26Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Қоғам

Өткен жылы қаламызда әйелдер таксист қызметін көрсете бастағанда бәрімізге таңсық көрінді. «Қалай болар екен?» деп әліптің соңын бақтық.  «Ер азаматтың өзі белсене кірісе қоймайтын бұл кәсіпті әйелдер қалай игереді екен, оның жауапкершілігі мол емес пе?» дегендер де болды. Әсіресе, ерлер жағы таңданысын жасырмады. Бірақ, нәзік жандылар шымкенттіктердің үмітін ақтады. Олар бір жылдың ішінде өз ісінің шебері болып, жолаушыларын діттеген жеріне дер кезінде жеткізуде алдына жан салмайды. Солардың бірі –Зухра Разметова. – Такси қызметі жұмысын бастағанда бізге сенім білдіре қоймады. Көп ретте, әйелдер, жас қыздар шақыратын еді. Біртіндеп, ер кісілер де қызметімізді пайдаланатын болды. Өкінішке қарай,түнгі уақыт біз үшін қауіпті. Өйткені, жол ережесін сақтамай, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кететіндер көп. Әсіресе, жастар жағы ереже бұзады. Қазір біздің таксопаркімізде 7 қыз таксист болып жұмыс істейді, – дейді Зухра.  Автор: Э.Мықтыбаева.

Толығырақ ...

Автомобильдің «сәнді» номерлерін шымкенттіктер 13 млн. теңгеге сатып алды.  ОҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, биыл шымкенттіктер сұранысқа ие 37 мемлекеттік номерді сатып алған.  «Клиенттер арасында 001, 002, 007, 003, 005, 009, 100, 111, 999, 200, 777, 888, 333, 800 номерлері сұранысқа ие. Номер сатудан мемлекет бюджетіне түскен табыс 13 млн. 264 мың 24 теңгені құрады», - деп хабарлады баспасөз қызметінен. Өткен жылдың 2 айында ОҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-экзаменациялық бөлімі тұрғындарға сұранысқа ие 54 мемномерді тапсырды. Оның жалпы сомасы 18 млн. 249 мың теңге. Еске сала кетейік, номерлердің құны 253 мың теңгеден 423 мың теңгеге дейін.  http://www.inform.kz 

Толығырақ ...

Шымкентте алғашқы газ құю стансасы пайдалануға беріліп, қала көшелеріне газбен жүретін 200 автобус шығарылмақ.  Станса құрылысы үшін 5 млн. АҚШ доллары жұмсалды. Жобаны қала әкімдігі мен инвесторлар бірлесіп қолға алып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен. - Экологиялық тұрғыдан таза қала атану үшін біз алдағы уақытта жолаушылар тасымалда йтын жаңа қоғамдық көліктер алуды жоспарлап отырмыз. Яғни, газбен жүретін 200 автобус бағытқа қойылатын болады, - дейді қала әкімі Дархан Сатыбалды. Автобустарға қазіргі заман талабына сай GPS-навигаторлар орнатылады. Және онда мәдениетті қызмет көрсетіліп, барлық санитарлық талаптар орындалатын болады. Қала әкімдігінің алдағы уақыттың еншісіндегі межесі бойынша, муниципальді автобус паркінің құрылысы қолға алынбақ. Яғни, автопарк жартылай мемлекеттік, жартылай жеке меншік иелігінде болмақ. - Қазіргі таңда, муниципальді автобус паркінің орналасатын орны белгіленген, - дейді қала басшысы. - Ендігі жерде мемлекет меншігінде 100, жеке меншік иелігінде тағы бір 100 жаңа автобус алынуы тиіс. Қазіргі таңда қала көшелерінде 1625 автобус 86 бағыт бойынша қоғамдық қызмет көрсетуде. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш анағұрлым өсе түспек. Себебі, қала аумағына қосылған 40 елді мекенге тұрақты түрде жаңа бағытта автобустар жүретін болады.

Толығырақ ...

