24Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

31 Мам

Өзінің ұлты ұстанып жүрген, және мемлекеті тарапынан да қолдау көретін діннен туралық табуы діндар үшін үлкен бақыт

Қазақстан көп этносты, көп конфессиялы мемлекет. Елімізде көптеген астам ұлт өкілдері мен 17 діни конфессиялар қызмет етеді. Еліміздің орналасу аумағы Еуропа мен Азияның тоғысқан тұсында орналасқандықтан Қазақстанның ішкі қалыптылығы бұл аймақтарға айтарлықтай әсер ететіндігі анық. Сол себепті де Қазақстанда елдегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бейбіт, тыныш өмір сүруіне барынша жағдай жасалуда. Түрлі ұлт өкілдері Конституцияда белгіленген азаматтық құқықтары мен бостандықтарына ие.
Міне, соңғы 20 жылдың ішінде Қазақстан дін саласында демократиялық негіздерді бекіту жолындағы өзінің жеткен жетістіктерімен танымдылыққа ие.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында «Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар» деп анық көрсетілген. Ар-ождан бостандығы – бұл жеке адамның ажырамас абсолюттік құқығы болып табылады және ешбір жағдайларда шектеулерге жатпайды. Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық мемлекет және мұнда әрбір адамға ар-ождан бостандығына кепілдік беріледі, сондай-ақ барлық конфессиялардың ұстанушылары заң алдында тең.
Жас Қазақстан мемлекетінің алғашқы заңнамалық актілерінің бірі – Қазақстан Республикасының 1992 жылғы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы болып табылады. Бұл заңда тәуелсіз Қазақстанның конфессиялық саясатының жоғарыда көрсетілген басты қағидаттары белгіленгенімен олардың іске асу механизмі толық жүзеге асырыла алмады.
Алғаш қабылдаған заң күшінде болған жиырма жылдай уақыт оның әлсіз тұстарын да айқындап көрсетті. Заңда әу бастан-ақ кейбір дау тудыратын ережелер мен дәлсіздіктер болды, олар көп ұзамай өзін тәжірибе жүзінде көрсеткен. Мемлекеттік органдар үшін де, діни бірлестіктер мен дінге сенушілер үшін де белгілі бір проблемалар туындады. Кейбір діни бірлестіктер заң ережелерін дұрыс түсінбей, кейде әдейі немесе білместіктен оларды бұзып отырды. Елімізде, сондай-ақ, жа​һандық деңгейде соң​​​ғы жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдағы түбегейлі өзгерістердің жүргені жаңа заңды әзірлеуге бірден-бір негіз болды. Дінді қоғамдық қатынастарда, әсіресе, экстремистік және лаңкестік мақсаттарда пайдалану ауқымының кеңеюі осы саланы құқықтық реттеу тетіктерін жетілдіру қажеттігін туындатты. Бұл ретте, заңнамаға өзгерістер енгізу халықтың, сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарының, соның ішінде халықаралық ұйым өкілдерінің сұранысы мен болжамдарын ескере отырып, жүзеге асырылды.
Жасыратыны жоқ, мемлекеттің құқықтық деңгейде араласуына тура келген қоғамдық келеңсіз үдерістердің де орын алғаны рас. Бұл өз кезегінде көпшіліктің талабына сай «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заңды қабылдауға негіз болды.
ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын қабылдау ар-ождан бостандығы қағидатынан бас тартпайтын, бірақ мемлекеттік, діни бірлестіктердің және тұтас қоғамның мүддесін тепе-тең ұстауға ұмтылған Қазақстан мемлекетінің дін саясатын дамытуда жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді. Осы мақсатта 2011 жылғы 11 қазанда ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы қабылданды.
Заң қабылданған уақыттан бері елімізде діни қатынастарды реттейтін жаңа құқықтық база қалыптасты. 2012 жылы діни қызметтің және діни бірлестіктердің жұмыс істеуінің құқықтық аспектілерін реттейтін заңға қосымша нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
