14Желтоқсан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Қоғам

         Ассалаумағалейкүм, оқушы жамағат! Бісміллә деп бастап қолға қалам алып, аз-кем дүниені сөз қылмақпын. Иә, Құранды «құр ән» дей көрмеңіз! Себебі Құран – Алланың сөзі. Ал Алланың сөзі анамыздың да, әкеміздің де, тіпті ата-бабаларымыздың да сөздерінен жоғары тұрмақ. Жалпы, Құран Кәрім – өмір сүру заңдылығы, дұрыс та бақытты ғұмыр кешудің дара формасы. Үйіңізде Құран кітабы жай ғана шаң басып тұрса, ештен кеш жақсы. Дәрет алып, оны тазалап, оқуға үлгересіз. Арабша білмеймін, қалай оқимын десеңіз, қазақшасын оқуыңызға да болады. Тіптен жақсы! Сіз қазақшасын оқи отырып, ондағы жазылған Алланың бұйрықтарын оқи аласыз. Алайда барлық аяттар түсінікті болады деп айта алмаймын. Түсінбеген жерлеріңіз болса, уайымдамаңыз. ҚМДБ-ға қарасты жергілікті мешітке барып, ақ шапан киген имамға жолығып, сәлеміңізді беріп, әлгі түсінбеген аятыңызды сұрау қылыңыз. Имам бауырымыз, әлбетте, кеңінен жауап беруге тырысып бағады. Тек мешітке, Алланың үйіне, баруға ұяла көрмеңіз.          Сонымен қатар Құранды тыңдауыңызға да болады. ҚМДБ сайттарына (www.muslim.kz, www.azan.kz, www.muftyat.kz) кірсеңіз, Құранды онлайн түрде тыңдай аласыз, жүктеуге де болады. Бірақ Құранды аяқ асты тыңдай салуға болмайды. Оған да ниет, дайындық керек. Алдымен дәрет алыңыз, сонан соң Аллаға ниет етіп, ыңғайлап отырып тыңдаңыз. Ескерте кетейін, Құран жай ән емес. Сондықтан музыка тыңдағандай болудан сақ болыңыз!          Әбу Үмәма (р.а.): «Алла елшісінің (с.а.у.): «Құран оқыңдар, өйткені…

Толығырақ ...

Діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ету мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 196 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр. "Діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ету мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 196 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді деп жоспарланған. Оның ішінде республикалық бюджеттен 144 және жергілікті бюджеттерден 52 млрд теңге қарастырылған", - деді Нұрдәулет Сүйіндіков.Бұл жөнінде бүгін ҚР Бас прокуратураның заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысында мемлекеттік бағдарламаны әзірлеген ведомствоаралық жұмыс тобының жетекшісі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz. Жұмыс тобы жетекшісінің айтуынша, барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының бірлескен жемісті жұмысының нәтижесінде бүгінгі күні мемлекеттік бағдарлама мен оны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеу толық дерлік аяқталған. Осы күні жобалар барлық 23 мемлекеттік органдармен келісілген.

Толығырақ ...

«Сырдария» университетінің «Жастар сарайында» «Ел болашағы жастардың қолында» атты тақырып аясында аудан әкімі Серік Ордабекұлы Тұрбеков ауданымыздың белсенді жастарымен кездесті. Басқосу алдында аудан басшысы С.Тұрбеков пен аудандық мәслихаттың хатшысы О.Дәндібаев қолөнер, инновация бойынша жасалған көрмемен танысты. Б.Момышұлы атындағы мектеп – гимназияның физика пәнінің мұғалімі Н.Альметова шәкірттерімен бірге жасап жатқан қоқыс қалдықтарынан электр қуатын және энергиясын өндіру бағытындағы ғылыми жұмыстарымен, сонымен қатар «Сырдария» университеті физика – математика кафедрасының профессоры Е.Ходжахметов те шәкірттерімен бірге бірге дайындап жатқан баламалы қуат көзі арқылы жел, күн энергиясын жинау бойынша тәжірибе істерімен таныстырды. Аталмыш оқу орнының химия – биология факультетінің деканы П.Абуразованың термостат арқылы бидай, арпа тұқымын, спектофотометр арқылы гүлдердің тұқымын өндіру, муфель пешінде 1000 градусқа дейін ыстықта шыны алу т.б. тәжірибелік жұмыстары көпшіліктің қызығушылығын туғызады. Сондай – ақ көрмеге қойылған «Сырдария» университетінің Үтіртөбеде жүргізген археологиялық қазба жұмыстарында табылған көне бұйымдар, микроскопты сандық видеокамерасы, электронды кітапхана, «Ел ертеңі Елбасымен бірге» кітаптар көрмесі және оқу орындары оқытушыларының ғылыми еңбектерімен көпшілік ынта қоя танысты.  Кездесуге жиналған көпшілікке «Жастар саясатын жүзеге асыру» жұмыстар барысы туралы бейне фильм тамашалады. Кездесу барысында Ынтымақ ауыл округі «Жастар орталығының» белсенді мүшесі Ә.Сарыбаев, Б.Момышұлы атындағы мектеп – гимназияның 11 сынып оқушысы А.Ысмайлова, «Тұран» гимназия мектебінің мұғалімі Ж.Ағманова, Әбдалиев ЖОМ жас маманы Б.Сейдалиевалар сөз сөйлеп,…

Толығырақ ...