Шымкентте қала күніне орай 3 мың адамның қатысуымен «Алтын күз» карнавалдық шеруі өтті. Қала әкімдігі ұйымдастырған «Алтын күз» карнавалдық шеруінде тұрғындар Оңтүстік Қазақстан облысында күз мезгілінде өсетін жеміс-жидектердің бейнесіндегі киім киіп шықты. Қаладағы Әл-Фараби алаңын басып өткен шерушілерді тұрғындар мерекелік көтеріңкі-көңіл күймен қарсы алды. Қаланың бүгінгі болмысын бағалап, ертеңгі мүмкіндігіне сенім артқан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Астана, Алматыдан кейінгі Қазақстанның үшінші қаласы - Шымкент болуға лайықты» деген сөзін еске салған қала әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарын төл мерекемен құттықтады. «Шымкент –қазақтың қаймағы бұзылмаған, салт-дәстүрді ерекше құрметтейтін өңірдің бас қаласы. Көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің тағдырлары тоғысқан тұғырлы қала. Қаламыздың тарихы қайта зерттеліп, тың деректермен толығуда. Кешегі күні Шымкентте өткен халықаралық ғылыми конференцияда қазақстандық және әлемдік деңгейдегі ғалымдар Шымкенттің 2200 жылдық тарихы бойынша нақты дәлелдер келтірді. Ғалымдардың дәйекті пікір-ұсыныстары негізінде арнайы резолюция қабылданды. Осындай тарихы терең қаламыздың төл мерекесімен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, қажымас қайрат, сәттіліктер тілейміз! Қаламыздың сәулеті мен дәулеті арта түсіп, өркендеп, әрбір отбасының өміріне қуаныш пен жақсылық сыйлай берсін!» − деді ол. Айта кету керек, шеруден соң қала жастарының қатысуымен флэш-моб, жергілікті және Қазақстан эстрада жұлдыздарының мерекелік гала-концерті өтті. 

Толығырақ ...

Шымкентте "Ладушки" брендін танымайтын адам кем де кем. Қаланың әрбір шағын ауданында кездесетін "Ладушки" кондитер желісіне қашан кіріп барсаңыз да, адам аяғы үзілмейді. Әсіресе, түскі және кешкі ас кезінде ығы-жығы кезек күтіп қаласыз, бұл тағамдарының дәмділігінен, алуан түрлілігінен, бағасының қолжетімділігінен болар. Асығып жұмыстан қайтқан ханымдар бауырсақтың қамырын "Ладушкиден" сатып алады, аяқасты үйге қонақ келіп қалса, "Ладушкидің" тіл үйірер тәтті торттары, печеньелері, құймақтары мен самсалары "көмекке келеді".    -Сіз бизнесіңізді қалай бастадыңыз? "Ладушки" компаниясы құрылмас бұрын  немен айналысқан едіңіз? Аяқтан тұруыңызға қандай да бір кедергілер болды ма? - Мен кәсібімді тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезінде бастағанмын,  нақтырағы 1995 жылы десем болады. Оған дейін, яғни 1991 жылы институтты бітіріп, диплом алып шықтым. Содан соң, жеке өмірімде өзгерістер орын алды, ұлымды дүниеге әкелдім. Бұл менің әйел-ана ретінде қалыптасқан кезеңім еді. Дәл сол шақтары күнделікті тұтынатын азық-түліктің өзі қат еді. Соған қарамастан азық-түлік сататын дүкен аштым, міне, менің алғашқы тәжірибем осы жерден басталады. Дүкеннің тауарларын Алматыдан, Ташкенттен, Мәскеуден тасыдым. Шекара әлі ашық тұрған кез еді. Шамасы Мәскеуден әкелген заттарым, азықтар басқа сауда дүкендерімен салыстарғанда ерекше болды-ау деп ойлаймын. Себебі, өзгелерде жоқ тауар бізде кездесетін. Содан дүкеніміздің саудасы жүрді.          1997 жылы көптен армандаған тілегіме қол жеткіздім, Шымкентте шағын жазғы асхана аштым, ішінде кондитер цехы жұмыс істеді.…

Толығырақ ...

Page 2 of 5