиын да қызық өнер жолына арнау қажырлылық пен үлкен ізденістен туады. Ал адами қасиет  өнер иесінің тектілігіне, қанмен келген рухани тәрбиесіне де байланысты болса керек.             Әңгімеміздің арқауы болып отырған өнер иесі  композитор Өмірбек Байділдаев. Ол Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты «Күнбатыс» аулының түлегі.             «Алып анадан туады» демекші, Өмірбектің   алғаш ән-күйге құштар болуы әжесі Тойтыштан бастау алса керек. Олай дейтініміз, өз жанынан ән шығарып, жыр төгіп отыратын  суырыпсалма ақындық  өнері бар әжесі немересіне қисса-дастандарды  айтуға әсте жалықпайтын.             Ұл балаға әкеге қарап өседі. Әкесі Байділда да қоңыр домбыраны жанына серік еткен, өнер десе ішкен асын жерге қоятын  ақеділ азамат еді. Дарынды жастың бойындағы өміршең қасиеті Қасық орта мектебінде  шыңдалған. Бірде  Шу  қаласында өтетін мектепаралық байқауға қатысады. Алғашқы талпыныс  өнер иесінің жолының ашылып, келешек тағдырын айқындаған жұлдызды белесінің бірі болды. Осы байқауға төрағалық еткен  белгілі композитор Ахмет Жұбанов  екен. Ахаң концерт соңында Өмірбекті қасына шақырып алып консерваторияға келуін өтінді. «Бітер істің басына-жақсы келсін қасына» демекші, Өмірбектің де көптен  күткен үкілі үміті ақталғандай болды. Өнерге шөлдеген жас 1949 жылы Алматыға келіп Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияға қабылданады. Студент бола жүріп халық аспаптар факультетіндегі таңдаулылардың қатарында Құрманғазы атындағы…

Толығырақ ...