29Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Бүгін Шымкент қаласындағы Түркістан сарайында 7 мамыр – «ҚР Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған салатанатты шара өтті.
 
Мерекелік жиынға қатысқан өңір басшысы барша оңтүстікқазақстандықтар мен жауынгерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, еліміздің Ұлттық әскерінің айбыны мұнан да әрі артуына тілектестік білдірді.
«Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет атқару – Отан алдындағы кез келген ер азаматтың асыл және абыройлы парызы. Біз бүгін ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының отты жолдарынан өткен жауынгерлердің рухының алдында тағзым етіп, басымызды иеміз. Сіздер әскер сапында ата-аналарыңыздың, сүйікті жарларыңыз бен балаларыңыздың тыныштығын күзетіп, аса жауапты қызмет етіп жатырсыздар. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз!», - деді Б.Атамқұлов, өз сөзінде.
Мұнан соң, елдің қорғаныс қабілетін күшейтуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың мүдделері мен құқықтарын, заңдылықты қорғауға үлес қосқан 20 азамат аймақ басшысының «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» және ОҚО әкімінің Грамотасымен, Алыс хатымен, сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрінің «Мінсіз қызмет үшін» медалімен марапатталды.
Айта кетейік, биыл Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылғанына 24 жыл. Уақыт талабына сай әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан-жылға нығайып келеді.
Біздің өңір – еліміздің Оңтүстік қақпасы. Өңірімізде Шымкент горнизонына қарасты 10 әскери құрылымдық бөлімдер Оңтүстік шекараның тұтастығы мен тыныштығын сақтауда қызмет етуде.
Мерекелік басқосу Қорғаныс саласында талай жыл еңбек еткен тұлғалардың құттықтау сөздерімен жалғасып, «Ел қорғаны ерлерім» театрландырылған көрінісіне ұласты. Шара соңында көрермендер атаулы күнге орай дайындалған арнайы мерекелік бағдарламаны тамашалады.
 
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі