23Қазан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Мәскеудің ең ірі «Фуд сити» көтерме-бөлшек сауда азық-түлік орталығында «Оңтүстік Қазақстан» сауда-көрме залы ашылды. Жобаны Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің және Сауда өкілдігінің қолдауымен «KazFood» брендімен «Призма групп» компаниясы ұйымдастырып отыр.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлап отыр. Сауда-көрме залының салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілінің орынбасары Гүлжан Бодықова, «Фуд сити» агрокластерінің бас директоры Омар Абрамов, ресейлік бизнес және қазақстандық кәсіпорын өкілдері қатысты.

Салтанатты шара барысында сөз алған ОҚО әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев Мәскеудің ірі сауда орталығында Оңтүстік Қазақстанның тұрақты жұмыс істейтін көрме орталығының ашылуы қазақстандық және ресейлік тараптың ұзақ уақыттан бері жүргізген жұмысының нәтижесі екендігін атап өтті. «Павильонды ашудағы мақсат қазақстандық өндірушілердің өнімдерін таныстыру. Ресей астанасының барлық ірі сауда желілері мен мейрамхана бизнесі тауарларын осы орталықтан сатып алады. Осылайша, біздің отандық өндірушілерге Мәскеу нарығына жол ашылды», - деді С.Тұяқбаев. Оның атап өтуінше, алдағы уақытта жеміс-жидек, ет-сүт өнімдерін, тоқыма бұйымдарын Мәскеу нарығына жеткізу жоспарланған.

Сондай-ақ Мәскеуде қазақстандық өнімдер сататын шағын дүкендер желісін ашу да көзделіп отыр. Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілінің орынбасары Г.Бодықова да өз сөзінде аталған жобаның болашағы зор екендігін атап өтіп, оның қазақстандық дайын өнімді экспортқа ілгерілетуге өз септігін тигізетіндігін айтты. Оның сөзіне қарағанда, жыл бойы Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі Мәскеуде, Мәскеу облысында және Ресейдің басқа да өңірлерінде тағы да 12-14 дүкендер мен сауда алаңдарын ашуды жоспарлап отыр. «Оңтүстік Қазақстан» павильонында әзірше қазақстандық өнімнің 24 түрі ғана қойылған. Дегенмен таяу аралықта жобаға қатысушылар тауар түрлерін жүзге жеткізуді жоспарлап отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Отырар ауданының әкімі болып Ерлан Қуанышұлы Айтаханов тағайындалды деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Е.Қ.Айтаханов 1971 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1994 жылы «Alem Bank Kazakstan» кредит беру департаментінің экономисі болып бастаған. 1995-2012 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің кредит беру департаментінің бас маманы, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бөлімінің бастығы, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасының бастығы, экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қаржылық реттеу департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының кеңесшісі, Алматы қаласы тарифтер жөніндегі басқармасының бастығы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ақмола облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.2014 жылғы қазан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып еңбек етіп келген. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Салыхан Сабырұлы Полатов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының әкімі лауазымынан босатылды.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы балабақша жүйесін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында кеңейту жұмыстары бойынша республикада көш бастады. Бұл бағыт аясындағы тапсырманы елімізде алғаш болып қолға алған өңірімізде бүгінгі таңда 703 балабақшада 70,1 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Еске салсақ, 2014 жылы өңіріміздегі осындай бағыттағы 606 ұйымда 62,4 мың бала тәрбиеленіп келген еді. Демек, соңғы бір жылда мемлекеттік-жекеменшік аясындағы мекемеге келген бала саны 8 мыңға артып отыр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясындағы мектепке дейінгі мекеменің артықшылығы сол, мұндай ұйымдардағы әр балаға ай сайын мемлекеттік тапсырыс аясында 18375 теңге бөлінеді. Тиісінше, бұл балабақшаға әр бала үшін ата-аналардан төленетін айлық қаржының мемлекеттік балабақшадағыдай 8 мың теңгенің айналасында болуына мүмкіндік береді. Өткен 2015 жылы облыста мектепке дейінгі 108 ұйым ашылып, өңірдегі балабақшаның саны 1524-ке жетті. Қазіргі таңда, онда 3 пен 6 жас аралығындағы 164,7 мың бүлдіршін тәрбиеленуде. Нәтижесінде, былтырғы жылдың қортындысымен мектепке дейінгі ұйымдарға 3-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 80,5 пайызды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға артқан. Айта кетейік, облыстағы 1524 мектепке дейінгі мекеменің 985-і балабақшалар болса, 539-ы мектеп жанынан құрылған шағын орталықтар. Ал 985 балабақшаның 254-і мемлекеттік балабақша ретінде қызмет етсе, 703-і мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында жұмыс істеп келеді. Қалған 28 балабақша жекеменшік ұйым ретінде бала тәрбиелейді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Шымкент қаласында қоғамдық жолаушылар көліктеріне бірыңғай жаңа үлгідегі электрондық валидаторлар орнатылатын болады. Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев БАҚ өкілдеріне берген брифингте осылай деп мәлім етті.