Атап айтар болсақ, Үкімет тарапынан мынадай қаулылар қабылданды:
- миссионерлік қызметті жүзеге асыру;
- дінтану сараптамасын жүргізу;
- ғибадат үйлерін салуды және ғибадат үйлерін, ғимараттарын діни бірлестіктерге беруді келісу;
- республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын жергілікті атқарушы органмен келісу.
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында діни бірлестіктерді құрудың, мемлекеттік тіркеудің, қайта ұйымдастыру мен таратудың тәртібі бір жүйеге келтірілген.
Бұрынғы заң бойыша республикамыздағы діни ұйымдар діни бірлестік және аз санды діни топтар ретінде құрылатын. Жаңа заң бойынша діни ұйымдар жергілікті, аймақтық және республикалық діни бірлестіктер мәртебесінде құрылады. Және бұрын діни бірлестік құру үшін 10 діни қауымның мүшесі жеткілікті болатын, қазір жергілікті діни бірлестік құру үшін ең кемінде 50 құрылтайшылардың болуы қажет, аймақтық діни бірлестікке - 500 адам, республикалық - 5000 адам. Жаңа заң бойынша діни қызметті (құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер, жиналыстар) тек қана діни ғибадаттарда өткізуге рұқсат. Сондай-ақ, діни мазмұндағы әдебиеттер мен материалдар діни ғибадаттарда және жергілікті атқарушы органның қаулысымен бекітілген арнайы тұрақты үй-жайларда таратуға рұқсат етілген.
Біздің қазақ қоғамының  қазіргі жағдайы әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда рухани келісім мен өзара түсіністіктің орын алуымен ерекшеленіп, халықаралық деңгейде де мойындалып отыр. 2011 жылы жаңадан бекітілген ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы арқылы елімізде діни жұмыстар қарқыны тұрақты қалыпқа, бір ізге түсті. Заңның ең басқы сөйлемі: «Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының діни мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады», - деп басталады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен болған кездесуде: «Алла –хақ, Пайғабарымыз Мұхамед(с.ғ.с.), қасиетті кітабымыз  Құран болғанымен, әлем сүнниттері төрт мәзһәбқа бөлінетінін білетін боларсыздар. Біз көптеген түркі халықтары сияқты Ханафи мәзһабына жатамыз. Мұның өзге мәзһабтардан артықшылығы – Ислам қағидаларына қайшы келмейтін ата-бабаларымыздың дәстүр салттарының да кеңінен қолдануында. Менікі дұрыс немесе мен білемін емес, түсіністік, бірлік қажет. Бұл біздің ортақ мақсатымыз», деген болатын. Біздің міндетіміз де осынау істердің үдесінен шыға білу болмақ.
Өзінің ұлты ұстанып жүрген, және мемлекеті тарапынан да қолдау көретін діннен туралық табуы діндар үшін үлкен бақыт. Тәуелсіздік бізге осы бақытты сыйлады. Сондай-ақ, Ислам діні мен оның Ханафи мазһабы мемлекет тарапынан басымдық берілген негізгі дін мен мазһаб болып табылатындықтан біздің осы дін мен мазһабты республиканың мемлекет түзуші байырғы халқы қазақтар және мемлекеттің 76℅ құратын мұсылмандардың тарихи-мәдени, діни-рухани ұстанымдарын құрауы себепті Қазақстан мұсылмандары үшін ертеден өлкемізде орныққан бұл мазhаб жаңа заңның кіріспесінде христиандық православ бағытымен бірге ерекше аталып, орны көрсетілген. Осындай хақ дін Ислам мен оның Ханафи тәрізді бір мазһабын ұстана отырып діннен туралық табуымыз, әрі мемлекетімізбен де үйлестікте болуымыз Алла Тағаланың бізге жасаған зор кеңшілігі болып табылады.
Біздің алтын шаңырағымыз – сүйікті Отанымыз Қазақстан. Отанымыз тыныш, жұртымыз аман болсын! 
 
Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-нің маманы Ақмарал Жүнісова

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.