Үкімет өткен жылы «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасын мақұлдаған болатын. Жоба бірнеше өзекті мақсатты көздейді. Біріншіден, елді саяси-әлеу­меттік маңызы бар жаңалықтармен неғұрлым жедел хабардар ету. Екіншіден, ақпараттық-желілік технологияны дамытып, отандық бұқаралық ақпарат құралдарын барлық жағынан жаңғырту. Үшін­шіден, осы шаралардың не­гізінде республиканың ақпа­рат­тық кеңістігін бәсекеге қабілетті ету. Ол үшін 2020 жылға қарай қазақстандық телеарналардың шетелдерге таралуына қол жет­кі­зу. Ал ғаламтордағы электронды басылым мен бұқаралық ақпарат құралдарының үлесі 95 пайызға, ел эфиріндегі отандық тележобалардың үлесі 60 пайызға көтеріледі. Сандық телевизия кеңінен енгізіліп, «Қазмедиа» ор­талығының инфрақұрылымы жетілдірілмек. Осы аса маңызды әрі күрделі  мұраттар мемлекеттік ақпараттық саясаттың өзекті мәселелеріне арналған жоғары деңгейдегі кеңесте де жан-жақты талқыланды. Қазақстандық телевизияның бү­гін­гі шығармашылық деңгейі еларалық бәсекеге сай емес. БАҚ және кино салалары, медиабизнес, телеарналардағы режиссерлік-операторлық қызмет, осы заманғы телетехника инженерлері, жаңа­ сипаттағы ақпарат құрал­да­рының менеджменттік және­ маркетингтік саясатын қалып­тас­тыратын кадрлар даярлау қол­ға алынбаған. Қазақстандық телеарналарды шетелдік арзан­қол­ды бағдарламалардың сәт­сіз көшірмелері жаулап алған. Кәсіби журналистер даярлау­ мәселесі ұмытылған. «Мәдениет», «Балапан», «Білім» арналары білікті мамандарға зәру. Ха­лықаралық тәжірибеге же­тік тележурналистердің  жоқ­ты­ғынан, шетелдер теле­ра­дио корпорация­ларымен шы­ғармашылық байланыс орнатылмай отыр. Біз олармен саяси, мәдени-рухани тақырыптарда сүбелі жобаларды бірге жасай алар едік. Аталған олқылықтардың орны толмай, «Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасында қарастырылған мақсаттарды жүзеге асыру мүмкін емес. Қыруар қаржы бөлініп енгізіліп жатқан «Сандық…

Толығырақ ...

    «Елімнің тағдыры – ме­нің тағдырым!» атты бүкіл­қазақ­стандық форум Оңтүстік Қазақстан облысында бірінші болып Кентау қаласында өтті. Қалалық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған шараны қала әкімінің орынбасары Әділ Әуелбеков ашып берді. – Форумның мақсаты – қаланың және тұтастай Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен жүйелі дамуына қомақты үлес қосқан Кентау қаласы тұрғындарының жетістіктерін жұртшылыққа таныстыру, кентаулықтардың тағдыры арқылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекет орнатудағы стратегиясының табыстылығын көрсету, – деді Әділ Арысбайұлы өз сөзінде. Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өткен салтанатты шарада елінің тағдырымен тағдырлас болған ел ағалары өмірлері мен өз салаларында жеткен жетістіктері жайында сөз етті. «Нұр Отан» ХДП Кентау қалалық филиалы төрағасының орынбасары Самат Расул, Кентау трансформатор зауытының экономикалық жос­парлау бөлімінің бастығы Саадат Көлбаева, Ұлттық каратэ-до шотакан федерациясының президенті, әрі татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Фарит Аюпов, қалалық бокс мектебінің директоры, Азия ойындарының жеңiмпазы, Әлем кубогының күмiс жүлдегерi Қанатбек Шағатаев, өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Хашим Абдуалиев, республикалық «Арай-2013» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері байқауының дипломанты Шынар Оңтуғанова осы кезеңге дейінгі ел тағдыры жөнінде көпшілікке кеңінен мәлімет берді. Жас әншілер Сержан Исаев «Көк тудың желбірегені», Бағлан Ибадулла «Жаса, Қазақстан», Бекжан Бердібай «Өз елім» әндерін орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Жастар «Ел тыныш, ел аман, Елбасымыз Нұрсұлтан», «Бірлігіміз жарасқан – Тәуелсіз Қазақстан» деп ұрандатып,…

Толығырақ ...

Page 4 of 5