25Шілде2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Руханият

Мұнан бұлай ОҚО-дағы этно-мәдени орталықтар бір кеңседен табылатын болды. Шымкент қаласы орталығындағы бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры осы этно орталықтардың игілігіне жарамақ. Кең ғимараттың ішінде түрлі ұлт өкілдерінің достық әндері шырқалатын болады. Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов обллыстағы 20 этно-мәдени орталық басшыларымен кездесіп, олардың ой-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, облыс басшысы «Қазақстан» кинотеатрының ғимаратын қайта жобалау жұмыстарымен танысты. Б.Атамқұлов: ""Қоғамдық келісім" үйі сән-салтанаты келіскен ғимараттардың бірі болуы керек. Сондықтан қолданылатын құрылыс материалының сапасы жоғары болсын", - деді жоба жетекшілеріне. Ғимараттың залы 800 орындық. Ал мұндағы кеңсе бөлмелері этно--мәдени орталықтарға беріледі. Алдағы уақытта мәдени іс-шаралардың көрігі қызатыны сөзсіз.    

Толығырақ ...

Құдіреті шексіз Алла Тағала қасиетті кәламы болған Құран Кәрімде былай дейді: «(Ей, Мұхаммед!) Олардың (адамдардың) тура жолға түсуі (иманға келуі) сенің мойныңда емес. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Не нәрсені қайыр-садақаға берсеңдер де, олардың (пайдалары тек) өздерің үшін (жасаған қайыр-садақаларың өздеріңе игілік келтірсін десеңдер) тек Алланың «дидары» үшін ғана қайыр-садақа бергейсіңдер. Әрбір жақсы нәрседен жасаған қайыр-садақаларың (сауабы) өздеріңе толық қайтарылады, сендерге әділетсіздік істелмейді». Орайы келгенде айта кетейік, кейбір намазхан бауырларымыздың: «Пәленшеге көп уағыз-насихат айтсам-да нәтиже жоқ, не намазға жығылмайды, не ораза ұстамайды», - дейтіні бар. Иә, шынында да адам баласының жүрегіне ие болу қиын. Адамның жүрегіне қатысты іс күрделі һәм нәзік келеді. Өйткені, адам жүрегіне өзінен басқа ешкім иелік ете алмайды. Тек қана адамдардың және жүректердің Раббы Алла тағала ғана ие бола алады. Бұл мәселеге тіпті пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) те араласа алмайтындығын жоғарыдағы аят ұқтыра келе: «(Ей, Мұхаммед!) Олардың (адамдардың) тура жолға түсуі (иманға келуі) сенің мойныңда емес», -деп ескертеді. Сондықтан, ислам дағуатына, уағыз-насихаттарына құлақ салмаған, үндеуіне жүрмеген, зекет-садақасын бермеген адамдар хақында Алланың өзі Елшісіне «олар жөнінде мұңайма, уайымдама, ашуланба» деп жұбатып тұр. Өйткені, аяттың келесі сөйлемінде: «Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады» дегеніндей, жүрекке иман ұялату - Алла Тағаланың ісі. Жалпы, адамның Исламға келуі Алла тағаланың…

Толығырақ ...

Қазақстан көп этносты, көп конфессиялы мемлекет. Елімізде көптеген астам ұлт өкілдері мен 17 діни конфессиялар қызмет етеді. Еліміздің орналасу аумағы Еуропа мен Азияның тоғысқан тұсында орналасқандықтан Қазақстанның ішкі қалыптылығы бұл аймақтарға айтарлықтай әсер ететіндігі анық. Сол себепті де Қазақстанда елдегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бейбіт, тыныш өмір сүруіне барынша жағдай жасалуда. Түрлі ұлт өкілдері Конституцияда белгіленген азаматтық құқықтары мен бостандықтарына ие. Міне, соңғы 20 жылдың ішінде Қазақстан дін саласында демократиялық негіздерді бекіту жолындағы өзінің жеткен жетістіктерімен танымдылыққа ие. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында «Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар» деп анық көрсетілген. Ар-ождан бостандығы – бұл жеке адамның ажырамас абсолюттік құқығы болып табылады және ешбір жағдайларда шектеулерге жатпайды. Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық мемлекет және мұнда әрбір адамға ар-ождан бостандығына кепілдік беріледі, сондай-ақ барлық конфессиялардың ұстанушылары заң алдында тең. Жас Қазақстан мемлекетінің алғашқы заңнамалық актілерінің бірі – Қазақстан Республикасының 1992 жылғы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы болып табылады. Бұл заңда тәуелсіз Қазақстанның конфессиялық саясатының жоғарыда көрсетілген басты қағидаттары белгіленгенімен олардың іске асу механизмі толық жүзеге асырыла алмады. Алғаш қабылдаған заң күшінде болған жиырма жылдай уақыт оның әлсіз тұстарын да айқындап көрсетті. Заңда әу бастан-ақ кейбір дау тудыратын ережелер мен дәлсіздіктер болды, олар көп ұзамай өзін тәжірибе жүзінде көрсеткен.…

Толығырақ ...

