29Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

26 Там

Шетелде білім алу қауіпті ме?

Қазіргі таңда біздің көптеген бауырларымыз, інілеріміз шетелдегі діни оқу орындарында білім алып жүр. Соңғы екі жылдан бері Саудия және Мысырдың жоғарғы діни оқу орындарына оқуға қабылдаудың талаптары күшейтілген. Атап айтқанда, Саудияның жоғары діни оқу орындарына қабылдаудың жаңа тәртіптері белгіленіп, іске аса бастады. Осы тәртіпке сәйкес көрсетілген елдің оқу мекемелеріне тек Қазақстанның мемлекеттік оқу орындарының жолдауымен және діни органдарының ресми рұқсатымен ғана түсуге болады. 
 
Оған қоса, шетелдік студенттерді оқытуды ретке келтіру мақсатында өткен жылда олардың барлығы жалғыз мемлекеттік халықаралық діни университетіне ауыстырылған, сол жерде Қазақстан азаматтары да білім алып жүр.
Египет астанасы Каир қаласында орналасқан «Әл-Азхар» университетіне де оқуға қабылдау талаптары күшейтілген. Осыдан шамамен 5 жыл бұрын көрсетілген оқу орнына қабылдау оңай болатын. Сол кездерде университетке түскен шетелдіктер тек қана ресми түрде оқу орнында тіркеліп, өздері «худжраларда» және белгісіз шейхтерде жасырын білім алып, дұрыс жолдан тайып кеткен. Осындай студенттердің көп болып кетуіне байланысты «Әл-Азхар» университетінің басшылары оқуға қабылдаудың және бақылаудың талаптарын күшейткен.
Сауд Арабия Патшалығындағы Медина қаласында орналасқан халықаралық Ислам университетіне әр жылда 100-ге жуық қазақстандықтар құжаттар тапсырады. Ал, Қазақстан Республикасына жылына 12 орын ғана бөлінеді. Сонымен қатар, университетке түсуге ниеттенген талапкерлер құжаттарды тапсырғаннан кейін шамамен 6 ай шамасында САП-да жүріп, жауап күтуге мәжбүр болады. Аталған уақыт аралығында талапкерлер санитарлық талаптарға сай емес, кішкентай бір бөлмеде 5 балаға дейін жататын пәтерлерде тұрып, мешіттерден және «худжралардан» діни дәрістер алады. «Худжралардан» алынған діни ілімнің қаншалықты дұрыс екеніне ешкім кепіл бере алмайды. Жауап келгеннен кейін 100 қазақстандықтың 12-сі университетке түсіп, қалғандары бос, бақылаусыз және визаның мерзімі өтуіне байланысты заңсыз қалуға мәжбүр болады. Сонымен қатар, Медина қаласының халықаралық Ислам университетіне мектеп бітіргеніне 5 жыл өткен тұлғалар оқуға түсе алмайды. Көрсетілген талап, өз елдерінде жоғарғы оқу орындарын бітірген қазақстандықтарға да қатысты.
Аталған елдердің (Саудия, Мысыр және Сирия) жоғарғы оқу орындарына түсу үшін міндетті түрде ҚМДБ-ның немесе Қазақстанда білім алып жатқан медресе немесе басқа зайырлы оқу орынның ресми рұқсаты керек. Ресми рұқсатсыз барған жастар жоғарғы оқу орындарына түсе алмай, Ислам қағидалары мен заңдарын терең ұстанатын мемлекетке келгеннен кейін Қазақстандағы өзіңе үйреншікті өмір салтынан айрылып және діни ілімі саяз болуына байланысты әр түрлі діни экстремистік және террористік ағымдар мен ұйымдардың ықпалына түсіп кетеді.
Сондай-ақ, 2011 жылдың басынан Таяу және Орта Шығыс елдерінде орын алып жатқан саяси толқулар өте үлкен өріс алып, сол мемлекетте жүрген шетелдік азаматтарға қауіп төндіруде. Осыған орай, Египетке қызмет жасап жатқан Қазақстан Республикасының елшілігі қазақстандық студенттерді елге қайтару бойынша шаралар ұйымдастырып, 2010 жылдың 1 ақпанында Каир қаласында орналасқан «Әл-Азхар» және Каир университетінде білім алып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары елге оралды. Осындай саяси толқулар қазіргі уақытта Ливия, Иордания, Йемен және тағы басқа Ислам мемлекеттерінде орын алуда. Көрсетілген мемлекеттерде білім алып жатқан және жұмыс істеп жатқан ҚР азаматтары шұғыл түрде Қазақстанға қайтарылуда. Алайда, кейбір бауырларымыз орын алып отырған саяси тұрақсыздықтарға қарамастан әлі де көрсетілген мемлекеттерге білім алу мақсатымен баруда. Діни ілім алу ниетімен барған жастар әр түрлі мешіттермен худжраларда білім іздене бастайды. Аталған жағдайды діни экстремистік және террористік ұйым мен ағымдардың мүшелері пайдаланып, өздерінің қатарларын толықтыруда. Жастар, шетелге барар алдында ең дұрысы жергілікті мешіт имамдарымен ақылдасу қажет. Ертеңгі күні асығып, Исламның дұрыс жолынан тайып кету қаупі көп.
Жалпы алғанда, Қазақстан өз отандастарының шет мемлекеттерде білім алғанына қарсы емес. Дегенмен, білім алуға шамасы жететін, белгілі діни білім деңгейі бар адамдар бару керек. Қазақстанға қазіргі таңда жоғарғы білікті имамдар мен дін мамандары қажет.
Әр мұсылманға шариғат бойынша шетелге барып білім алу міндет емес, яғни «фарз-айн» болып табылмайды. Бірақ мешіттің жамағаты өз қатарларынан білім алуға қабілеті бар бір намазханды таңдап, дінді оқып үйренуге мүмкіндік беруге міндет. Алдымен ол Қазақстандағы медреселердің бірінде білім алу керек. Одан кейін «Нур-Мубарак» немесе ҚМДБ-ның жолдауымен шетелдік діни оқу орындардың біріне барып оқуын жалғастырса болады.
Мұсылмандардың барлығы Құранды және шариғатты жатқа біле алмайды, оларды міндетті түрде жатқа білу де парыз емес. Мұсылманға ең бастысы Исламның парыздарын біліп, күнә жасамау үшін діннің және адамгершіліктің негіздерін білсе де жеткілікті. Мұсылман қоғамына дәрігерлер, инженерлер, физиктер, химиктер, оқытушылар керек емес пе?

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.