Шымкент қаласының әкімдігі мен кореялық «Korea Smart cart» кәсіпорнының басшылары арасында қол қойылған екіжақты меморандумның нәтижесінде, еліміздің үшінші мегаполис қаласында осынау заманауи жүйе іс жүзінде жүзеге асырылатын болды. Баспасөз мәслихатында Шымкент қаласына арнайы келген кәсіпорын басшысы Ли Ми Хо аталмыш мәселе бойынша тілшілердің қойған сауалдарына толыққанды жауап берді.

— Бұл салада корейлік мекеменің әлемдік аренадағы тәжірибесі мол. Алғашқыда Сеул мэрінің қолдауымен құрылған біздің кәсіпорын қазіргі таңда Маңғолия, Жаңа Зеландия, сол секілді Африканың бірқатар елдерінде табысты қызмет атқарып келеді. Біз Шымкентте алдағы бірнеше күнде қоғамдық жолаушылар тасымалының қызмет жүйесін саралап, зерделейтін боламыз. Қызмет сапасы көңілден шығып жатса, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап, автобустарға бірыңғай үлгідегі электрондық валидаторлар орнатылады, — деді Ли Ми Хо.

Айта кетерлігі,  электрондық валидаторлардың бірнеше тиімді тұсы бар. Яғни, қала тұрғындарының әрбіріне жеке төлем карталары берілетін болады. Осы арқылы жолаушылар өзі қалаған сомада карта есеп-шотын толтырып, қоғамдық көліктерде электрондық қызметті пайдаланбақ.

Қаладағы автотранспорт қауымдастығы басшыларының ұсынуымен алдағы қалалық сессия мәжілісінде сәуір айынан бастап жолақы құнын 70 теңгеге көтеру мәселесі қойылмақ. Алайда, жолақы құны қымбаттағанмен студенттер үшін бастапқы баға қаз-қалпында сақталмақ. Сондай-ақ, бірінші топ мүгедектері мен Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне қоғамдық көлік қызметін тегін пайдалануына мүмкіндік беріледі.

Жолкіресі өсуінің себебін жауапты мамандар қоғамдық көліктер үшін қосалқы бөлшектер құнының екі есеге дейін қымбаттап кетуімен байланыстырды. Бағаны көтеру арқылы қоғамдық көлік компанияларына автобустарды жаңалау талабы жалғасын табатын болады. Бұл ретте, аталмыш бөлім басшысы жоғарыда айтылған талапқа сәйкес, 2013 жылдан бері қалаішілік бағыттарда қатынайтын 500-ге жуық жаңа автобустың жеткізілгенін атап өтті. Алдағы уақытта шаһарда  400-дей қоғамдық көлік жаңалауды қажет ететіндігін жеткізді.