 Қариясы бар үй - қазына.  Әсіресе, әулеттің әрін келтіріп, кейінгі ұрпағының құлағына  ізгі ақылын құйып, өмірдің жөн-жосығын көрсете жол сілтеп отырар аяулы әжең болса, ол бір алтын көмбемен тең ғой. Осы күні әлдеқандай қария кісіні жазғыратындар, көпе-көрінеу сөгетіндер де табылады. Мұндайда әдемі қартая білу де өнеге ме дерсің?!   "Теперіш көрсек те, адамилығымыздан арылмадық"   Көкірегі өсиет пен шежіреге толы, көненің көзін көрген, үрім-бұтағы десе аузында айтары бар, берер тәлімі мол Дәнекүл апа бүгінде сексеннің бел ортасын бағындырып отыр. Тұңғыш балаларының өзі алпысты аралап, немерелерінің алды азамат болғаны қашан. Қара шаңырақта шүпірлеген шөберелерімен бірге кейде бала сықылды шаттанып, қапелімде солардың жүзін мұң торласа, аналық жүрегімен қамығып, алаңдап қалар. Дүниенің өзі солай ғой, бірде қатты, бірде тәтті. Алып мұхиттың адуынды толқындарынан аман жүзіп, бағыт-бағдарын білген кеме сияқты, Дәнекүл апа да бар саналы ғұмырын бала тәрбиелеуге, оларға жолсыз жерде жарық беретін шамшырақ болуға арнаған. Өзі он бір құрсақ көтеріп, тағдырдың тырнағынан аман қалған тоғызын үзеңгілестерінен кем қылмай бағып-қақты, ержеткізді.   -Құдай қосқан қосағым Әбдіқадыр Мансұров деген кісі, ел-жұртқа танымал, заманында тұлға болған абыройлы азамат еді. Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданына қарасты Дермене ауылын танымайтын адам кемде-кем шығар. Кезінде дәрілік шөп өңдейтін зауыты бар, дүрілдеген Дермене ғой ол, - дейді Дәнекүл апа өткен…

Толығырақ ...

Қазақ әндерін әуелеткен Татьяна Бурмистрова, Татьяна Мартыненко, Татьяна Полтавская аға буынның есінде. Кезінде ана тілімізде ән шырқап, домбыра тартқан «Үш Татьянаны» жұрт сүйіп тыңдады. Олар тек қазақша ән айтып қана қойған жоқ. Осы тілде емін-еркін сөйледі. Құрылған топ қазақ өнеріне өзгеше леп әкелді. Олардың өнерге алғашқы қадамы «Тамаша» ойын-сауық отауында кесілді. Кейін елдің ықыласына бөленген әншілер отыз жылға жуық сахнаға шыққан жоқ. Қазір әйгілі топтың өкілдері қайда жүр? Жуырда шымкенттік Татьяна Мартыненкомен жүздесіп, сұхбаттасудың сәті түсті.  – Татьяна Владимирқызы, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей бастамасымен және жетекшілік етуімен Қазақстан Халқы Ассамблеясына биыл 20 жыл толып отыр. Татулықтың тұғыры болған ассамблея жайында не айтасыз? – Қазақ қашан да бауырмал халық. Қай ұлтқа болсын,  туысындай төрінен орын береді. Сондықтан өңіріміздегі этнос өкілдері өзін «басқа ұлтпын» деп ойламайды. «Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспетті» деп Елбасымыз айтқандай елімізде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің тегіне, тіліне шектеу жоқ. Әр ұлттың өз тілін, тарихын оқып білуге, салт-дәстүрін сақтауға мүмкіндік жасалған. Мұның бәрі ұлттардың этносаралық келісімі мен теңдігіне негізделген Елбасымыздың мемлекеттік саясатының арқасы екенін жақсы білемін. Биылғы Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында мерекелік шараларға қатысуға шақырту алдық. Президент әкімшілігінің ұсынысымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай  «Үш Татьяна»…

Толығырақ ...

Page 1 of 2