Еуразиялық форумда Елбасы Н.Назарбаев: «2020 жылға дейін Қазақстанда жыл сайын энергия тұтыну көрсеткіші кем дегенде 2,5 пайызға, ал келесі онжылдықта жылына 3,5 пайызға төмендеуі тиіс. Еліміз болашақ энергияның айтарлықтай әлеуетіне ие. 2050 жылға қарай баламалы энергия елде өндірілген барлық энергияның жартысына жақындауы тиіс. Ондай мүмкіндігіміз бар»,- деген болатын. Осыған орай еліміз көршілес Қытаймен бірлесіп жаңа бір сала – экологиялық таза қуат көзін өндіру бағытында да әріптестікке қол жеткізіп келеді. 
Елбасының баламалы энергия көздерін дамыту жобасын қолдау мақсатында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ҚХР «Датанг оверсиз инвестмент» компаниясының Орталық Азиядағы инвестициялық жобалар жөніндегі басшысы Чжан Чжемен кездесті. Қазіргі таңда әлемде энергия көздеріне деген сұраныстың жыл өтен сайын артып отырғандығын сөз еткен қос тарап, жаңа энергия көздерін табудың жолдарын талқылады. Бұл ретте «Датанг» компаниясының жауаптылары қалпына келетін қуат көздері жобаларын дамытудағы ынтымақтастық туралы өз ойын ортаға салды. Өз кезегінде шаһар басшысы «Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы» жаңа жобаларға осындай экологиялық талаптарға сай энергия көздерінің қажет екендігін айтып өтті. Әрі, қызығушылық танытқан кәсіпорындарға қолдау көрсететіндігін жеткізді. 
Айта кетерлігі, қазіргі таңда қытайлық компания Қазақстанда көмір газын (жанған көмірден алынатын газ) өндіру жобасына белсене араласып жатыр. Қазір олар еліміздегі электр стансаларын газ генераторларымен жабдықтауда. Табиғатты қорғауға қосар үлесін былай қойғанда, бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, жаңа инвестициялық мүмкіндіктер алып келері анық.

Бейсенбі, 14 Қаңтар 2016 23:17

WhatsApp бойынша 1607 өтiнiш түскен

Өткен жылдың қазан айында іске қосылған қала әкімдігінің «WhatsApp» желісі нәтижелі жұмыс көрсетіп келе жатыр. Өйткені шымкенттіктерді мазалайтын мәселе көп.

Жалпы, бүгінгі күнге дейін «WhatsApp»  желісіне 1607 адамнан өтініш келіп түссе, оның 1527-нің шешімі табылған. Өтініштердің арасында қалалықтарды тазалық, абаттандыру мәселелерінің жиі мазалайтыны байқалады. Мәселен, 321 өтініш қабылданса, оның 317-і орындалыпты. Ал төртеуі қазір қаралу үстінде. Бұдан бөлек, жол жөндеу және жер қазба жұмыстары, су, газ, жарық, ашық құдықша, канализация, ирригация мәселелері де назардан тыс қалмаған. Мәселен алты күннің  ішінде қоғамдық көлік бойынша 177 адамнан өтініш келіп түскен. Мамандар оның 170-не жауап беріп үлгеріпті. Ал жетеуінің мән-жәйі қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Көп ретте, шымкенттіктер автобустардың бір-бірімен жарысуына, қоғамдық көліктегі тазалыққа, автобустар арасындағы интервалдың сақталмауына көңілдері толмайды. Жылу мәселесіне қатысты көпқабатты үй тұрғындарынан 162 өтініш келіп, барлығының да мәселесі шешілген.

Еске сала кетейік, қала әкімдігінің «WhatsApp» желісінің нөмірі - 8-777-885-85-13, 8-777-885-85-02.

Шымкент қаласының білім бөлімінің мәлімдеуінше, қаладығы метептердің тоғызында үш ауысымда оқу жүруде. Осы мәселені шешу мақсатында жаңа жылда қосымша алты мектеп салу жоспарлануда (былтырғы жылы жеті балабақша мен бес жаңа мектеп салынған). «Ынтымақ» шағын ауданындағы жаңа мектепте 900 бала оқыса, «Қаратөбеде» - 600, «Сәуледе» 1200 оқушы білім ала алады.

Өткен жылы төрт мектеп қауіпті деп белгіленіп, оның үшеуінде толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілген, қазіргі таңда олар эксплутацияға берілді. №34 мектептің жөндеу жұмыстары 2016 жылы аяқталады деп ккүтілуде.

Сондай ақ, №№59, 82 және 83 мектептерге қосымша ғимараттар салу жоспарлануда, олар 2016 жылы басталатын болады.

 

http://shymkent.gov.kz/

ҚР Президентінің «ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына сәйкес, облыстың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының жобасы дайындалды. Бағдарламада экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары, мемлекеттік қызметтер деп аталатын 6 бағыт қамтылған.

Алдағы бес жылда өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі мен өңдеу өнеркәсібі 101 пайыздан 103 пайызға өссе, ауыл шаруашылығына бағытталған инвестиция көлемі 129 пайыздан 145 пайызға артады. Ал жалпы өңірлік өнімдегі (ЖӨӨ) ауыл шаруашылығының үлесі 9 пайыздан – 12 пайызға көбеюі шарт.

Білім саласында да атқарылар шаруа көп. Облыстың білім беру саласына жауапты басшылық құрам 2020 жылға дейін өңірдегі апатты және үш ауысымда оқытатын мектептердің толықтай жойылуына атсалысып, барлық баланың балабақшамен қамтылуына септігін тигізеді. Яғни, бүгінгі таңда өңірдегі балғындардың мектепке дейінгі мекемемен қамту үлесі 80,2 пайызды құраса, бес жылдан соң бұл көрсеткіш 100 пайызға жетуі тиіс. Ал инклюзивтік біліммен қамтылған балалардың үлесін 15,2 пайыздан 20 пайызға шығару жоспарлануда.

Болашақтағы бес жылда денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер орын алуы тиіс. Тиісті жұмыстарды атқару нәтижесінде салада ана мен бала өлімін одан әрі азайту көзделіп, атап айтсақ, нәресте шетінеуінің деңгейін 1000 туылғандарға шаққанда 9 дейін, ана өлімін 13,8 дейін төмендету болжанып отыр.

Сондай-ақ, негізгі әлеуметтік маңызды аурушаңдықты төмендетуды, МТБ жабдықталуын 80% жабдықталуын қамтамасыз етеды. Әлеуметтік қолдау саласында жұмыссыздық деңгейі 2020 жылға дейін 4,7 пайызға дейін төмендету, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздықты 2,7 пайызға, ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен тұратын халықтың үлесін 6 пайызға азайту қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 2016-2020 жылдары облыста көлемі 1671,8 мың ш.м. болатын тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, құрылыс жұмыстарының өсімі 1,5-2% деңгейінде қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Ал өңірдегі жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы деңгейі таяудағы бес жылда 65,1 пайызға дейін жеткізілетін болады.

Коммуналдық салада да алатын өзгерістер баршылық. 2020 жылы қалалық жерлер 100 пайыз, ауылдық жерлер 80,2 пайыз орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілсе, көгілдір отынға қол жеткізген халықтың үлесі 56,7 пайызға жететін болады. Ал қатты тұрмыстық қалдықтардың 10 пайызы өңделіп, қайта кәдеге жаратылатын болады. Аталған бағыттар бойынша жасалған даму жоспары алдағы уақытта облыс мәслихатына ұсынылып, мәслихат сессиясында бекітілетін болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен «Lotus Food» және «Organic Algae - Fertilizer» ЖШС-і түрік компаниялары арасында Қазығұрт ауданындағы индустриалды аймақтан жалпы сомасы 12 млн. АҚШ долларын құрайтын биохимиялық тыңайтқыш пен құрамажем шығаратын заманауи зауыттың құрылысы жөнінде келісім жасалды.
 Аумағы 6 гектарды қамтитын жоба келешекте 200-250 адамды жұмыспен қамтып, жылына 10 мың тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы болмақ, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.
«Соңғы кездері экологияны бұзатын синтетикалық тыңайтқыштардың көптеп шығарылып жатқаны белгілі. Ал қазақ-түрік әріптестігі негізінде өндірілетін тыңайтқыштар топырақтың физика-химиялық қасиетін жақсартып, құрамын жетілдіретін болады. Осыған байланысты синтетикалық тыңайтқыштардың баламасы ретінде бұдан былай биоорганикалық тыңайтқыштар қолданыла бастамақ. Әлемдік нарықта соңғы 10 жылда биоорганикалық тыңайтқыштарды өндіруді дамыту жұмыстары Еуропада 40 пайызды көрсетті. Бұл өз кезегінде, аталған өнімдердің дүние жүзіне қажеттілігін көрсетеді», - делінген баспасөз баянында.
Айта кетерлігі, зауыттан шығатын биотыңайтқыштарды пайдаланып өсірілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне халықаралық сапа сертификаты мен «Халал» стандарт сертификаты беріледі. Бұл Қазақстандық өнімдерді әлем нарқына еш кедергісіз экспорттауға мүмкіндік бермек.